У әрпінен басталатын мақалдар
- У ішкен бір өледі, ант ішкен мың өледі
- У ішсең - руыңмен
- Уайым түбі - тұңғиық, батасың да, кетесің. Тәуекел түбі - желқайық, мінесің де, өтесің
- Уайым түбі теңіз,батасың да кетесің, тәуекел түбі желқайық, мінесің де өтесің
- Уақыт - көшкен керуен
- Уақыт - қадірін білгенге қазына, білмегенге быламық
- Уақыт керуеніне бөгет жоқ
- Уақыт тас екеш тасты да тоздырады
- Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені