Барлық мақалдар
Ж әрпінен басталатын мақалдар
- Жабағы тайды қорлама жазға шықса, ат болар, жас жігітті қорлама жұртына ертең бас болар
- Жабайы шөп егінді аздырар, еріншектік ерді аздырар
- Жабыны жауға мінбе жалы бар деп, жаманмен құда болма малы бар деп
- Жағасы - жайлау, төсі - қыстау
- Жаз сайға қонба, қонба қырға қонба
- Жаз сайға қонба, қыс қырға қонба
- Жазғы етте жасық жоқ, қымыз аста қасық жоқ
- Жазғытұрым жел жардай атанды жығар
- Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар
- Жаздың бір күні қыстың мың күніне татыр
- Жаздың бір күні, қыстың мың күні
- Жазмыштан озмыш жоқ
- Жазым болса, быламыққа да тіс сынады
- Жайдақ су жай ағады
- Жайды білмеген жақыннан, жайды білген жат артық
- Жайылып төсек, жазылып жастық
- Жақсы - ай мен күндей - әлемге бірдей
- Жақсы - суы тәтті көлмен тең, жаман - желі қатты шөлмен тең
- Жақсы адам - жұрттың ырысы
- Жақсы адам елдің ырысы, жақсы сөз жанның тынысы
- Жақсы адам жолдасынан белгілі
- Жақсы адам жолдасынан танылғы
- Жақсы адам қартайса, жазып қойған хаттай, жаман адам қартайса, бықсып жанған оттай
- Жақсы адам қартайса, жазып қойған хаттай. Жаман адам қартайса, бықсып жанған шоқтай
- Жақсы адам тауып сөйлейді, жаман адам қауып сөйлейді
- Жақсы адам туса - көптің ырысы, жазғы жаңбыр жауса, көктің ырысы
- Жақсы адамда жаттық жоқ, тәуекелдің көңілі жоқ
- Жақсы адамның жасын сұрама, жақсы аттың тісін қарама
- Жақсы ақынның тілі - бал. (Шәкәрім)
- Жақсы алдында жалдырарсың, жаман алдында тарынарсың
- Жақсы арына құл, жаман малына құл
- Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын
- Жақсы ат - жанға серік, жақсы ит - малға серік
- Жақсы ат пен жақсы жігіт көптікі
- Жақсы атқа бір қамшы, жаман атқа мың қамшы
- Жақсы аттан жал кетсе де, әл кетпейді
- Жақсы аттан жығылса, жаман табашы болады
- Жақсы аттың жалын сақтағанша, жақсы жігіттің арын сақта
- Жақсы атын мақтар, жаман қатынын мақтар
- Жақсы атың «мәңгіге қалсын» десең, сүрінгенді сүйеп қой
- Жақсы әйел - жарты иманың
- Жақсы әйел - теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас
- Жақсы әйел - үйдің берекесі, жаман әйел - елдің келекесі
- Жақсы әйел - ырыс, жаман әйел - ұрыс
- Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады, жаман еркек жақсы әйелді жер қылады
- Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді. Жаман әйел жақсы еркекті жүдетеді
- Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық
- Жақсы әке жездедей-ақ
- Жақсы әкенің аты жаман балаға қырық жыл азық
- Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер
- Жақсы бала - сүйік, жаман бала - күйік
- Жақсы болсаң жаның көп
- Жақсы болсаң жердей бол, бәрін шыдап көтерген; таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген
- Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас
- Жақсы дос үшін жан пида
- Жақсы досқа жақсы мал бер
- Жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас
- Жақсы жатырқамайды, аңқау алдамайды, әңгі тыңдамайды
- Жақсы жер жан тынысы, жақсы өнер жігіт ырысы
- Жақсы жерге жатсаң - жақсы-жақсы түс көрерсің. Жаман жерге жатсаң - жаман-жаман іс көрерсің
- Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көрерсің
- Жақсы жердің кадірін қожасы емес құл білер
- Жақсы жолдас ерттім дегенше, жарты жолдан өттім де
- Жақсы жолдас сыр шашпас
- Жақсы жүрген жеріне кент болар, жаман жүрген жеріне өрт салар
- Жақсы жігіт жер шолып, ақыр түбі айналар
- Жақсы ит өлігін көрсетпейді
- Жақсы келін - қызындай, жақсы күйеу - ұлындай
- Жақсы көргенін мақтап жүрер, жаман көргенін даттап жүрер
- Жақсы көрер тамырдың, атын алма, тайын ал
- Жақсы көрші - саяң, жаман көрші - шаян
- Жақсы көрші болсаң, мақтар, жаман көрші болсаң, даттар
- Жақсы көрші тапқаның - мол олжаға батқаның
- Жақсы кісі қартайса да, ақылынан танбас, жақсы ат қартайса да, жүрісінен танбас
- Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады
- Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай, жаман қартайса, бықсып жанған оттай
- Жақсы құрбы келгенде, көңілде кір қалар ма? Жақсы әзілсіз сөз шырағы жанар ма?
- Жақсы қыз ـ жағаңдағы құндыз
- Жақсы қыз - жағадағы құндыз, жақсы жігіт - көктегі жұлдыз
- Жақсы қыз - жағадағы құндыз, жақсы жігіт - төбедегі жұлдыз
- Жақсы қыз біреу келсе, есік ашар, жаман қыз біреу келсе, төрге қашар
- Жақсы қыз жарылмаған қауын
- Жақсы лепес - жарым ырыс
- Жақсы мұраптың соңынан су ереді, жаман мұраптың соңынан шу ереді
- Жақсы ниет - жарым ырыс
- Жақсы сөз - жарым ырыс
- Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді
- Жақсы сыйлағанның құлы, жаман қорыққанның құлы
- Жақсы таз басын жасырмайды, жақсы әйел асын жасырмайды
- Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар
- Жақсы туса елдің ырысы, жаңбыр жауса жердің ырысы
- Жақсы іске келді, жаман асқа келді
- Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды. Жаманға берсең асыңды, итке тастар басыңды
- Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды, жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды
- Жақсыда жаттық жоқ
- Жақсыда жаттық жоқ, жаманда жақындық жоқ
- Жақсыда кек жоқ
- Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер. Жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер
- Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз
- Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз
- Жақсыдан қалған сөз олжа, тоқтыдан туған қозы олжа, ойнастан туған ұл олжа
- Жақсыдан қашпа, жаманға баспа
- Жақсыдан үйрен
- Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
- Жақсылық еткен, алғыс алады
- Жақсылық зая кетпейді, жамандық пайда етпейді
- Жақсылық қылсаң халыққа, бір қайырымын аларсың. Жамандық қылсаң халыққа, жапанда жалғыз қаларсың
- Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа
- Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер, жаманмен жолдас болсаң, басың кетер
- Жақсымен жүрсең, жақсы боларсың. Жаманмен жүрсең жын ұрып, бақсы боларсың
- Жақсымен сауда қылсаң, керіс болмас, жаманмен сауда қылсаң, тегіс болмас
- Жақсыменен дос болсаң - күнде базар, жаманменен дос болсаң - көңілің азар
- Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, батырмын деп мақтанба, жеңіп қайтпай
- Жақсымын» деп мақтанба, халық айтпай, «Батырмын» деп мақтанба, барып қайтпай
- Жақсыны жамандасаң, аруағы тасады. Жаманды жамандасаң, құты қашады
- Жақсыны жатқа санама, аласаны атқа санама
- Жақсыны көрмек үшін
- Жақсыны көрмек үшін, сұлуды сүймек үшін
- Жақсының айтқаны келмейді, жаманның сандырағы келеді
- Жақсының аты өлмейді, ақынның хаты өлмейді
- Жақсының басына іс түссе, отбасына білдірмейді. Жаманның басына іс түссе, отбасын күлдірмейді
- Жақсының жаны - жаннат
- Жақсының күнде бір үйі кеңиді. Жаманның күнде бір үйі кемиді
- Жақсының өзі өлгенмен сөзі өлмейді
- Жақсының сөзі - жырмен тең, жаздағы жаңбыр нұрмен тең
- Жақсының үйі мен түзі бірдей
- Жақын таласса, жатқа жем
- Жақынға жаны ашымағанның бір беті қара, жолдасына жаны ашымағанның екі беті қара
- Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады
- Жақынның жаманын мақтама, көршіңнің ала жібін аттама
- Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін
- Жалақ кісі тілінен жазар, таз кісі қолынан табар
- Жалған достан жау артық
- Жалған жолдас - көзіңе мақтар, сырт айналып, сойылын баптар
- Жалған жолдас көзіне мақтар, сырт айналып, сойылын баптар
- Жалғыз ағаш орман болмас, жалғыз кірпіш қорған болмас
- Жалғыз ағаш пана болмас, жалғыз биеден саба болмас
- Жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз жігіт би болмас
- Жалғыз баласы атқа шапса, атасы ауылда тұрып тақымын қысады
- Жалғыз батыр, жауға жоқ, жалғыз жігіт дауға жоқ
- Жалғыз жаңқа жанбайды, жалғыздың ісі оңбайды
- Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар?!
- Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас
- Жалғыз жігіт басына іс түссе, ақылынан адасады, сасқанынан қырық құмалақ алып, бал ашады
- Жалғыз жігіт би болмас, жалғыз ағаш үй болмас
- Жалғыз иттің үргені білінбес, жалғыз адамның жүргені білінбес
- Жалғыз қаздың үні шықпас, жалғыз қыздың мұңы шықпас
- Жалғыз мая қайымас, жалғыз жігіт байымас
- Жалғыз сөйлеген жігіт шешен
- Жалғыз тары ботқа болмас, ботқа болса, жұртқа болмас
- Жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық
- Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, табағы жетпейді
- Жалғызға ұжмақ та жараспайды
- Жалғыздық - бір тәңірдің сыбағасы
- Жалғыздың жары - құдай
- Жалғыздың жолы тар, жалшының қолы тар
- Жалғыздың қалі - мүшкіл, дәмі - қышқыл
- Жалғыздың таңы атпас, жалғызға үйдің иті жатпас
- Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас
- Жалғыздың ісі бітпес
- Жалпы адамзат қоғамының жаңа нәсілінің, асыл нәсілінің өкілі болуға жараған буындар туды дей аламыз
- Жаман ағайын бар болса, көре алмайды, жоқ болса, бере алмайды
- Жаман адам кетсе, дүние кеңіп қалғандай. Жақсы адам кетсе, дүние кеміп қалғандай
- Жаман адам мақалшыл, жаман ешкі сақалшыл келеді
- Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас
- Жаман айтпай жақсы жоқ
- Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас
- Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас
- Жаман атқа жал бітсе, жаныңа торсық байлатпас
- Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық
- Жаман ауруға жақсы ас
- Жаман ашса көрмес, айтса білмес
- Жаман әйелдің мінезі қиық келер, сөзі сұйық келер
- Жаман болса алғаның, шын досың да шеттейді
- Жаман дос жауыңмен бірге шабады
- Жаман достан жақсы дұшпан артық
- Жаман жаңбыр жаумай су болады
- Жаман жасаққа жарамайды, желінсау қосаққа жарамайды
- Жаман жолдас белгісі - көкқұтандай кекиіп шекесінен қарайды
- Жаман жолдастан мықты таяқ
- Жаман жолдастан мықты таяқ артық
- Жаман жолдастан таяғым артық
- Жаман жолдастан, жақсы дұшпан артық
- Жаман жігіт той бұзады, жаман әйел үй бұзады
- Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды
- Жаман көзден, жалған сөзден сақтан
- Жаман көрші көңіліңді қалдырар, жақсы көрші жұлдызыңды жандырар
- Жаман күйеу - қайыншыл
- Жаман күшіктің атын бөрібасар қояр
- Жаман қазақ орыс бола алмайды
- Жаман қатын алғанның жауы үйінде. Екі қатын алғанның дауы үйінде
- Жаман қатын байына жалғыз атын сойғызар; жақсы қатын жолдасын жоқтан құрап тойғызар
- Жаман қой ісегінде қартаяды
- Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді
- Жаман қоныстан жақсы жүріс артық
- Жаман қорыққанын сыйлайды
- Жаман қыз қаймақшыл, жаман ұл аймақшыл
- Жаман қыз төркіншіл, жаман күйеу қайыншыл
- Жаман өзен өткел бермес, жаман кісі көпке ермес
- Жаман сайға су түссе, өткел бермес көшуге, жаман кісіге мал бітсе сусын бермес ішуге
- Жаман сайдың суы тасыса өткел бермес. Суы бардың - буы бар
- Жаман сөз - жанға кірген тікен, жақсы сөз - таптырмайтын ем
- Жаман туғаның болғанша, жақсы жолдасың болсын
- Жаман түске де - садақа, жақсы түске де - садақа
- Жаман ұры жақындағысын қармайды
- Жаман үйдің қонағы билейді
- Жаман ішкен-жегенін айтады, жақсы көрген-білгенін айтады
