Барлық мақалдар
Қ әрпінен басталатын мақалдар
- Қаға білсең киіз қазық та жерге кіреді
- Қағазға тіл бітірген - қалам, жансызға жан бітірген - адам
- Қағынған қарғыс алар, қарасқан алғыс алар
- Қадіріңді білгің келсе, көршіңнен қарыз сұра
- Қадіріңді білмегенге қадіріңді кетірме
- Қажымалы мың жолдас, жоқпен тең, жанын қиған бір жолдас, көппен тең
- Қаз бен үйректің панасы - көл, жетім мен жесірдің панасы - ел
- Қаз келсе, жаз келер, қарға келсе, қатқақ болар
- Қаз келсе, жаз келер, қарға келсе, қатқақ келер
- Қазақ ауылы қарайлас, шеру соңы орайлас
- Қазақ әдебиетінің ішіне қазақ өмірін түгел суретімен алып кіру- әдебиеттің ендігі міндеті
- Қазақ байыса, қатын алады, өзбек байыса, үй салады
- Қазақ десең, өзіңе тиеді
- Қазақ жаманы орыс бола алмайды, орыс жаманы қазақ бола алмайды
- Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молатқан - абай
- Қазақ» десең, өзіңе тиеді, «Соқыр» десең, көзіне тиеді
- Қазақтың «өш» жер дегені көш жер
- Қазақтың бөлінбейтін еншісі - қонақасы
- Қазан аузы жоғары
- Қазан аузы жоғары, қармақ суда
- Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады
- Қазаннан ас кетеді
- Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді
- Қазанның күйесі жұғады, ақымақтың бәлесі жұғады
- Қазанның қайнағанын қара, баланың ойнағанын қара
- Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса
- Қазаншының еркі өзінде, қайдан құлақ шығарса
- Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса
- Қазаны басқаның қайғысы басқа
- Қазанына қарай ошағы, қызына қарай моншағы
- Қазаныңа не салсаң, шөмішіңе сол ілінеді
- Қазынасын қарақшыға күзеттірді
- Қайғы - саңырау
- Қайғы бөліссе, азаяды, қуаныш бөліссе, көбейеді
- Қайғы қартайтады, қуаныш марқайтады
- Қайғысыз - қара суға семіреді
- Қайғысыз ішкен қара судың қаймағы бір елі
- Қайғысызға қара су да ас
- Қайнаған қара суда қасиет бар
- Қайраны жоқ көлден без, қайырымы жоқ елден без
- Қайрат - қыран, қайғы - жылан
- Қайрат деген қыран бар, қайғыға тізгін бермейтін. Қайғы дейтін жылан бар, өзекті жағып өртейтін
- Қайта жауған қар жаман, қайта шапқан жау жаман
- Қайтқан малға қасқыр өш
- Қайтқан малдың қайыры бар
- Қайтқан малдың қайыры жоқ
- Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман
- Қайтып кірер есігіңді қатты жаппа
- Қайтып кірер есікті қатты жаппа
- Қайтып кірер есікті қатты серппе
- Қайын жұрт қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды. берсең, жағасың, бермесең, дауға қаласың
- Қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл, өз жұртың күншіл
- Қайырсыз байдан қайнатқан су артық
- Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің
- Қаланған кірпіш кәдеге асқаны, қағылған шеге - орнын тапқаны, жігіттің халыққа жаққаны шырақ жаққаны
- Қалауын тапса қарда жанады
- Қалауын тапса, қар жанар
- Қалған көлге бақа айғыр
- Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді
- Қалғымағанға қатер жоқ
- Қалтаң құр болса, молда саңырау
- Қалыңсыз қыз болса да кәдесіз қыз болмайды
- Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмас
- Қалыптан шықсаң да, халықтан шықпа
- Қана ішпеген шайдан туады
- Қанағат қарын тойғызады
- Қандастықтан - жолдастықты жоғары қоюды қашан үйренер екенбіз?!
- Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады
- Қанша қамыс жақсаң да шоғы болмас, қанша қара су ішсең де тоғы болмас
- Қанша шешен болса да, дауға салма малсызды
- Қаңлысыз хан сайланбайды
- Қапқа түскен - қатындікі
- Қаппайтын ит алыстан үреді
- Қар суының тасқынын, қасқалдақ көрмес
- Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар
- Қара байыр қазанат, қара жолда қалдырмас. Қара жолда қалдырып, қанатыңды талдырмас
- Қара жерге халық ие
- Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың, қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың
- Қара кісінің қаны шыққанша, сары кісінің жаны шығады
- Қара құс басып жейді, сұңқар шашып жейді
- Қара қылды қақ жарған
- Қара қытай қаптаса, сары орыс өз әкеңдей көрінер
- Қара суға жапалақтап қар жауса қара балық ұрық салады
- Қара тұяқ қарында жатпас, мезгіл болмай таң атпас
- Қарағайға қарап тал өсер, құрбысына қарап бала өсер
- Қарағым» деген жылы сөз, тон болып төнді жылытпаса да, жанды жылытады
- Қарақұрт жесе қой семіреді
- Қараның таққа мінгені - бір-біріне құда түскені
- Қараусыз қалған есек - қасқырдың олжасы
- Қараша - қауыс, кәрі-құртаңды тауыс
- Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «жұмсағым» дер
- Қарға қарғаның көзін шоқымас
- Қарға қарғаның көзін шұқымайды
- Қарға қарғаның көзін шұқымас
- Қарға қарқылдаса, қысты шақырады, қаз қаңқылдаса, жазды шақырады
- Қарға тамырлы қазақ
- Қарғыс жеті атаға жетеді
- Қарғыстың ең жаманы - өзің білме, білгеннің тілін алма
- Қардан кебіс киіп, мұздан құрсау салған
- Қармақтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол, жаман елдің жақсысы болғанша, жақсы елдің жаманы бол
- Қарманған қарап қалмайды
- Қарны ашқан қазанға қарар
- Қарны ашқанға қара талқан майдай көрінеді
- Қарның ашса, қазаншының қасына отыр. Ерке сөйлеп, етегін басып отыр
- Қарт қойнында қалаш бар
- Қартайғанда кәрі боз жорға шығады
- Қартайдым деп қайғырма, жас бала бар артыңда. Жалғызбын деп қайғырма, жақсылар бар артыңда
- Қартайдым деп, қайырма, жас бала бар артында, жалғызбын деп, қайырма жақсылар бар артында
- Қарттың айтқанын істе, жастың тапқанын же
- Қарты бар елдің қазынасы бар, қызы бар елдің базынасы бар
- Қарты бардың жұрты бар, кемпірі бардың құрты бар
- Қарты бардың хаты бар, қызы бардың назы бар
- Қартың болса, жазып қойған хатпен тең
- Қаршыға қаз алса, ителгі етек қабады
- Қаршыға қазан қайнатар ителгі иығыңды талдырар
- Қаршыға қанжыға қызартады, ителгі етек былғайды
- Қаршыға салғанның, қанжығасы тоқ, ителгі салғанның етегі боқ
- Қаршығалыға қоян кездеспейді, жарақтыға жау жолықпайды
- Қарыз күліп кіріп, жылап шығады
- Қарыз қатынас бұзады
- Қарын тойса, қарта әлем сасиды
- Қарына тартпағанның қары сынсын
- Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын
- Қарындасың - қарлығашың
- Қарыстан сүйем жақын
- Қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл
- Қас жаман қасындағысын қарақтайды
- Қас жүйрікте сын болмас, қас сұлуда мін болмас
- Қасапшыға жолықсаң, сойғаны мен сатқанын айтады. Сиыршыға жолықсаң, шелегіндегі қаймағын айтады
- Қасапшыға мал қайғы, қара ешкіге жан қайғы
