Барлық мақалдар
Т әрпінен басталатын мақалдар
- Табақ асымен жарасты, кәрі жасымен жарасты
- Табақ тамағымен жарасты, батыр жарағымен жарасты
- Табалдырықтан биік тау жоқ
- Табаны қышыған ит керуенге өреді
- Табиғат жер байлығы, батырлар ел байлығы
- Табы бірдің - тәңірі бір
- Табын - табын малыңмен емес, қатар - қатар қосыңмен емес - ақ адал досыңмен мақтан
- Тағдыр - тәңірдің ісі
- Таз ашуын тырнаумен алады
- Таз таранғанша той тарқар
- Таз таранғанша, той тарқайды
- Таза болсаң, судай бол бәрін жуып кетірген. Жақсы болсаң, жердей бол бәрімізді өсірген
- Тазалығы қатынның тарағынан белгілі. Батырлығы батырдың жарағынан белгілі
- Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі
- Тазша бір іс істейді, құдай оны қолдаса
- Тай атқа, ат мұратқа жеткізер
- Тай мінген балаға жарасар
- Тай тулап үйірінен кетпес
- Тақ пен бақ егіз
- Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар; жаманға сырыңды айтсаң, тар жерде айғақ болар
- Талабы жоқ жас - қанаты жоқ құс
- Талабы жоқ жас ұлың жалыны жоқ шоқпен тең
- Талабы таудай
- Талап - талмас қанат
- Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас биікке ұшпай
- Талапты ерге нұр жауар
- Талаптыға нұр жауар
- Талқы - елге пайда, тамшы - жерге пайда
- Талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда
- Тамақ тоқ, көйлек көк
- Тамақтан өткеннің бәрі тамақ
- Тамұқты көрмеген ұжмақтың қадірін білмейді
- Тамыр тартқан - тарықпас
- Тамыры берген түйеден, тәңір берген тоқты артық
- Танымайтын жердің ой-шұқыры көп
- Танымас, танымасын сыйламас
- Таң атайын демейді күн қоймайды, күн батайын демейді түн қоймайды
- Таң атпайын десе де, күн қоймайды
- Таң атпайын десе, күн қоймайды
- Таң атпайын десе, күн қоймайды, өтірікті қуалап, шын қоймайды
- Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды
- Таңғы асты тастама
- Таңғы нәсіп - тәңірден
- Таңдаған тазға жолығады
- Тар жерде табысқан, кең жерде келіседі
- Тар киім - тозғақ
- Тар киім тез тозады
- Таразыдан жеген бақа болады
- Тарта жесең, тай қалар, қоя жесең, қой қалар, қоймай жесең, не қалар?
- Тары түйіп көже асқан - тапшылықтың белгісі, кісен сап, ат байласқан сақшылықтың белгісі
- Тас әулие, тастай жанды балқытатын ас әулие
- Тас қадақ болғанмен тамақ болмайды
- Тас құмыра тамшыдан толады
- Тас түскен жеріне ауыр
- Таспа, тасыған су да қайтар
- Таспен атқанды аспен ат
- Таспен атқанды аспен ат. Асты түскен кезінде жейді. Егінді піскен кезінде орады
- Таспен ұрғанды, аспен ұр
- Таста тамыр жоқ, төреде бауыр жоқ
- Тастай батып, судай сіңді
- Тасты бассаң кетілер, сазды бассаң жетілер
- Тасын ала берсе, тау да таусылады
- Тату болсаң, табақ қатынайды
- Тату үйде тақсырет болмас
- Тату үйдің тамағы тәтті
- Татуға - тіл, сұлуға - сұқ
- Татулық табылмас бақыт
- Тау айналмайды, тас айналады
- Тау баласы тауға қарап өседі (Тұманбай)
- Тау белгісі тас болар, бай белгісі ас болар, азған елдің белгісі - біріне-бірі қас болар
- Тау бұлағымен сәнді, көл кұрағымен сәнді
- Тау кезеңсіз болмас, өлке өзенсіз болмас
- Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады
- Тау мен тасты су бұзады, азаматты сөз бұзады
- Тау мен тасты су бұзар, екі досты сөз бұзар
- Тау мен тастысел бұзар, адам затты сөз бұзар
- Тауға сүйенген таудай пәледен аман қалады
- Тауда туған құлынның екі көзі таста, ашаршылықта туған баланың екі көзі аста
- Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер
- Таудың басын көр де, түбіне барма; жақсының өзін көр де, үйіне барма
- Таудың биіктігін төбе аңғартады, маяның биіктігін көде аңғартады
