Барлық мақалдар
С әрпінен басталатын мақалдар
- Сабақты ине сәтімен
- Сабасына қарай піспегі
- Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады
- Сабыр түбі - сары алтын
- Сабырлы жетер мұратқа,сабырсыз қалар ұятқа
- Саған дұшпан - маған жау
- Сағынған елін аңсайды, сарала қаз көлін аңсайды
- Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды
- Сағынған елін аңсайды, сарыала қаз көлін аңсайды
- Сағынған елін аңсайды, сарыала қаз көлін аңсайды. Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар
- Сағыныш - сары ауру, үміт - талшақ
- Сай қуалап су ағар, жел қуалап от жанар
- Сайрамда бар сансыз баб
- Сақалға ақ түсті - көңілге дақ түсті
- Сақау баланың тілін шешесі біледі
- Сақтықта қорлық жоқ
- Сақтықта, қорлық жоқ, сәлемде, зорлық жоқ
- Сақтықты соқырдан үйрен, кішілікті түйеден үйрен
- Сақтықты соқырдан үйрен, кішілікті түйеден үйрен. Білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз
- Сақтықты сұңқардан үйрен!
- Сала берме көзіңді әр жақсыға, бәрі жақсы көрінер алғашқыда
- Салт атты, сабау қамшылы
- Салтын білмеген сауапты түсінбейді
- Салымды ауыз сақтағанды жейді
- Самарқанның сар жолы, бұланайдың тар жолы
- Саңырау бас десе, құлақ дейді
- Сапарға шықпас бұрын серігіңді сайла, үй салмас бұрын көршіңді ойла
- Сараң бай союға қозы таппай жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды
- Сараң да бір, сасық су да бір
- Сараңның салғанын қазаны жейді, қалғанын қонағы жейді
- Сары жаудың бәрі жау
- Сары табақтан сарқыт қайтар
- Сасқан үйрек артымен сүңгиді
- Сасқан үйрек артымен сүңгір
- Сау басына сақина тілеп
- Сауатсыз молданың сәлдесі үлкен
- Сауда садақпен тең, иілсе бір түзелмейді
- Сауда сақал сипағанша
- Сауда соңы - кемістік, шаруа соңы - келістік
- Саудагер - қасық, ел - теңіз
- Саудагер ажарын сатады, сұрамсақ назарын сатады
- Саудагер есепке байиды
- Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатады
- Саудагер сақалды қолдан береді
- Саудагерде дос болмас
- Саудада достың жоқ, сәлемде борыштық жоқ
- Саудың асын жеп
- Саудың асын жеп жындының ісін істеме
- Саулықтың жасы үлкен, қошқардың басы үлкен
- Саусағы салалы биші болар, құлағы салалы күйші болар
- Саусақ бірікпей - ине ілікпейді
- Саятшының сұңқары салған жерден іледі
- Сәлдесіне шоқ түскен молдадай
- Сәуір болмай жауын болмас, жауын болмай тәуір болмас
- Сәуір болмай, тәуір болмас
- Сәуір болмай, тәуір болмас, ит балалап сауын болмас
- Сәуір болса күн күркірер
- Сәуір болса, күн күркірер, күн күркіресе, көк дүркірер
- Сәуір болса, күн күркірер, күн күркіресе, көп дүркірер
- Сәуірдегі жауын - сауып тұрған сауын
- Сезікті бұрын секіреді
- Сексен - жермен жексен
- Сексенде сегіз байлық, сегіз жарлылық
- Семіздікті қой ғана көтереді
- Семіздікті қой көтерер
- Семіздің аяғы - сегіз
- Сен салар да, мен салар, атқа жемді кім салар?
- Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді
- Сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңе болайын
- Сенде жазық жоқ, менде азық жоқ
- Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма қадалсын
- Сергектің сенімі нық
- Серке еті - ем, ешкі еті - жел
- Сиыр алсаң, танып ал, танымасаң, тарғыл ал
- Сиыр баққанда бірге едік, жаңғақ қаққанда бөліндік
- Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күйсемек жоқ
- Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күйсемек жоқ, тамда белдеу жоқ, таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ
- Сиырдың сүті тілінде
- Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ
- Соға берсең, еселеп табағыңа, уға айналар құдайдың тамағы да. Қомағай құрсақтың қуысы толмайды
- Соймасымды соямын, сүйгенімнің көңілі үшін
- Сойылды соға білмеген, езіне тигізеді
- Сойылды соға білмеген, өзіне тигізеді
- Соқыр тауыққа бәрі - бидай
- Соңғы түйенің жүгі ауыр
- Соңынан келген қонақ сүйек мүжиді
- Сопы үгітшіл келеді, молда үмітшіл келеді
- Сорлы тышқан соқыр мысық бар дегенге сенбейді
- Сорлыға ұлтарақ тимейді
- Сөз - адамның айнасы
- Сөз - жіп, созсаң кете береді
- Сөз асылы - мақал
- Сөз атасы - құлақ, су атасы - бұлақ, жол атасы - тұяқ
- Сөз жүйесін,мал иесін табады
- Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді
- Сөз қуған - пәлеге жолығар, шаруа қуған - қазынаға жолығар
- Сөз қуған пәлеге жолығады, шаруа қуған олжаға жолығады
- Сөз сағасы - құлақ, су сағасы - бұлақ
- Сөз сөзден туады, сөйлемесе неден туады?
- Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді
- Сөз сүйектен өтер, таяқ еттен өтер
- Сөз сүйектен,таяқ еттен өтеді
- Сөз тапқанға қолқа жоқ
- Сөз түбін сөз табар
- Сөзге сөз келгенде, сөйлемесе атасы өледі
- Сөздің көркі - мақал, ердің көркі - сақал
- Сөздің көркі - мақал, ердің көркі - сақал. Сақалы жоқ көселер - қасабалы тоқал
- Сөйлегенше сөзіңе өзің қожа, сөйлеген соң сөзіңе сөзің қожа
- Сөйлей білмес жаманның сөзі өтпес бір пышақ. Сөз білетін адамның әр сөзіне бір тұсақ
- Сөйлей-сөйлей шешен болар, көре-көре көсем болар
- Сөйлей-сөйлей шешен, көре-көре көсем боласың
- Су - ырыстың көзі, еңбек - кірістің көзі
- Су ағады, тас қалады, кәрі кетеді, жас қалады
- Су ағар да, тас қалар, кәрі өтер де, жас қалар
- Су айналып жазығын табар, ат айналып қазығын табар
- Су аққан жерінен ағар, шөп шыққан жеріне шығар
- Су аққан жерінен айнымас
- Су аққан жерінен айнымас. Су басынан буылады
- Су анасы - бұлақ, сөз анасы - құлақ
- Су аяғы - құрдым
- Су байлық - алты айлық. Қар байлық - үш айлық
- Су бар жерде ырыс бар: ұстап балық жейсің, ақ бидай егіп, нанын жейсің
- Су басынан бұзылар
- Су басынан тынады, балық басынан шіриді
- Су бергеннің - сауабы бар. Су төккеннің жауабы бар
- Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің сұрауы бар
- Су бермегенге, сүт бер, ақ ниетіңді білсін
- Су да ылдиға ағады, кішіпейілділік адамға жағады
- Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді, ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді
- Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді. Ер жігіт жетпейін демейді, мал жеткізбейді
- Су жүрген жер - береке, ел жүрген жер - мереке
- Су жүрген жер молшылық - абат емей немене?! Жақсылардың сөздері - қанат емей немене?!
- Су қадірін шөл зардабын шеккен біледі
- Су патшасы - мұрап, түн патшасы - шырақ
- Су сағасы - бұлақ, сөз сағасы - құлақ
- Су сүреңін табады
- Су түбіне жетпейсің бойлағанмен, ой түбіне жетпейсің ойлағанмен
- Су ішетін арығы жоқ елдің сүзіп алатын балығы жоқ
- Су ішкен құдығыңа түкірме!