- Қасқа айғырдың баласы қасқа тумаса да, төбел туар
- Қасқыр айдағанға көнбес, шошқа байлағанға көнбес
- Қасқыр да қас қылмайды жолдасына
- Қасқыр қарызын терісімен өтейді
- Қасқыр қарызын терісімен төлейді
- Қасқыр ішігі бар кісі, жолдасының тоңғанын білмес
- Қасқыр ішік киген қасындағы жолдасының тоңғанын білмес
- Қасқырда жолдасына жат қас қылмайды
- Қасқырда қас қылмайды жолдасына
- Қасқырдан қайрат кетсе, ешкіні «апа» дейді
- Қасқырдан қорыққан тоғайға бармас
- Қасқырдан хал кетсе, ешкіні апа дейді
- Қасқырдың аузы жесе де - қан, жемесе де - қан
- Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан
- Қасқырдың ойлағаны - арамдық, қойдың ойлағаны - амандық
- Қасық тары ботқа болмас, ботқа болса да, жұртқа жетпес
- Қасықтап алғанмен көл таусылмайды, қанша ұры алғанмен ел таусылмайды
- Қасықтап алғанмен көл таусылмас, ұры қанша алғанмен ел таусылмас
- Қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпе
- Қасықтап жинап, шөміштеп төкпе
- Қасынан қыз өтсе сексендегі шал басын көтерер
- Қасың менен досыңды қас-қабағың танытар
- Қатарынан қалған кәрі жетім
- Қатты жерге егін шықпас, қаңсыған басқа білім жұқпас
- Қатты жерге қақ тұрар, ынтымақты елде бақ тұрар
- Қатын алма, қайын ал
- Қатын бастаған көш оңбас
- Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды
- Қатын қалса, бай табар, бала қалса, мал табар
- Қатын қырық шырақты
- Қатын қысылса шағынады, ер қысылса сабылады
- Қатын оңса - қазына, оңбаса - қаза
- Қатын ұшынса қағынады, ер ұшынса шабылады
- Қашқан жауға қатын да ер
- Қимас досың сұраса, қимасыңды бергейсің
- Қимас досың сұраса, қимасыңды бересің
- Қимылдаған қыр асады
- Қиын күнде қол ұшын берген - нағыз дос, жайшылықта доспын деген - жай сөз
- Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ
- Қиядағы қызыл түлкіні қияннан соққан бүркіт алады
- Қиядағыны қыран ғанакөреді. Ұядағыны жылан ғана көреді
- Қожа құлақтас, молда сабақтас
- Қожа, молда елді аздырады, қурай, құмай жерді аздырады
- Қожа, молда сабақтас
- Қожа, молданы басындағысынан білерсің, бек пен төрені қасындағысынан білерсің
- Қожамен көрші болдым: «Бер», «Бер!» деді. Шебермен көрші болдым: «Көр!», «Көр!» деді
- Қожаны көрсең, қыдыр тұт, төрені көрсең, қадір тұт
- Қожаның көңілі құртқа шабады, көжесінің қатығы жоқ
- Қой бақтырған құдай-ды
- Қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығады
- Қой егіз тапса, шөптің басы айыртуады
- Қой еті - құрыш, жылқы еті - бұрыш
- Қой көрмеген қуалап өлтіреді
- Қой өрген бел береке, қыз жүрген жер мереке
- Қой сүті - қорғасын
- Қой терісін жамылған бөрі
- Қой үстіне бозторғай жұмыртқалар
- Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау
- Қойға қасқыр шапса, ит семіреді
- Қойға қоңырау жараспас
- Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді
- Қойдың басы - құданың асы
- Қойдың пірі - шопан ата
- Қойдың сүті - қорғасын
- Қойшы көп болса, қой арам өледі
- Қойшы көп болса, қой арам өлер
- Қойшының қызы қой келгенде жүн түтеді
- Қойшының қызы қой келгенде таранады
- Қойшының қызы қой келгенде іс қылар
- Қойын-қойын сырыңды түбінде келіп шын табар