- Жаманға ошақтың үш бұты, үш айлық жол
- Жаманға сырыңды айтпа, сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа
- Жаманға сырыңды айтсаң жарға жығады
- Жамандықты жасырма, жаманды басыңнан асырма
- Жамандықты көп қуған бір пәлеге жолығар. Жақсылықты көп қуған бақ, дәулетке молығар
- Жамандықты көп қусаң, құтылмас пәле жолығар, жақсылықты көп қусаң, бақ-әулетің молығар
- Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз
- Жаманнан жарты аяқ ас қалады
- Жаманнан жартыаяқ ас қалады
- Жаманнан қарыз алсаң, тар жерде жаныңды қысар
- Жаманның айтқаны келмейді, сандырағы келеді
- Жаманның айтқаны келмейді, сандырақтағаны келеді
- Жаманның ақылы түс ауған соң кіреді
- Жаманның аттан құлағаны да жаман
- Жаманның ойыны жаман шошқаның мойыны жаман
- Жаманның үсті су болса, кеппестей көрер; жаман адамға мал бітсе, кетпестей көрер
- Жамаулы киім де жаңбырға жарайды
- Жан - денеге қонақ, денені демеген - тамақ
- Жан ауырса, тән азады, қайғы басса, жан азады
- Жан жарасына уақыт емші
- Жан қимақ бар, жар қимақ жоқ
- Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын
- Жаным-арымның садағасы
- Жаным» десе, жан семіреді
- Жанымды алмаған ауру, жанымның садағасы
- Жанын аямаған жау алады, малын аямаған дау алады
- Жаңа айдан жақсылық
- Жаңа айдан жаңсылық
- Жаңа байдан қалтаң қалмайды, ескі байдан талтаң қалмайды
- Жаңа дос келгенде, ескі достың, көзінен жас шығады
- Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын. Ол әрқашанда сенімді
- Жаңадан байыған жақынын танымас
- Жаңбыр бір жауса, терек екі жуады
- Жаңбыр жауса, жарлының жаны жадырайды
- Жаңбыр жауса, жерге сый, жігіт туса, елге сый
- Жаңбырдан қашқан бұршаққа кез болар. Жаңбыр өзін селге санайды, құдық өзін көлге санайды
- Жаңбырдың басы - тамшы, арты - қамшы
- Жаңбырлы болса - жердің ырысы, жақсы туса - елдің ырысы
- Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер
- Жаңбырменен жер көгерер, еңбекпенен ел көгерер
- Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ болмас
- Жапа шегіп, жай жату жасықтықтың белгісі, ерте жатып, кеш тұру пасықтықтың белгісі
- Жапалақ мақтанса, «Жерден қоян алдым» дер. Жаман мақтанса, «Жақсының жағасынан алдым» дер
- Жапалақ мақтанса, жардан қоян алдым дер. Жаман мақтанса, жақсының жағасынан алдым дер
- Жаптым жала, жақтым күйе
- Жапырағы қамқадай, топырағы торқадай
- Жарақтыда жау жолықпас
- Жарамды жігіт жұртына олжа салар. Жарамсыз жігіт жұртына қауға салар
- Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық
- Жарлы болсаң да, арлы бол
- Жарлы деп сөкпе, пайғамбарға тілің тиеді, жалғыз деп сөкпе, құдайға тілің тиеді
- Жарлыға берген садақа құдайға қарыз бергенмен бірдей
- Жарлымен құда болғанша, баймен барымталас бол
- Жарлының ақшасын жаман тауар құртады
- Жарлының аузы аққа тисе, мұрны қанайды
- Жарлының байлығы - дәнінің саулығы
- Жарлының байлығы - денінің саулығы
- Жарлының бір тойғаны шала байығаны
- Жарлының жайын жарлы біледі, жарлы білмесе, сорлы біледі
- Жарлының жалғыз тоқтысын қасқыр жейді
- Жартыны жарып жеген - татулықтың белгісі
- Жарылғанды жау алар, бөлінгенді бөрі жер
- Жас кезімде бейнет бер қартайғанда дәулет бер
- Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер
- Жас күнде кімді көрсең - бәрі дос
- Жас қымыздың қызуы түске шейін, желігі кешке шейін
- Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей, егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей
- Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей; қартайғанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей
- Жастың жүрген жері - мереке, қарттың жүрген жері - береке
- Жастың тілегі, қарттың батасы қабыл
- Жасы кіші ініні ақылы асса, аға түт. Жасы үлкен ағаны жақсы сыйлап, жаға тұт
- Жасы кішіні ақылы асса аға тұт
- Жасы кішінің, ақылы асса, аға тұт
- Жасық адам жасына жетпей қартаяр, асыл адам жасына жетпей марқаяр
- Жасыл желек жердің көркі
- Жасында байқары жоқтың жасы жеткенде айтары жоқ
- Жасында көргені жоқтың өскенде айтары жоқ
- Жасыңда жалықпасаң - қартайғанда тарықпайсың
- Жасыңда қылжың болсаң, өскенде мылжың боларсың
- Жасыңда салақ болсаң, бара - бара былық боларсың
- Жат асыңа қарайды, дос басыңа қарайды
- Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол
- Жат елдің қаршығасынан, өз еліңнің қарғасы артық
- Жат жердің қаршығасынан, өз еліңнің қарғасы артық
- Жат үйінде жатық бол
- Жатақ елде жау көп
- Жатқа жалшы жүргізген жарлылықтың салдары. Жабағы-тай мінгізген жаяулықтың салдары
- Жатқан жапа көреді, жүрген опа көреді
- Жатқан тастың астына су бармайды
- Жау атыспай беріспейді
- Жау болжаусыз, ажал болжаусыз
- Жау да бір, жыртқыш аң да бір
- Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады
- Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында
- Жау жоқта - батыр көп, дау жоқта - ақыл көп
- Жау жоқта жарақ коп, жау келгенде таяқ та табылмас
- Жау жоқта жарақ көп, жау келгенде таяқ табылмас
- Жау кеткен соң қыдышыңды тасқа шаппа
- Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап
- Жау қожандап бұртиып, дос құбылып әуре етер
- Жау сырыңды алса, қырыңды алар
- Жау төнгенде батыл бол, дау төнгенде ақыл бол
- Жауға - жалынба, досқа - тарылма
- Жауға - мылтық, досқа - ынтық
- Жауға барсаң, кесерді ал, дауға барсаң, шешерді ал
- Жауға жаның ашымасын
- Жауға жаның берсең де сырыңды берме
- Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме
- Жауға қойыңды қалдырсаң да, сойылыңды қалдырма
- Жауға қырыңды берсең де, сырыңды берме
- Жауда да бір үйің болсын
- Жауда қалған бұлбұлдан отанға қайтқан ит артық
- Жаудан жақындық іздеме
- Жауды аяған жаралы
- Жауды көрсе, ердің жүзі қызарар, жауға кірсе, жердің жүзі қызарар
- Жауды күшті деме, ерлік етсең - жығасың. Тауды биік деме, талап етсең - шығасың
- Жауды санап соғыспайды, қойды санап тоғытпайды
- Жаудың сырын жау білмес
- Жауымның дәлдеп салған найзасынан, досымның саусағымен шерткені ауыр
- Жауын бар жерде қақтың қадірі жоқ. Қауын бар жерде ақтың қадірі жоқ
- Жауынгер сапта ойнасын, ағын су жапта ойнасын
- Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді
- Жауың тышқан болса, арыстан деп қара
- Жауыңды басындырма, халқыңды ашындырма
- Жаяу қонақ тыныш ұйықтар
- Жаяуға таяу жер де алыс
- Жаяудың жүрісі өнбейді, жалғыздың бір ісі өнбейді
- Жаяудың несібесін атты жемес
- Жеген - тоқ, ішкен - мәз
- Жегіп жегін, ексең егін, ішерсің тегін
- Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды
- Жел - дауылдың шақырушысы
- Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады
- Жел тұрды десе, үйіңе арқан сал. Жау келді десе, қолыңа қылыш, қалқан ал
- Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды
- Жел түбі азық, жекен түбі қазық
- Желауыз адамға, сыр айтпа, жебір ауыз адамға, мұң тайпа
- Желген желісін біледі, жортқан жүрісін біледі
- Желді қуған жоғалар, жолды қуған оңалар
- Жемес жерде ет бар, ішпес жерде су бар
- Жемес жерде от бар. Ішпес жерде су бар
- Жемісті ағаш жер бауырлап өседі, жетелі жігіт ел бауырлап өседі
- Жемісті ағаштың басы төмен
- Жеңген ит желкесінен талайды
- Жеңілген елде желке жоқ
- Жеңілген күреске тоймайды
- Жеңілсе дұшпан - достық қыл
- Жеңім жаман болса да, жағам жақсы; өзім жаман болсам да, ағам жақсы
- Жеп жарымаған, ішіп жарымайды
- Жер _ ана, ел - бала
- Жер - ана, мал - бала
- Жер - ел ырысы
- Жер - жеті қат, аспан - алты қат
- Жер - қазына, су - алтын
- Жер - қазына, су - гауһар
- Жер - таусылмайтын қазына
- Жер - ырыстың кіндігі, білім - ырыстың тізгіні
- Жер - ырыстың кіндігі, еңбек - ырыстың қазығы
- Жер адамның бесігі, ел бақыттың есігі
- Жер алған - ер, жер сатқан - қара жер
- Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты
- Жер астында жатқанды қазбай-ақ қарап тіл табар. Қойын-қойын сырынды түбінде келіп шын табар
- Жер астында жатқанды, қазбай, қарап тіл табар
- Жер асыңнан жемес асың көп болсын
- Жер байдікі, су сайдікі
- Жер байлықтың анасы болса, әкесі - еңбек
- Жер байлықтың көзі, еңбеккер иесінің өзі
- Жер бауыры жазық
- Жер берігінде қосың болсын, ел берігінде досың болсын
- Жер дауы мен жесір дауы бітпейді
- Жер дегенің алтын қасық кертіп жесең де таусылмас
- Жер екеш жер де ауырады
- Жер жастанып, су сүйеніп жүрген
- Жер қазына, су - алтын, мал - байлық
- Жер құнары - саз
- Жер сатып алмай тұрып суын сұра, үй сатып алмай тұрып көршісін сұра
- Жер таусыз болмас, ел хансыз болмас
- Жер таусыз, ел хансыз болмас
- Жер тоймай, ел тоймайды
- Жер төбесіз, ел төресіз болмайды
- Жер шежіресі - ел шежіресі
- Жерге берсең - жер, бермесең - қара жер
- Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды
- Жерге еткен жақсылық жерде қалмас
- Жерге түскен гүл болар, отқа түскен күл болар
- Жерге түскен жетімдікі
- Жерде жетім жыласа, әуеде періште тітіркенеді
- Жерден жеті қоян тапқандай
- Жердің сәні - егін, ердің сәні - білім
- Жерсіз ел тұл, елсіз жер тұл
- Жері байдың - елі бай
- Жеріне қарай, егін ек, жолына қарай жегін жек
- Жерінен ауғанға жеті жыл қоныс жоқ
- Жесір қатынға жалшы айғыр
- Жет қырлы балықты, сегіз қырлы жігіт алады
- Жетерін білсең, жей тұр
- Жеті атасын білмеген - жетесіз
- Жеті атасын білмеген ұл жетесіз
- Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл
- Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас
- Жеті қарақшыны таныған адам, жетіқараңғы түнде адаспайды
- Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас
- Жеті рет өлшеп, бір рет кес
- Жетіге келгенше,бала жерден таяқ жейді
- Жетіқарақшыны таныған, жеті түнде адаспас
- Жетім бала жеті күлшеге тоймас
- Жетім бала кекшіл
- Жетім бала өз кіндігінен өседі
- Жетім балаға жеті бидай да тамақ
- Жетім баланың еншісі - жоғалған тай
- Жетім баланың еншісі - қотыр тай
- Жетім жетіге дейін таяқ жейді
- Жетім көрсең, жебей жүр, жесір көрсең, демей жүр
- Жетім қозы емеген
- Жетім қозы маңырауық
- Жетім қозы сүтке тоймас
- Жетім қозы тасбауыр, түңілер де отығар
- Жетім қозы түртіншек
- Жетім қыздың алпыс анасы бар
- Жетім қыздың жеңгесі көп
- Жетім қыздың тойындай
- Жетім өз кіндігін өз кеседі
- Жетім, жетім демеңіз, жетімнің ақысын жемеңіз
- Жетімге ауыз берген құдай нәпаха да береді
- Жетімге жеті бидай да тамақ
- Жетімге жүгінбе, жесірге кіжінбе
- Жетімді желе, жесірді еле
- Жетімді жылатпа
- Жетімнің жегені - желім, ішкені - ірің
- Жетімнің көңілі жарты
- Жетімнің қарны жетеу
- Жетімнің тапқанын ит жер
- Жиен ел болмас, желке ас болмас
- Жиен мыңнан, күйеу жүзден үлкен
- Жиен неге ел болмайды, малы болса; желке неге ас болмайды, майы болса
- Жиен неге ел болмасын жайлы болса, желке неге ас болмасын майлы болса
- Жиеннің назары жаман
- Жоғалған пышақтың сабы алтын
- Жоққа - салауат, барға - қанағат
- Жоққа жүйрік жетпейді
- Жоқты бар десең - құт болар, барды жоқ десең - жұт болар
- Жоқтық жомарттың қолын байлайды
- Жоқтың артын ашады
- Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар
- Жол азабы - көр азабы
- Жол ақысы - жүру, кісі ақысы - беру
- Жол анасы - із
- Жол болмайды асусыз, той болмайды шашусыз
- Жол жаман болса, атаң да сүрінеді, атан да сүрінеді
- Жол жолдасың қыдыр болсын
- Жол қадірін жүрген біледі
- Жол мен жолаушы, қонақ жайлы
- Жол сұраған кісі адаспайды, жөн сұраған кісі жаңылыспайды
- Жол сұрамай жолға түспе
- Жол үлкендікі, жүк түйенікі
- Жолаушы азығы жолда
- Жолаушы пірі - баба қайып
- Жолаушыны жол сынайды
- Жолаушыны жол, шеберді қол асырайды
- Жолаушыны сусындатпай тұрып, бұйымтайын сұрама. Алыс сапар, алғашқы адымнан басталады
- Жолаушының азығы жолында
- Жолаушының ақысы - жүрсе өнеді
- Жолаушының кешіккеніне сүйін
- Жолаушының үлеспеген есебі бар
- Жолбарыс жұлқынса, жонынан от шығады
- Жолға шықсаң сайлан, бес қаруыңды байлан
- Жолға шықсаң, азығыңды мол ал
- Жолға шықсаң, жолдасыңды сайлап шық
- Жолда жатқан жантақты алып таста, жолаушыға кірмесін сенен басқа
- Жолдан алған жолда қалады
- Жолдан қосылған жолдас болмайды
- Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас
- Жолдасты жол айырады
- Жолдастының жолы кең
- Жолдасы көптің - олжасы көп
- Жолдасыжоқ жігіттің - олжасы жоқ
- Жолдасын таппаған ер азады, басшысын таппаған ел азады
- Жолдасын таппаған ер азады, қордасын таппаған жер азады
- Жолдасын тастаған - жолда қалар
- Жолдасың бұзық болса, сенің түзіктігің қайсы?
- Жолдасың жақсы болса, жолым ұзын деме. Жолдасың жаман болса, қолым ұзын деме
- Жолдасың жаман болса, алыс жүріп түн қатпа. Қатының жаман болса, кісі алдында тіл қатпа
- Жолдасың көп болса, жалғызбын деме
- Жолдасың соқыр болса, сен де бір көзіңді қысып қой
- Жолдасыңның жоғын қарас: табылса жоғына жақсы, табылмаса көңіліне жақсы
- Жолмен жүрсең, жортып жүр, жортып жүрсең, жол өнер
- Жолы болар жігіттің желі оңынан тұрады
- Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан
- Жолың болмайын десе алдыңнан өр кездеседі. Атың құлап, арылмас сор кездеседі
- Жора-жолдас не керек, жауға бірге шаппаса? Арғымақ мініп не керек, жабыдан озып, артпаса?
