Барлық мақалдар
Е әрпінен басталатын мақалдар
- Е, құдайым, би қыл, би қылмасаң, би түсетін үй қыл
- Ебептен себеп, балшықтан мұрат
- Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол - нағыз ұстаз. Л.Н.Толстой
- Егіз лаққа - айыр жусан
- Егілмеген жер жетім, елінен айрылған ер жетім
- Егілмеген жер жетім, елінен айырылған ер жетім
- Егіндікті күз суар. Күз суарсаң, жүз суар
- Егінші - мәрт, жер - жомарт
- Егінші жылда арманда, балықшы күнде арманда
- Едді сөкпе, кенді төкпе
- Еділ ел болып келгенге су болады едірейіп келгенге у болады
- Ежелгі жау ел болмас
- Ежелгі жауда елдік жоқ
- Екеу болса - жас аға, біреу болса - бөрік аға
- Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас
- Екпесең жер қысырайды, күтпесең көл қысырайды
- Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату
- Екі баланың арасындағы шал бала болады. Екі шалдың арасындағы бала дана болады
- Екі дүние - бір қадам
- Екі жақсы қосылса, ай мен күндей жарасар; екі жаман қосылса, ырылдасар, таласар
- Екі жақсы қосылса, айрылысуға қиыспайды, екі жаман қосылса, кең дүниеге сиыспайды
- Екі жақсы қосылса, бірін-бірі қиыспайды. Екі жаман қосылса, кең дүниеге сыйыспайды
- Екі жақсы қосылса, өлгенінше дос болады. Екі жаман қосылса, өлгенінше қас болады
- Екі жаман ауыл болмас, ауыл болса да, қауым болмас
- Екі жаман ауыл болмас, ауыл болса қауым болмас
- Екі жарты - бір бүтін
- Екі жас, екі жасқа желке менен жөргем де ас
- Екі жасты қосқанның сауабы бар, дос арасын ашқанның обалы бар
- Екі иығына екі үкі, басына бір үкі қадаған
- Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді
- Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді
- Екі көңіл арасы - жылшылық жер
- Екі кісі сыйласса, бір кісіге орын бар
- Екі кісі ығысса, бір кісілік орын бар
- Екі қарға таласса, бір құзғынға жем болар
- Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды
- Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас
- Екі құзғын таласса, бір қарғаға жем болар
- Екі молда - бір кісі, бір молда - жарты кісі
- Екі молдаға бір таба нан не болсын?
- Екі сұңқар таласса, бірқарғаға жемтүсер
- Екі тентек елге сыймас
- Екі тұйғын жабылса қаздың соры
- Екі тізгін, бір шылбыр
- Екіндіде ел тастама
- Ел - ырыстың кілті, ер - ырыстың қорғаны
- Ел ағасы іріткішіл болса, елін жауы шабар
- Ел ағасыз болмайды, су сағасыз болмайды
- Ел ағасыз болмас, көл жағасыз болмас
- Ел ағасыз болмас, су сағасыз болмас
- Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас, басшысыз елде береке болмас
- Ел ағасымен жарасады, киім жағасымен жарасады
- Ел алмаған орнында елу жыл жатады
- Ел аралаған сыншы болады, тоғай аралаған үйші болады
- Ел аузы - дуалы
- Ел аузына қақпақ болмайсың
- Ел барда, ер қор болмас, ер барда, ел қор болмас
- Ел батылын жасқамайды, момынын жұртқа тастамайды
- Ел болам десең, бесігіңді түзе
- Ел боламын десең, бесігіңді түзе
- Ел бұзылса, шайтан өрнек салады
- Ел даусыз болмайды, ер жаусыз болмайды
- Ел даусыз болмас, жер жаусыз болмас
- Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып істе
- Ел ебелек емес, ер көбелек емес
- Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы
- Ел жағалай қонбаса, айдын шалқар көл жетім, қаптай көшкен елі жоқ, құлазыған жер жетім
- Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті, аяқ асымен көрікті
- Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
- Ел көркі - мал, өзен көркі - тал
- Ел көшеді деп отыныңды тауыспа, жау келеді деп асыңды тауыспа
- Ел қадірін білмеген - зәнталақ, көл қадірін білмеген - дуадақ
- Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді
- Ел қадірін көрген біледі, жер қадірін жүрген біледі
- Ел қариясы - ел қазынасы
- Ел қонысын тапса, ер ырысын табады
- Ел қонысынан айырылса, ер қонысынан айырылады
- Ел құлағы - елу
- Ел құты - қария, жер құты - дария
- Ел мақтаған жігітті кыз жақтаған
- Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды
- Ел мен ел қосылады, тау мен тау қосылмайды
- Ел мен ел қосылады,тау мен тау қосылмайды
- Ел мен жер егіз
- Ел намысы - ер намысы
- Ел не демейді, есек не жемейді?