- Қол өнері - кілемде, сөз өнері - өлеңде
- Қолға су құя алмаса да, ұялмайды
- Қолда барда алтынның қадірі жоқ
- Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ
- Қолдағының құны жоқ
- Қолмен бергенге құс тоймас
- Қолы ашықтың, жолы ашық
- Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер
- Қолы жатықтың ішкені қатық болар
- Қолы жетпеген кәріп
- Қолы қимылдағанның аузы қимылдар
- Қолы қимылдағанның ауызы қимылдар
- Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер
- Қомағай құрсақтың қуысы толмайды
- Қонағы көп үйдің қазаны оттан түспейді
- Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр
- Қонағым, жүре тоярсың
- Қонағын жаратпаған баласын ұрады
- Қонағын сыйламаған баласын ұрады, я үйін сыпырады
- Қонағын сыйласа төрге шық дейді
- Қонағыңның алтынын алма, батасын ал
- Қонақ «тоймадым» демес, «соймадың» дер
- Қонақ аз отырып, көп сынайды
- Қонақ айтпай қонады, қоңсы айтпай кіреді
- Қонақ алдымен қабағыңа қарайды, содан кейін табағыңа қарайды
- Қонақ асына емес қабақ - қасыңа риза
- Қонақ атаңнан да үлкен
- Қонақ бір күн қонса - құт, екі күн қонса - жұт
- Қонақ бір күн қонса - құт, екі күн қонса - жұт, үшінші күні - зыт
- Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады, үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады
- Қонақ жаман болса, үй иесі қыдырады. Үй иесі жаман болса, қонағы қыдырады
- Қонақ келсе - құт, қарақшы келсе - жұт
- Қонақ келсе, құт келер
- Қонақ қадірлі болса, қазан тез қайнайды
- Қонақ қой жемей кетпейді, сыйлап құтылғанға жетпейді
- Қонақ қойдан да жуас. Май берсең де жей береді
- Қонақ қойдан жуас
- Қонақ қойдан жуас, май берсе де жей береді
- Қонақ қонған жеріне ауыр, тас түскен жеріне ауыр
- Қонақ қонса, ет пісер, ет піспесе, бет пісер
- Қонақ ырыздығын тәңір жеткізеді
- Қонақасы - тәңір ақысы
- Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ
- Қонаққа барсаң, нәпсіңді тый
- Қонаққа сұрап бергенше, ұрып бер
- Қонақтан қонақ ұлық
- Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың
- Қонымды киіміңді өзің ки, айналып қарасын көргендер, тәтті тамағыңды қонағыңа бер, айта жүрсін жегендер
- Қоңсы тату болса - құт, қоңсы қаңқу болса - жұт
- Қорқақ көлеңкесінен де қорқады
- Қорқақ қонған жерінен де қорқады, батыр жауын жеңгенше жортады
- Қорқақтың бәрі құдайшыл
- Қорыққанға қос көрінеді
- Қорыққанға қос көрінер
- Қос жүре түзелер
- Қосшы болуға жараған, басшы болуға да жарайды
- Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады
- Қотыр қызға қола сырға
- Қоян көлеңкесінен қорқады
- Қоянды - қамыс, жігітті намыс өлтіреді
- Қу тіл - қоңылтақ етік
- Қуғынмен келген сүргінмен кетеді
- Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің
- Қуыс үйден құр шықпа
- Құда - құдайдың аты
- Құда - мың жылдық, күйеу - жүз жылдық
- Құда - мыңжылдық, күйеу - жүзжылдық
- Құда болғанша түп-тегіңді сұрас, құда болған соң қол қусырып сыйлас
- Құда болғанша хал-жайын сұрас, құда болған соң, қолда барымен сыйлас
- Құда болғанша, құлы мен биін сұрас, құда болған соң, құл да болса сыйлас
- Құда болдым дедің бе, құйрық-бауыр жедің бе?
- Құда болмай құл билігін сұра, құда болған соң құл да болса сыйла
- Құда да тыныш, құдағи да риза
- Құда құрдас, қыз мұңдас
- Құда, құда, құда десіп, құйрық, бауыр жесіп, суға, бозға кіріп, әр нәрсені көріп
- Құдағи құрдасыңдай болсын, құдаң шын досыңдай болсын
- Құдағи өзіне сайымен жарасады, қуырдақ шыжғырған майымен жарасады
- Құдағи сыйымен жарасады, қуырдақ майымен жарасады
- Құдадан алған санауға бар, қарауға жоқ
- Құдай атқан оңалар, аруақ атқан оңалмас
- Құдай әлемнен бұрын қаламды жаратқан
- Құдай бір айналдырса, шыр айналдырады
- Құдай да бергенге береді
- Құдай деген құр қалмайды
- Құдай жалғыз, мен жалғыз
- Құдай жүгіртпегенді бұзау жүгіртеді
- Құдай қосқан құда болады, пайғамбар қосқан дос болады
- Құдай құлым десе, пайғамбардың үмбетімен демеске шара бар ма?
- Құдай құмырсқаға кәрін тіксе, қанат бітіреді
- Құдай қылғанды былай қылма
- Құдай салды - мен көндім
- Құдай суықты сырт киіміне қарай жібереді
- Құдайға құрмет - елдің салты, еліне құрмет - ердің даңқы
- Құдайға сенген құстай ұшады, адамға сенген мұрттай ұшады
- Құдайдан қорық, пендеден ұял
- Құдайдың бергені қолдануға жақсы, достың бергені мақтануға жақсы
- Құдайдың құрығы ұзын
- Құдайдың өзі бермейді, біреудікін біреуге ауыстырып береді
- Құдайсыз қурай сынбайды
- Құдалық белгісі - кит, қоныс белгісі - бейіт
- Құдалық та - достықтың дәнекері
- Құдалының малы бір, анық достың жаны бір
- Құдандалының малы бір, айтулы достың жаны бір
- Құданы құдай қосады
- Құданы құдай қосады, досты періште қосады
- Құданы құдай қосады, құдай ұрғанды құмар қосады
- Құданы құдай қосады, үйірі басқаны ноқта қосады
- Құданың белгісі - сыйыс, қоныс белгісі - бейіт
- Құданың дәмі - құйрық-бауыр
- Құданың құдасы - құнан қойдың сорпасы
- Құданың тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра
- Құдаң барьң қуып қон, танысың барың тауып қон
- Құдаң құрдасыңдай болсын, құдағиың сырласыңдай болсын
- Құдаңа бола құдайыңнан айырылма
- Құдаңды құдайдай күт
- Құдаңның түйесін сұра, қорық қанынан биесін берер
- Құдаңның түйесін сұра, қорыққанынан биесін береді
- Құдасымен құдай ұрған ұрысады
- Құдашамен құда ойнар, қошақанмен бөрі ойнар
- Құдашамен құда ойнар, қу шөппен бөрі ойнар
- Құдығына қарай қауғасы, базарына қарай саудасы
- Құдық қазсаң көлді каз, көл суалмай суалмас (Ақтамберді жырау)
- Құл құдасын табады
- Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар
- Құлаққа ұрған танадай
- Құлан қағын қорғайды, киік лағын қорғайды
- Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды
- Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнар
- Құлан өз қағынан өзі жерімес
- Құланның қасуына - мылтықтың басуы
- Құланның құлағында ойнап
- Құлға да бір билік
- Құлды мақтайын десең алысқа сат
- Құм төбе болмас, күйеу бала ұл болмас
- Құмға сиген білінбес, қызға тиген көрінбес
- Құнажын көзін сүзбесе, бұқа бұйдасын үзбейді
- Құнажын көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді
- Құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер
- Құнарлы жерде бұқа семіреді, құранды жерде молда семіреді
- Құр табаққа бата жүрмейді
- Құран сөзі - құдай сөзі
- Құранды жерде молда семіреді, құнарлы жерде өгіз семіреді
