Барлық мақалдар
П әрпінен басталатын мақалдар
- Пайда да бір, аққан су да бір
- Пайда көздеген - жалғанның құлы
- Пайданың зоры - дос үшін шеккен зиян
- Пасық адам белгісі: өзі бола алмайды, болғанды көре алмайды
- Патша залым болса, жұрт тозады, патша ғалым болса, жұрт озады
- Пәледен машайық қашыпты
- Пәлен жерде алтын бар, өз еліңдей қайда бар
- Пәлен жерде алтын бар, өз жеріңдей кайда бар
- Пәлен жерде алтын бар, өз жеріңдей қайда бар
- Пәлен жерде алтын бар, іздеп барсам мыс та жоқ
- Пәлен жерде алтын бар, іздеп барсаң мыс та жоқ
- Пәлен жерде алтын бар, іздеп барсаң, бақыр да жоқ
- Пейіліңе қарай - пейішің
- Пенденің сұрағаны болмайды, Алланың қалағаны болады
- Пышақты өзіңе сұқ
- Пышақты өзіңе сұқ ауырмаса өзгеге сұқ
- Пікір таласы - шындық анасы
- Піл көтермегенді тіл көтереді
- Пілден тіл күшті, піл көтермегенді тіл көтереді
- Піскен асқа тік қасық