Барлық мақалдар
Ш әрпінен басталатын мақалдар
- Шабан үйрек бұрын ұшар
- Шабыспақ оңай, табыспақ қиын
- Шағала келмей жаз болмас, шаңған болмай боз болмас
- Шағала келмей жаз болмас, шаңқан келмей, боз болмас
- Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды
- Шай, шай ішсем, көңілім жай
- Шайдан басқа асым жоқ, құдайдан басқа досым жоқ
- Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма
- Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар боларсың
- Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың
- Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ
- Шақырусыз тойға барғанша, шарығыңды ки де, қойға бар
- Шақырылмаған қонақ сыпырылмаған жерге отырады
- Шала молда шарт етер
- Шалбары жоқтың ойынан алты кез бөз кетпес
- Шалды шақыр, асыңа келсін, шалдығына күл, басыңа келсін
- Шалқайғанға шалқай, ол пайғамбардың ұлы емес. Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес
- Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес
- Шалқайғанға шалқай, төбең көкке жеткенше. Иілгенге иіл, басың жерге тигенше
- Шапқанда байдың ұлы, тоқтағанда есіңе түсер
- Шапшаң жүрсең шаң жұқпас
- Шапшаңдықтан қашпа, аптығуға баспа
- Шариғат - ағып жатқан бұлақ, бұрынғының сөздері - жағалай біткен құрақ
- Шариғаттың шарты - иман
- Шаруа түбі - кеңес, сауда түбі - келіс
- Шаруа түбі - кеңес, саудагершілік түбі - егес
- Шаштараз сақал түзетер, өнерпаз шаһар түзетер
- Шашу - оңай, жинау - қиын
- Шәкіртсіз ұста - тұл
- Шәкіртсіз ұстаз - тұл. Алтын алма, білім ал
- Шәкіртсіз ұстаз тұл
- Шәкірті жоқ ұстаз - мылқау ұстаз. Ыбырай жақаев
- Шәр кітапты оқысаң, әр кітапты оқырсың
- Шебердің қолы - ортақ, шешеннің тілі - ортақ
- Шебердің қолы көпке ортақ
- Шегірткеден қорыққан егін екпес
- Шеткі ауыл көшсе, ортаңғы ауыл шет болар
- Шетте жүрсең тарығарсың, туған елді сағынарсың
- Шешендік күші - шындық
- Шешеннің нақылы ортақ, көсемнің ақылы ортақ
- Шешеннің сөзі - мерген, шебердің көзі - мерген
- Шешеннің сөзі ортақ
- Шешеннің тілі - шебердің бізі
- Шешесін көріп қызын ал
- Шешесіне қарап қызын ал, аяғына қарап асын іш
- Шешінген судан тайынбас
- Шиқан үстіне қотыр
- Шоқысқыш қоразға шыр бітпес
- Шошқа тағаладың ба?
- Шошқаға ерген - балшыққа аунар
- Шөбі жоқ деп жерден түңілме, мал бітпес деп ерден түңілме
- Шөлде жүрген шөл таныр, жолда жүрген жол таныр
- Шөлде құдық қазған бір сауап, өзенге көпір салған бір сауап, таңырға ағаш еккен бір сауап
- Шөлдің қамысы болмайды. Жаманның намысы болмайды
- Шөлмек мың күн сынбайды, бір күн сынады
- Шөлмен жүрсең де, жолмен жүр, жол көлге, көл елге аларады
- Шөп те басынан қурайды
- Шөре-шөре дегенді лақ білмес болар ма, мезіреті қылғанды қонақ білмес болар ма?!
- Шыбын да балға қонады
- Шыбынның басына бақ қонса, самұрық келіп сәлем береді
- Шығасы шықпай, кіресі кірмейді
- Шығысы жаман қамысты су ішінен өрт шалар. Бейілі жаман адамды түйе үстінен ит қабар
- Шығысы жаман қамысты, су ішінен өрт шалар. Пейілі жаман адамды, түйе үстінен ит қабар
- Шыдамдылық - өмір бойына берілетін қазына
- Шыққан қыз шиден ары
- Шыққан қыз шиден тысқары
- Шықпа, жаным, шықпа
- Шықсақ төбеміз бір болсын, жатсақ көріміз бір болсын
- Шымырдың сезімі сергек
- Шын - бір сөз, өтірік - мың сөз
- Шын ер жеңсе тасымас, жеңілсе жасымас
- Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ
- Шын жомартқа жолықсаң, су орнына бал берер. Шын батырға жолықсаң, сен үшін жан берер
- Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады
- Шынайы сезім шытынамайды
- Шындық жоқ жерде сұмдық көп
- Шыңдық бар жерде өтірік байқап жүреді, шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді
- Шідерлі атың - өз атың, тұсаулы атың - бос атың
- Шіріген шөпті мал жаратпас, шіренген жігітті ел жаратпас
- Шірігенге шыбын үйір
- Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді
- Шірікке шыбын айналар