- Құрбысының асқаны құдасынан білінер
- Құрбысының асқанын құдасынан біледі
- Құрдастардың құдайы бір
- Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды
- Құс бағу да бір қызық, құс салу да бір қызық
- Құс баласы қырымға қарайды. Қаршыға ілген қазға сын
- Құс жаманы саңғығыш, адам жаманы қаңғығыш
- Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады
- Құс қонбаған көл жетім, ел қонбаған жер жетім
- Құс патшасы - бүркіт, аң патшасы - арыстан
- Құс топтанса - ұшайын дегені, ел топтанса - көшейін дегені
- Құсбегісі келіссе, күйкентай құс қаз алар
- Құстың бәрі сұңқар болмас, аттың бәрі тұлпар болмас
- Құсы жоққа тұрымтай сұңқармен тең, аты жоққа қотыр тай тұлпармен тең
- Құтты қонақ келсе, қой егіз табады
- Құтты қонақ келсе, қой егіз табады. Құтсыз қонақ келсе, қораға қасқыр шабады
- Құтты қонақ келсе, қой егіз табар. Құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабар
- Құтты қонаққа тәтті тамақ
- Құяр судан бөлінсе - көл тұнады. Шындықтан қол үзсе - көңіл тұнады
- Қыдыр дарымаған адам есек базарында делдал да бола алмайды
- Қыдырдың бірі - көлденең көк атты
- Қыдырдың қасыңда болғанша, бұлақтың басында бол
- Қыдырмашы қыз оңбас
- Қыдырып жеген жамбастан, шақырып берген жауырын артық
- Қыз - жат жұрттық
- Қыз - қонақ
- Қыз - халықтың гүлі, өлең - сауықтың гүлі
- Қыз алатын қалың малдың көптігіне қарамайды
- Қыз алмаған жігіттің қор қызында дәмесі
- Қыз арынын сынамас болар, қыз сырын сұрамас болар
- Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?
- Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма? Досы жоқ адам - тұзы жоқ тағам
- Қыз ауырма, тұз ауырма
- Қыз баққанша қысырақ бақ
- Қыз бала окпеші болса, қалың мал көп болар
- Қыз бала өріс
- Қыз баланың сұлулығы-оның тәрбиесінде
- Қыз баласы әкесіне жұлдыз, шешесыне құндыз
- Қыз берген жерге дау жүрмейді
- Қыз жоқ жерде қызық жоқ
- Қыз көрейік, қыз көретын жігітті біз көрейік
- Қыз күнінде бәры жақсы, жаман қатын қайдан шықты
- Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?
- Қыз қарызы үйінде, ел қарызы биінде
- Қыз құшпаған ер арманда, қызғалдақ жемеген қозы арманда
- Қыз қылығы үйде, ұл қылығы түзде
- Қыз қылығымен сүйкімді
- Қыз қылығымен, ұл ұжданымен
- Қыз қырымға, ұл ұрымға
- Қыз мінезді, ұл өнерлі болсын
- Қыз өрыс, ұл қоныс
- Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі
- Қыз өсірсең ұяатымен
- Қыз тілеуі - қыдыр тілеуі
- Қыз ұзатқанның қызылы қалмайды
- Қыз ұзын арқау, кең тұсау
- Қыз ұстай алмаған күң етеді, ұл ұстай алмаған құл етеді
- Қызбен алыспа, қысырақпен жарыспа
- Қызға бергенді қыдыр өтер
- Қызға қырық кісі сөйлейді
- Қызға қырық үйден тиым
- Қызға қырық үйден тыйым
- Қызғанғаның қызыл итке жем болды
- Қызғанның қызыл итке жем болар
- Қызғаныш қайда болса - ұрыс-керіс те сонда. Жүсіп баласағұни
- Қыздан алған малыңды қыныңа байла
- Қыздан туғанның қиығы жоқ
- Қызды ауыл қызыл өсек
- Қызды ауылдың иті жатпас
- Қызды қартқа таңдат, атты жігітке таңдат
- Қызды сөкпе, тұзды төкпе
- Қызды таныс алады, таныс алмаса, қоныс алады
- Қызды теңын тауып тегін бер
- Қыздың аңқауынан сақта, ұлдың жалқауынан сақта
- Қыздың баласындай, қолдың саласындай
- Қыздың бетін кім ашса сол ыстық
- Қыздың жолы - жіңішке