- Ел сүйгендей досың болсын, жер сүйгендей қосың болсың
- Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас
- Ел ұрысыз болмас, жер бөрісіз болмас
- Ел үмітін ел ақтар. ер атағын ел сақтар
- Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар
- Ел үшін еркек кіндік құрбандық
- Ел шетіне жау келсе, арыстандай айбарлы, батырлардың бары игі
- Ел іші - алтын бесік
- Ел іші - береке, көп ісі - мереке
- Ел іші - өнер кеніші
- Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы
- Ел-елдің түбі бір, ер-ердің тілегі бір
- Ел-жұртыңның қадірін іс түскенде білерсің. Сары тонның қадірін, қыс түскенде білерсің
- Елге бай құт емес, би құт
- Елге дұшпан жерге сыймас, жерге дұшпан елге сыймас
- Елде болса ерінге тиер, ауылда болса ауызға тиер
- Елде болса, ерінге тиеді, ауылда болса, ауызға тиеді
- Елдестірмек - елшіден, жауластырмақ - жаушыдан
- Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды
- Елдің ерлігі ерінен танылар, елдің байлығы жерінен танылар
- Елдің көркі ерімен, жердің көркі шөбімен
- Елдің күші - елу батпан
- Елмен көгерген еленбес
- Елсізде ит те жолдас
- Елу жылда ел жаңа, жүз жылда - қазан
- Елуде - ел ағасы
- Елуінде - ер дана, елуінде - ел жаңа
- Елуінде ер дана, елу жылда ел жаңа
- Елшіге өлім жоқ
- Елшінің қылышы - тіл
- Елін сатып асаған, екі күн-ақ жасаған
- Елін сүйер сеніңіз, өз отбасын сүйе алған
- Елінен безген ер болмас, көлінен безген қаз болмас
- Елінен безген оңбайды, көлінен безген қонбайды
- Елің - панаң, жерің - анаң
- Елің еміренсе, сен тебірен
- Елің жаман болса, бір жақсыны сағала, атың жаман болса, ақ текенің мүйізімен тағала
- Елің сені елесе, еңбегіңнің жанғаны, елің сені шенесе, көз қырына алғаны
- Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан
- Емен ағаштың иілгені - сынғаны, ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені
- Енесі тепкен құлынның еті ауырмас
- Ең ақылды адам - ел билеуден аулақ болған адам
- Ең тәтті де - тіл, ең ащы да - тіл
- Еңбегіне қарай, өнбегі
- Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар
- Еңбек - адамның көркі, адам - заманның көркі
- Еңбек - ширатады. Өмір - үйретеді
- Еңбек - ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы
- Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін. Жоқшылық деген жебірді жермен-жексен ететін
- Еңбек ептілікті сүйеді
- Еңбек ерлікке жеткізер. Ерлік елдікке жеткізер
- Еңбек ет те мақтан, ойнап-күл де шаттан
- Еңбек ет те, міндет ет
- Еңбек етем десең ерінбе, өнер үйренемін десең жерінбе
- Еңбек етпесең, елге өкпелеме, егін екпесең, жерге өкпелеме
- Еңбек етсең - емерсің
- Еңбек етсең ерінбей, қарның тояр тіленбей
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
- Еңбек пен бақыт егіз
- Еңбек түбі - береке. Көптің түбі - мереке
- Еңбек түбі рақат
- Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады. Еріншек ұйқыдан қирап тұрады
- Еңбекпен ер өседі, егізден төл өседі
- Еңбексіз құраған дәулет, емсіз жабықсан дертпен тең
- Еңбектен қашпа, ырысыңды шашпа
- Еңбектеп жылжысаң да ертеңге ұмтыл
- Еңкейгенге еңкей, атаңның қара құлы емес
- Еңкейгенге еңкей, атаңның қара құлы емес. Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес
- Епті жігіт қалыңсыз қатын алады
- Ер - елімен, гүл - жерімен
- Ер - елінде, гүл - жерінде
- Ер - намысының құлы
- Ер арыса - аруақ, ат арыса - тулақ
- Ер бала - он үште отау иесі
- Ер бала ата-анасына таяу, қыз бала - үйге жаққан бояу
- Ер басына күн туса, ереуіл атқа ер салар
- Ер болсаң, бопсаға шыда
- Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі
- Ер дәулеті - еңбек
- Ер екі айтса - ез, хан екі айтса - қатын
- Ер елімен жақсы, жер кенімен жақсы
- Ер еңбегіне бір тойсын
- Ер есімі - ел есінде
- Ер жолдасы - тәуекел
- Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі
- Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі
- Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы
- Ер жігіт не көрмейді, ер көңіл не бермейді
- Ер жігіт не көрмейді, ер көңілі не бермейді
- Ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы
- Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ
- Ер жігітке өлімнен ұят күшті
- Ер жігіттің: аты жақсы болса - бір бақыт, жары жақсы болса - бір бақыт
- Ер кезегі үшке дейін
- Ер көбелек емес
- Ер көрмеймін деген жерін үш көреді, ат баспаймын деген жерін үш басады
- Ер қадірін ер білер, зер қадірін зергер білер
- Ер қазынасы - жүрген із, ел қазынасы - көне көз, тіл қазынасы - ескі сөз
- Ер қанаты - ат
- Ер қартайса, қазаншы болады, бүркіт қартайса, тышқаншы болады
- Ер қартайса, қазаншыл болады, бүркіт қартайса, тышқаншыл болады
- Ер қаруы - бес қару
- Ер қозғалса, жер көтермес ауыр бар, жел қозғалса, қарлы боран дауылы бар
- Ер қолында мал тұрмайды, елек ішінде су тұрмайды
- Ер қуаты қаруы
- Ер мойнында қыл арқан шірімейді
- Ер мойнында қыл арқан шірімес
- Ер мойынында қыл арқан шірімес
- Ер сүрінбей, ел танымас. Ат сүрінбей, жер танымас
- Ер сыйлаған есікке отырмас
- Ер татулығы - ел татулығы
- Ер шекіспей (өліспей) бекіспейді
- Ер шекіспей бекіспейді
- Ер шекіспей, бекіспейді. Ер тарықпай, молықпайды
- Ер-азамат белгісі: түзде - мырза, үйде - құл
- Ерге дәулет бітерде, қарға салса, қаз алар. Ерден дәулет кетерде, лашын салса, аз алар
- Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ
- Ерден аспақ болса да, елден аспақ жоқ
- Ерден безсең де елден безбе!
- Ерден ердің қаупы бар
- Ерді кебенек ішінде таны
- Ерді қорлама састырар, асты қорлама құстырар
- Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді
- Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер
- Ердің жасы - екі елу
- Ердің күйін сұрама, жұрттан сауын сауған соң. Малдың күйін сұрама, қоынысынан ауған соң
- Ердің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы
- Ердің сыншысы - елі
- Ердің ісі елдің мойнында, елдің ісі ердің қолында
- Ердің ісін ауыр қылма, сәйгүлікті жауыр қылма
- Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды
- Ерегісте ер өлер, екі батыр егессе, екеуінің бірі өлер
- Ережесіз ойын жоқ
- Еркек қой бұралқы болмас
- Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді, әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді
- Еркектің жаманы, қатынын жамандар. Елдің жаманы, батырын жамандар
- Ерлі-байлы ұрысар да, керісер, көрісер де келісер
- Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі
- Ерлігі бар елге жағар. Айласыз батыр алдырар
- Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті
- Ерлік білекте емес, жүректе
- Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық
- Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық
- Ерте тұрған жігіттің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық
- Ерте тұрған өкінбес
- Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады
- Ертеңгі асты өзің іш, түскі асты түстенгішпен бөліп іш, кешкі асты жиналып көбің іш
- Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама
- Ертеңгі күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай күйін. Кешкі күн құлақтанса, келінің ұл тапқандай сүйін
- Ертеңін ойламаған еркектен без
- Еруліге - қарулы
- Ерінбеген, елекпен су ішеді
- Ерінбегеннің саулығы егіз, қозысы семіз
- Ерінен айрылған көмгенше жылайды, елінен айрылған өлгенше жылайды
- Ерінен айырылған көмгенше жылайды, елінен айырылған өлгенше жылайды
- Еріншек егіншіден елгезек масақшы озады
- Еріншек қатынның етегі жыртық, ерке қатынның ерні тыртық
- Еріншек қатынның етегі жыртық; ерке қатынның еріні тыртық
- Есек құлағының ұзындығына мақтанар, есалаң жүзінің қызылдығына мақтанар
- Есек мінген ат сұрамайды, балық жеген ет сұрамайды
- Есек семірсе иесін тебеді
- Есекке алтын ноқта тақсаң да, есек болады
- Есекке үкі таққандай, итке жабу жапқандай
- Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған келеді
- Есенің де есесі, есектің де шешесі бар
- Есеп білген ұтылмас
- Есепсіз дүние жоқ
- Есептемегенге бәрі түгел
- Есепті дос айрылмас
- Есепті дос айырылмас
- Есепші болмай, бай болмас, есер болмай, ер болмас
- Есепшінің есебі кісесінде
- Ескі айда есіркеп, жаңа айда жарылқа
- Ескі байдан жұрт қалмас, жаңа байдан шөп қалмас
- Ескі киімнің биті ащы, жетімнің тілі ащы
- Ескі мешітке көкек азаншы, есі кеткен ауылға есек азаншы
- Ескі сөз жаңа сөздің қазығы
- Ескіге жаңа өлшеуіш, жаманға жақсы өлшеуіш
- Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды
- Естіген құлаққа жазық жоқ
- Естімеген елде көп
- Есі бүтін елден кетпес
- Есі бүтін елден шықпайды. Елінің қырын жықпайды
- Есі кеткен ешкі жинар, ешкі жинап есін жияр
- Есік алдында төбе болса, ерттеп қойған атпен тең
- Есік көргенді алма,бесік көргенді ал
- Есіктен ергенек кетсе, иттен иба кетеді
- Есіктен кіріп «төр менікі» деме, ылдидан келіп «өр менікі» деме
- Есіктен орын тапсаң төрге ұмтылма
- Есіктен орын тапсаң, төрге озба
- Есім ханның ескі жолы, қасым ханның қасқа жолы
- Есің бар да елің тап, есер болмай, етек жап
- Есің барда елің тап
- Есің барда еліңді тап
- Есің кетсе ешкі жи, ешкі жиып, есті жи
- Ет - етке, сорпа - бетке
- Ет асса, нан қалмайды
- Ет дәмділігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім
- Ет дегенде бет бар ма?
- Ет жемесең ет жеме, етегіңді жап, құдағи
- Ет жемесең түсіңе кіреді, жесең тісіңе кіреді
- Ет тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім
- Еттің бәрі қазы болмас, иттің бәрі тазы болмас
- Еттің соры - қуырдақ, ұнның соры - бауырсақ
- Етігің тар болса, бұл дүниенің кеңдігінен не пайда?
- Ешкі қырыққан сайын бір өледі
- Ешкі сойып жесең, бір күндік, сауып ішсең, мың күндік
- Ешкінің пірі - сексек ата
- Ештен кеш жақсы