Барлық мақалдар
Ы әрпінен басталатын мақалдар
- Ылдисыз өр болмайды, табыссыз ер болмайды
- Ымды білмеген, дымды білмейді
- Ынсап, ұят, терең ой - асыл зейнет ойлап қой
- Ынтымақ - бұзылмайтын қорған, қосылып еккен ағаш - орман
- Ынтымақ қосып ел болып жұрт жасаған тірлікті айт!
- Ынтымақ түбі - игілік
- Ынтымақ түбі - игілік, тірлік, тірлік түбі - бірлік
- Ынтымақсыз елді - ұрысы билейді. Ынтымақты елді - дұрысы билейді
- Ынтымақты елге ешкім жетпес, ынтымағы кетсе, өкініші кетпес
- Ынтымақты үйдің бағы бар, ынтымақ кетті, бақ кетті
- Ыржақой қызға тыржақой, ыржық қызға тыржық күйеу
- Ырылдарсың қаппассың, менен жақсы таппассың
- Ырыс алды - ынтымақ
- Ырыс қашса да, туыс қашпайды
- Ырысын молдан пішкеннің мұртын балта кеспес
- Ысқырған жылан шақпайды, үреген ит қаппайды