- Таудың жолына түспе, жаудың қолына түспе
- Таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас
- Таулы жердің қыраны көп
- Таумен тасты су бұзар, ел арасын қу бұзар
- Тауы жоқ болса, тасқа қорлық. Жеушісі жоқ болса, асқа қорлық
- Тауық түсінде тары көрсе, түлкі түсінде тауық көреді
- Тауықтың түсіне тары кіреді
- Тауына қарай тоғайы, шошқасына карай торайы
- Тауына қарай тоғайы, шошқасына қарай торайы
- Тауындағы түлкіні бабындағы бүркіт ғана алады
- Таяқ тайға жеткізер, тай құнанға жеткізер
- Таяқтың екі ұшы бар
- Тәні саудың - жаны сау
- Тәнім - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы
- Тәңір асыраған тоқтысын қасқыр жемейді
- Тәңірі асыраған тоқтыны қасқыр жемейді
- Тәрбие - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің құлы
- Тәттіден де тәтті тіл, ащыдан да ащы тіл
- Тәуекел - көзсіз батылдық
- Тәуекел ет те, тас жұт, ажал жетпей өлмек жоқ
- Тәуекел ет те, тас жұт, ажалың - Алладан
- Тәуекел тау жығады
- Тәуекелсіз іс бітпейді, тәуекел етпеген арықтан өтпейді
- Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, тәуелдінің ырысы жарымайды
- Тегі жаман тойда тонын сұрар
- Тегі жаман тойда: тонымды бер! - дер
- Тегінде бар тегі озар
- Тек жүрсең - тоқ жүресің
- Тек жүрсең, тоқ жүрерсің
- Тексіз адам қонағына тесіле қарайды
- Тексіздік - тілсіздіктен
- Тектімен достас, тексіз доспен қоштас
- Телміріп алған теңгеден, тер төгіп тапқан теңге жұғымды
- Темірді қызған кезде соқ
- Темірді от, ағашты мөр, адамды сөз балқытады
- Тентек - жұртқа тентек, өзіңе мақұл
- Тентек - жұртқа теріс, өзіне дұрыс
- Тентек молда - телмірген өгіз
- Тентек шоқпар жинайды
- Тентекке тіл жаңғырады
- Тентекті тентек десең, бөркі қазандай болады
- Тентектің есі-дерті - бұзу, текенің есі-дерті - сүзу
- Тең теңімен, тезек қабымен
- Теңге - тиыннан, ынтымақ - ұйымнан
- Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер
- Теңін тапса, тегін бер
- Тер шықпаған аурудан дерт шықпайды
- Терек - жапырағымен, денең шүберегімен сұлу
- Терең құдықтың суы тәтті
- Тесік моншақ жерде қалмайды
- Тесік моншақ жерде қалмас
- Тисе терекке, тимесе бұтаққа
- Тоғай аралаған үйші болады
- Тоғыз жолдың торабы сайрақ
- Тоғыз қабат торқадан, тоқтышағымның терісі артық
- Тоғыз қатынның толғағы бір келді
- Тозған елді там жияр
- Тозған қазды топтанған қарға алады
- Той - тәңірдің қазынасы
- Той - тоқшылық нышаны
- Той әнмен ажарлы, өлім өксумен азалы
- Той десе, қу бас домалайды
- Той қызығы - көкпар
- Той сылтауымен тон бітер
- Той сылтауымен тон бітті
- Той тамағы - тәтті
- Той тарқағанда қынаңды төбеңе қой
- Той тондыға жарасады, ас аттыға жарасады
- Тойға барған да арманда, бармаған да арманда
- Тойға барсаң, бұрын бар, бұрын барсаң, орын бар
- Тойға барсаң, тойып бар, бар жұмысты қойып бар
- Тойға барсаң, тойып бар, жамандығыңды қойып бар
- Тойған ас түске жетпес, пейіл естен кетпес
- Тойған қыз төркінін танымас
- Тойған үйге тоғыз кел
- Тойда тоқал тыйылады
- Тойда тоныңды сұрама
- Тойда төрелік, ойында өрелік жоқ
- Тойдың болғанынан, боладысы қызық
- Тойдың тамашасын бақпа, тағылымын бақ
- Тоймай ішкен асың құрысын
- Тоймай ішсең, көршіңнің көңілін аулайсың. Тойып ішсең, бұтаның түбін аулайсың
- Тойсаң тоба қыл
- Тоқ адамды ұйқы басады, аш адамнан ұйқы қашады
- Тоқ қонақты сыйлау оңай
- Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылыпты
- Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлақтан айырылыпты
- Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты
- Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер. Тоқалы күшті болса, бәйбіше байдан безер
- Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түиіні бар
- Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар
- Тоқты сойған тоқалдар, шөміш алып қоқаңдар
- Тоқты тоймас, шөміш кеппес
- Тоқтығында жараспаған, аштығында қараспайды
- Тоқтылы қойлық зықысы шығыпты
- Толықсып аққан дария - мейірбанды қария
- Топ көрмеген - қорғаншақ, топта озбаған - қызғаншақ
- Топтанып ұшқан торғайға тұрымтай да бата алмас
- Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар, бұршақ жауса, басын қорғар
- Торғай жаңбыр жауса, баласын қорғайды; бұршақ жауса, басын қорғайды
- Торғай жаңбыр жауса, баласын қорғар
- Торқалы той, топырақты өлім
- Торқалы той, тұмарлы жүйрік
- Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады
- Төбелеске бергісіз араша бар, ағайынға бергісіз жанаса бар
- Төре - төр иесі
- Төренің тілі тәтті, діні қатты
- Төркін десе - қыз төзбейді, көкпек десе - түйе төзбейді
- Төркінге сенгеннің төбесі тесік
- Төркіні жақынның төсегі жиылмас
- Төркініне сенгеннің төбесі - жарық
- Төрт аяқтыда бота тату, адам баласында бажа тату
- Төрт тұрманы түгел бай, тырнақтай тарту алады
- Төртеу түгел болса - алар, алтау ала болса - алдырар
- Төртеу түгел болса төбедегіні алады
- Төс - күйеудің, құймышақ - қыздың сыбағасы
- Төсекте бас қосылған, төскейде мал қосылған
- Төсектің тарлығы - тарлық, көңілдің тарлығы - қорлық
- Туа білмейді, жүре біледі
- Туа мүкіс жазылмас
- Туған ай - тураған етпен бірдей
- Туған ай, тураған етпен тең
- Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз
- Туған елің болмаса, тумай-ақ қойсын күн мен ай
- Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың
- Туған жер - тұғырың, туған тіл - қыдырың
- Туған жер-алтын бесік
- Туған жерге туың тік
- Туған жерде пайда бар, өз жеріңдей қайда бар?
- Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас
- Туған жердің ауасы да шипа
- Туған жердің ауасы да шипа, туған жердің жуасы да тәтті
- Туған жердің ауасы да шипа. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
- Туған жердің жуасы да тәтті
- Туған жердің жусаны жұпар
- Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
- Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің
- Туған жердің тасы да таныс
- Туған жердің түйе жейтін жапырағы да, түйе аунайтын шаңдақ топырағы да дәрі
- Туғанда алтау едік, өле-өле жетеуміз
- Туғанына бұрғаны - биді құдай ұрғаны
- Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ
- Тура тілді тия алмадым, туғаныма сия алмадым
- Туыс - атадан, көрші - Алладан
- Туысы бірдің - уысы бір
- Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас, үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас
- Тұлпар желіде танылады
- Тұлпар түбін табады
- Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі
- Тұлпардың ізі бітпейді, тұяғы кетпейді
- Тұмау аяғы - құрт, тұман аяғы - жұт
- Тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды
- Тұттаған сөзді қолдаған, мұхаммедке үмбет емес
- Тұяқты тұяқ жібермейді
- Түгел сөздің түбі бір, сөз атасы - майқы би
- Түгел сөздің түбі бір, түп атасы майқы би
- Түгін тартса, түбінен май шығады
- Түз тағысы - табиғатпен тілдес
- Түйе - батыр, шөл даладан өткенде. Жігіт - батыр, еліне жау жеткенде
- Түйе - дала кемесі
- Түйе - түлік басы
- Түйе - түлік төресі
- Түйе атасы - нар, ағаш атасы - шынар
- Түйе бақтым - түйме тақтым
- Түйе бойына сеніп құр қалыпты
- Түйе көп болса, жүк симас
- Түйе көп болса, жүк сыймайды
- Түйе қартайғанда көшегіне ереді
- Түйе майы - түгел май, шұбатын кертіп іш