- Жортушының басы жолда қалады
- Жортуылшының басы жолда қалады
- Жуан жіңішкергенше, жіңішке үзілер
- Жуанның жіңішкерер, жіңішкенің үзілер шағы
- Жуас түйе жүндеуге жақсы
- Жуастан жуан шығады
- Жұғын бар жерде шыбын бар, шыбын бар жерде шығын бар
- Жұмсақ ағаш құртқа жем, жуас адам жұртқа жем
- Жұмсақ ағаш құртқа жем, жұмсақ адам жұртқа жем
- Жұмыла көтерген жүк жеңіл
- Жұмыртқадан жүн қырыққан
- Жұпарды жасыра алмайсың
- Жұрт ауызы - уәлі
- Жұрт бойдаққа қалды, жүк тайлаққа қалды
- Жұрт дегенде жұмылып, ел дегенде егіліп
- Жұрт жаманға қалды, жүк тайлаққа қалды
- Жұрт көргендей қалаң болсын, жұт білгендей балаң болсын
- Жұрт өтірік айтпайды, жоқ өтірік айтады
- Жұртқа қолыңды жайғанша, жұрттан жұрқа терген артық
- Жұртпен жүрген жүдемес
- Жұртты жеген жарымас
- Жұрттың жүргені басылмай иттің үргені басылмас
- Жұртымның жұртында қалайын
- Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз
- Жұтаған ел - жұртын мақтайды, ашыққан ел - құртын мақтайды
- Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді
- Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес
- Жүз сом ақшаң болғанша, жүз жолдасың болсын
- Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар
- Жүзден біреу - шешен, мыңнан біреу - көсем
- Жүзді айдап, бірді жетелеген
- Жүздің көркі - сақал, сөздің көркі - мақал
- Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл
- Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын
- Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады
- Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады
- Жүйрік ат - бірде ат, бірде қанат
- Жүйрік атқа жел қамшы
- Жүйрік аттың сауырын берік алар
- Жүйріктен жүйрік шықса, аяғы тыпыр-тыпыр етер
- Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды
- Жүйріктің шашасына шаң жұқпайды
- Жүк ауса жазыдан, той төрелігі - қазыдан
- Жүн жеп, жабағы тышқан
- Жүргенге жүргем ілінеді
- Жүре - жүре арық қазсаң, күле - күле су ішерсің
- Жүре берсең, көре бересің, көре берсең, көне бересің
- Жүрек - ер, бас - кемеңгер
- Жүрместен бұрын, жолыңды байқа, киместен бұрын, тоныңды байқа
- Жүрсең саяқ, жерсің таяқ
- Жығылған күреске тоймас
- Жығылған сүрінгенге күледі
- Жығылған үстіне жұдырық
- Жығылғанға жұдырық
- Жығылсаң нардан жығыл
- Жығылып жатып қисайғанға күлме
- Жыл деген ат басын бұрғанша, ай деген аунап тұрғанша
- Жыл деген ат басын бұрғанша, ат деген аунап тұрғанша
- Жылай - жылай арық қазсаң, күле - күле су ішерсің
- Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды
- Жылан жалағандай
- Жылан шаққан адам ала жіпті аттамайды
- Жыланға түк біткен сайын, қалтырауық болады. Жаманға мал біткен сайын, бақырауық болады
- Жыланды үш кессе де кесіреткелік әлі бар
- Жыланның тілі айыр, жылан мінезді адамның сөзі айыр
- Жыланның уы басында, бейқамның жауы қасында
- Жылататын да,жұбататын да сөз
- Жылқы - малдың патшасы
- Жылқы - малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы
- Жылқы құлыңнан көбейер, ақша тиыннан көбейер
- Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек. Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек
- Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ
- Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ
- Жылқының пірі - қамбар ата
- Жылқының сүті - шекер, еті - бал
- Жылтырағанның бәрі алтын емес
- Жылы - жылы сөйлесең, жылан інінен шығады
- Жылы киім тәнді жылытар, жылы сөз жанды жылытар
- Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады
- Жындының ісін істеме
- Жыртық тесікке күледі
- Жыртық үйдің де құдайы бар
- Жібек мінезді жігіт жұртқа жағады. Жылан мінезді жігіт жұртта қалады
- Жібекті түте алмаған жүн етеді
- Жібекті түте білмеген жүн етер, қызды күте білмеген күң етер
- Жігіт болсаң, шоқ бол, шоқ болмасаң, жоқ бол
- Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын
- Жігіт жақсысын жолда таны
- Жігіт көркі - өнер
- Жігіт көркі - сақал, базар көркі - бақал
- Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат
- Жігітке жетпіс өнер де аз
- Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес
- Жігітке жеті өнер де аз
- Жігіттен сабыр кетсе, қыздан қадыр қашады
- Жігітті шешенсінген дауда сына, есерді батырсынған жауда сына
- Жігіттің жақсылығын жұрты білер
- Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы
- Жігіттің сорлысын, жылқының жолдысы теңейді
- Жігіті жүзге жеткен елді, жүзі қара кемітер
- Жіп жіңішке жерінен үзіледі