- Суға кеткен тал қармайды
- Судағы қайыққа сенбе (кемеге) қойныңдағы қатынға сенбе, астыңдағы атыңа сенбе
- Судан тонын аямаған, жаудан жанын аямас
- Суды шым бөгейді, дауды қыз бөгейді
- Суды ішім тоқтатар, сөзді шын тоқтатар
- Судың басы бұлақ болса да, аяғы құлар теңізге, жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге
- Судың да сұрауы бар
- Судың жолын құм бөгер, ердің жолын сұм бөгер
- Судың пірі - сүлеймен
- Судың терең, саязын ағысынан білерсің. Аттың жақсы, жаманын шабысынан білерсің
- Судың түбін шым бекітер, даудың түбін қыз бекітер
- Сулы жер - нулы жер, бұлақты жер - тұрақты жер
- Сулы жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас
- Сумен ойнама - батарсың, отпен ойнама- күйерсің
- Сусыз жердің шөбі артық
- Сусыз өмір жоқ, отсыз темір жоқ
- Сұймей алған сұлудан сүйып алған су мұрын артық
- Сұқ семірмес, ұры байымас
- Сұлу - сұлу емес, сүйген - сұлу
- Сұлу аттың көркі - жал
- Сұлу гүлдің сарғайып солар кезі болады, сұлу қыздың әр тайып оңар кезі болады
- Сұлу сұқтануға жақсы, ақыл жұптануға жақсы
- Сұлуды сүю - пайғамбардың сүннәті
- Сұлулық тойда керек, ләззәт күнде керек
- Сұм қартайса, сопы болады
- Сұмырай келсе - су қат. Ашаршылық келсе - ағайын жат
- Сұмырай келсе су құрыр
- Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды
- Сұңқар орманға тартар, тұлпар қорғанға тартар
- Сұрай-сұрай меккеге барады
- Сұрап бергенше, соғып бер
- Сүйгенін шұнағым дейді
- Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды
- Сүймегенді сүйемін, сүйерімнің көңілі үшін
- Сүйреңдеген қызыл тіл сүйгеніңненайырар; иә жаубетін қайырар
- Сүйіктінің көзі сыршыл
- Сүлейе тойған сұмдық түс көрер
- Сүмбіле туса су суыр
- Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес
- Сүтсіз қой - маңырауық
- Сыған сопы болғанша, өтер екен жыл қанша?
- Сый қылсаң, сыпыра қыл
- Сыйға - сый, сыраға - бал
- Сыйлап берген су да тәтті
- Сыйлап берген су сатып алған балдан тәтті
- Сыйлап берген су тәтті
- Сыйлап берсе, суын іш
- Сыйларға асың болмаса, сипарға тілің болсын
- Сыйласаң, сыйлы боласың
- Сыйласқанның суын іш
- Сыйласу екі кісіге бірдей
- Сыйлы қонақ босағада отырмайды
- Сыйырға су көрсетпе, жаманға сый көрсетпе
- Сылдырсыз аққан судан без
- Сын түзелмей, мін түзелмейді
- Сын түзелмей, мін түзелмес
- Сыпайы қонақ сыйыңды жейді, мылжың қонақ миыңды жейді
- Сыпайыны үйде көрме, түзде көр
- Сыпайының итіне кет дегенің - өзіңе кет дегенің
- Сыр айтқанда досыңды дұшпаным деп ұқ
- Сыр ашу оңай, сыр түю қиын
- Сырдың әр қамысының түбінде бір кесек от жатады
- Сырқат - тән жарасы, қайғы - жан жарасы
- Сырласуға дос жақсы, сыйласуға жат жақсы
- Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді
- Сырлы аяқтың сыры кетсе де,сыны кетпейді
- Сыртқы жаудан ішкі жау жаман
- Сыртың сайлы болғанша, ішің майлы болсын
- Сыртың сыйлы болғанша, ішің майлы болсын
- Сырын білмеген адамға сырыңды айтпа. Қасақы қу жаманға шыныңды айтпа
- Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме
- Сырын білмес адамға сырыңды айтпа. Сырын білмес атанға жүгіңді артпа
- Сырыңды айтпа досыңа, достың да досы болады, о да айтар досына
- Сіз тұрыпсыз тікейіп, біз тұрыппыз тікейіп. Жерге түскен қамшыны кім алады еңкейіп
- Сіңбес астың бөгеуі жаман
- Сіркесі су көтермейді
- Сəуір болса, күн күркірер, күн күркіресе, көк дүркірер