Барлық мақалдар
Ұ әрпінен басталатын мақалдар
- ҰБТ-деген үлкен сынақ, одан өтер білімді азамат
- Ұзынсыз қысқа болмас, үлгісіз ұста болмас
- Ұйқы деген дұшпан бар, жолдан, істен қалдырар, тұла бойды талдырар, дұшпаныңа алдырар
- Ұйымдасқан ұтады
- Ұқпас құлаққа айтқан сөз, оқпанға құйған сумен тең
- Ұқыптының тоны тозбас, ұқыпсыздың ісі оңбас
- Ұл орнындағы ту, қыз ـ айдындағы қу
- Ұл туса күн, қыз туса ай туады
- Ұл ұяға, қыз қияға
- Ұлға отыз үйден тыйым, қызға қырық үйден тыйым
- Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат
- Ұлтарақтай болса да, ата қонысы жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат
- Ұлық болсаң - кішік бол
- Ұлықсыз жұрт - бассыз дене
- Ұлың жақсы болса, қонысың кеңейеді
- Ұлың өссе қанат болар, қызың өссе жанат болар
- Ұлың өссе ұлы жақсымен,қызың өссе қызы жақсымен ауылдас болғын
- Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол
- Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол
- Ұлың үйленсе - ырысың, қызың орын тапса - өрісің
- Ұрлық түбі - қорлық
- Ұрлық, ұрлықтың түбі қорлық
- Ұры - бір түнде бай, бір түнде кедей
- Ұры - қарының серігі
- Ұры - қасық, ел - теңіз
- Ұры басқаның малын жейді, өзінің арын жейді
- Ұры басынып ұрлайды
- Ұры қасын жейді, саудагер досын жейді
- Ұры малға байымайды, қомағай асқа жарымайды
- Ұры өз малын жейді
- Ұры өле-өлгенше ақпын дейді
- Ұры тойғанша жеп, өлгенше қарғанады
- Ұры түн асқанша, бөрі қыр асқанша
- Ұрыға мал көп
- Ұрыға мал құтаймас
- Ұрылық - жұқпалы дерт
- Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаларсың, бөрімен жақын болсаң, қораға шабарсың
- Ұрыны қарақшы ұрлайды
- Ұрының арты қуыс
- Ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ халықты асырар
- Ұрыстың мерейі - ерлік, ырыстың мерейі - бірлік
- Ұста пышаққа жарымайды, етікші етікке жарымайды
- Ұста пышаққа жарымас, етікші бізге жарымас
- Ұстаған жерде қолы, тістеген жерде тісі қалады
- Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек. В.О.Ключевский
- Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін. Серке қожамқұлов
- Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады
- Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек в. Маяковский
- Ұстаздан шәкірт озар
- Ұстазы жақсының ұстамы жақсы халық даналығы
- Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт халық даналығы
- Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла
- Ұсталы ел озар, ұстасыз ел азар
- Ұстамен жақын болсаң ұстарасын аларсың. Мүттайыммен жақын болсаң пәлесіне қаларсың
- Ұстаны соққан пышағынан таниды
- Ұстаны соққан пышағынан танисың
- Ұшарын жел, қонарын сай біледі
- Ұшқан құс, жүгірген аң - бәрі тамақ
- Ұяда нені көрсе,ұшқанда соны іледі
- Ұялған тек тұрмас
- Ұялмаған бұйырмағанды жейді
- Ұялмаған өлеңші болады
- Ұялмас бетке талмас жақ береді
- Ұят бар жерде иман бар