- Түйе мінген құдайға жақын
- Түйе сойған жиыннан тоқты сойған той артық
- Түйе тұзға келеді, жігіт қызға келеді
- Түйе тұзға келер, күйеу қызға келер
- Түйе ұрлаған да ұры, түйме ұрлаған да ұры
- Түйенің танығаны - жантақ
- Түймең түссе, түйедей әзіл айтады
- Түйін-түйін сырынды түбіңде келіп шын ашар
- Түйір нан - тамшы тер
- Түлкі алған итте сын болмас
- Түлкіні түлен түрткенде тойлы ауылға кездесер. Қасқырда қас қылмайды жолдасына
- Түн болма, күн бол
- Түңгі клубтың гүлі болғанша, бауырларыңа үлгілі бол
- Түріне қарама, қасиетіне қара
- Түс - түлкінің боғы
- Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз
- Түскі асқа түстік жерден келеді, кешкі асқа күндік жерден келеді
- Түстік өмірің болса, кештік білім жи
- Түсі келіспей, ісі келіспес
- Түсі тәуірден түңілме
- Түсініспесе, төрт түлік жат
- Тыймаған ауызда пәле бар
- Тымырсық болса, ер оңбас, тонға жатса мал оңбас
- Тынбаған дау жаман, қайта шапқан жау жаман
- Тыңдамаса - сөз жетім
- Тырнадан би қойсаң, басыңнан қиқу кетпейді
- Тыста ұзақ жүргенің - ұзақ өмір сүргенің
- Тышқан көп жылы - тоқшылық, қоян көп жылы - жоқшылық
- Тышқан көтін көріп жаралы болыпты
- Тігіншіні инесі асырайды
- Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме
- Тікен кірсе жаныңа тілмен сылап аларсың. Тікенектің зардабын гүлмен бұлап жазарсың
- Тікен өскен жерге тікенек шығады, гүл өскен жерге гүл шығады
- Тікеннен - гүл, заһардан - бал
- Тіл - буынсыз, ой - түпсіз
- Тіл - бұлбұл, сөз - бұлақ
- Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ. (Шәкәрім)
- Тіл - достықтың алтын көпірі
- Тіл - елшінің қылышы
- Тіл - көңілдің кілті, көңілдің тілмәші
- Тіл - ойдың шындығы
- Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ
- Тіл - тиексіз
- Тіл - тіліп түсер наркескен, сөз - өткір жебе тау тескен
- Тіл - ұлттың жаны
- Тіл - шекер, бала - кетер, байлық - бекер
- Тіл ақылдың - өлшемі
- Тіл дәмдіні ұнатар, көз әрліні ұнатар
- Тіл ерді қабырға салады, нарды қазанға салады
- Тіл ерді қабірге салар, нарды қазанға салар
- Тіл жүйрік емес, ой жүйрік
- Тіл жүйрік емес, шын жүйрік
- Тіл жүйріктен де озады
- Тіл қаруы - сөз
- Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой
- Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын
- Тіл қылыштан өткір
- Тіл мәртебесі - ел мәртебесі
- Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді
- Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады
- Тіл тәтті, бауыр қатты
- Тілге шешен, іске мешел
- Тілде тиек жоқ, ауызда жиек жоқ
- Тілдінің тілінен сақтан, сөздінің сөзінен сақтан. Көздінің көзінен сақтан
- Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, қас шешендер сөз айтар
- Тіленшіге жел қарсы
- Тілмен байланған қолмен шешілмейді
- Тілмен тікен де алады
- Тілсіз жерде тіршілік жоқ
- Тілі екеудің ділі екеу
- Тілі жеткенше сөйлеген - шешен, қолы жеткенше нұсқаған - көсем
- Тілі өлген ел - тірі өлген ел
- Тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт
- Тілін білмеген түбін білмейді
- Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт
- Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір
- Тіріге - сәлем, өліге - бата
- Тіріде жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ
- Тіріде сыйласпаған, өліде жыласпайды
- Тіріде сыйласпаған, өліде жылыспайды
- Тірілігіміздің билігі «Арқар» ұранды төреде. Өліміміздің билігі «Алдияр» ұранды қожада
- Тіс - тілдің қамалы
- Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің, анық достың қадірін зарыққанда білерсің
- Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас