Ерлік білекте емес, жүректе
Ұқсас мақал-мәтелдер
- Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді
- Айлалы батыр алдырмас
- Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес. Айтулы ерге оқ тисе, қиналғанын білдірмес
- Ақыл ердің қорғаны
- Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура бол
- Алыс жол атты сынайды, ауыр жол ерді сынайды
- Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ
- Ат басына күн туса, ауыздығымен су ішер. Ер басына күн туса, етігімен су кешер