- Қыздың көзы қызылда
- Қыздың қырық жаны бар
- Қыздың қырық қулығы бар
- Қыздың малы қардың суы
- Қыздың сұлуынан жылуы
- Қыздың тамағы қылдай
- Қызсыз үйдің жүгі жиылмас, ұлсыз үйдің малы қайырылмас
- Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, ұлы атадан үйренбей сапар шекпес
- Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді
- Қызы бардың - көзі бар, ұлы бардың - өзі бар
- Қызы бардың назы бар
- Қызыл тіл жанның мияты, абырой ердің қуаты
- Қызым жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол
- Қызым үйде, қылығы түзде
- Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда
- Қызым, саған айтамын, келінім, сен тында
- Қызымның баласы - балдан тәтті анасы. Ұлымның баласы - қара жылан анасы
- Қызымның құлағына алтын сырға
- Қызына қарай күйеуі, үйіне қарай тіреуі
- Қызың жақсы болса өрысің кеңейеді, ұлың жақсы болса қонысың кеңейеды
- Қызың жақсы болса суда жүзген үйрек, қызың жаман болса ішіңе тиген түйнек
- Қызың жақсы болса үйіңе ырыс кірер, жаман болса ұрыс кірер
- Қызың жақсы болса, өрісің кеңейеді
- Қызың кер әдеп болса - қорлық, балаң бейәдеп болса - қорлық
- Қызың көңілшек болса басының соры, ұлың көңілшек болса атының соры
- Қызыңды мақтасын десең алысқа жібер
- Қылыш даттанса, ел бұзылады, ел даттанса, ат сабылады
- Қылыш түбі - ұрыс
- Қылышты қорқақты сойылды батыл соғады
- Қылышты қынап сақтайды, суды мұрап сақтайды
- Қымбат дүние қолға түсе бермейді, қымбат сөз ауызға түсе бермейді
- Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды
- Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді
- Қыран жүйрік пе, қиял жүйрік пе?
- Қыран қияда өледі
- Қыран қияда түлейді
- Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер
- Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді
- Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға
- Қырда қасқыр ұлыса, үйдегі иттің бауыры сыздайды
- Қырқына шыдаған қырық біріне де шыдайды
- Қырсық қырық ағайынды
- Қырсық шалған жігітті қыз қасынан ит қабар
- Қырсыққанның иті қырын жүгіреді
- Қыры кеткен, қырқында таз болады
- Қырық атан ұстама, қырық тамыр ұста
- Қырық жыл қырғын келсе де, ажалды өледі
- Қырық кәрі жілік тағылған малды ұры алмайды
- Қырық кісі - бір жақ, қыңыр кісі - бір жақ
- Қырықтан артық жас жоқ, қымыздан артық ас жоқ
- Қырықтың бірі - қыдыр
- Қырықтың бірі - қыдыр, мыңның бірі - уәли
- Қыс азығын жаз жина
- Қыс арбаңды сайла. Жаз шанаңды сайла
- Қыс киімін жаз киіп, жарлы қайдан байысын. Жазы-қысы жұмыс қып, мая қайдан қайысын?
- Қыс шілдеде жілік жүгірер, жаз шілдеде күлік жүгірер
- Қысқа жіп күрмеуге келмейді
- Қысқа жіп күрмеуге келмейді, күрмеуге келсе де, байлауға келмейді
- Қысқа шілдеде қу сақта, жаз шілдеде су сақта
- Қыстағы қар - жерге ырыс, жаздағы ылғал - елге ырыс
- Қыстағы қар - жерге ырыс, жердегі ылғал - елге ырыс
- Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр - жерге жауған нұр
- Қыстағы суық - жаздағы ыстық
- Қыстың көзі - қырау
- Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла
- Қыстың соңы - жеті тоғыс, көктем басы - бес тоғыс
- Қысына қарай көктемі, диқанына қарай кетпені
- Қысың қарлы болса - жер семіз. Көктемің жаңбырлы болса - дән егіз