Барлық мақалдар
Ү әрпінен басталатын мақалдар
- Үзіп жеген үнемге жатпайды
- Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды
- Үй иесі - ұл, төр иесі - қыз
- Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар
- Үй менікі демеңіз, үй сыртында кісі бар
- Үй ішінен жау шықса, тұра қашып құтылмассың
- Үйге дәуіт кірсе, құт кіреді
- Үйге келген қонаққа үйдей өкпе айтпа
- Үйде бір күн ұрыс болса, қырық күндік ырыс кетеді
- Үйде оңбаған, түзде де оңбаған
- Үйде оңбаған, түзде де оңбайды
- Үйде шешен - дауға жоқ, үйде батыр - жауға жоқ
- Үйдегі есепті базардағы сауда бұзады
- Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады
- Үйдің жылы-суығын, қыс түскенде білерсің. Ағайынның алыс-жақынын іс түскенде білерсің
- Үйрене алмаған ұстазынан көреді
- Үйреніскен жау атыспаққа жақсы
- Үйінде асы бардың берер батасы бар
- Үйінен қырық қадам ұзап шыққан адам - мүсәпір
- Үйің жаман болса, күйің жаман
- Үйірі басқаны ноқта қосады, атасы басқаны неке қосады
- Үйірінен айрылған айғыр ат болады, көңілді қалдырған ағайын жат болады
- Үкісіз қыз болмас, тікенсіз гүл болмас
- Үлкен бастар, кіші қостар
- Үлкен пышақ - ұялғаннан өтеді
- Үлкенге - ізет, жасқа - жол
- Үлкенді сыйлау - кісілік
- Үлкеннің жолын кеспе, көрінбей қаласың. Кішінің жолын кеспе, көмусіз қаласың
- Үмітсіз - шайтан
- Үндемеген үйдей пәледен құтылады
- Үндемес ауызда пәле бар, екі ұртында шала бар
- Үндемесең, құдаша, үнің өшсін, өткір қайшы сумаңдап тіліңді кессін
- Үргедек бұрын өледі
- Үрерге иті, сығарға биті жоқ
- Үркер - жұлдыздардың ағасы
- Үркер жерге түспей жер қызбайды
- Үркер мен ай ауыл-үй қонысты, үркер мен ай тоғысты
- Үркер туса, сорпа да ас
- Үркер үйден көрінсе, үш айдан соң жаз болады
- Үркерлі айдың бәрі қыс
- Үркерлі айдың бəрі қыс
- Үш ағайынды жігіттің, отарында малы бар. Екі ағайынды жігіттің қотанында талы бар
- Үш рет жұтаған байда, үш рет шабылған ханда қазына қалмайды