Барлық мақалдар
Ө әрпінен басталатын мақалдар
- Өгізге туған күн бұзауға да туады
- Өжет адам өлімді жеңеді
- Өжет адам өлімнен қаймықпас
- Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді, кісі баласы кісендесең де тұрмайды
- Өз балаңды өскенше бағасың, немереңді өлгенше бағасың
- Өз балаңды өскенше, немереңді өлгенше бағасың
- Өз басындағы отты көрмей, біреудің басындағы шоқты көрер
- Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме
- Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен болмаса, кішіден сұра
- Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса кішіден сұра
- Өз елім - алтын бесік, жат елдің - түбі тесік
- Өз елім - өлең төсегім
- Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын
- Өз елімнің басымын, басы болмасам сайының тасымын
- Өз елін танымаған, биге би болмас
- Өз елінде көртышқан да батыр
- Өз елінде көртышқанда батыр
- Өз елінің иті де қадірлі
- Өз елің - алтын бесігің
- Өз елің өзекке теппес
- Өз жұрттың - күншіл, нағашы жұрттың - сыншыл, қайың жұрттың міншіл келеді
- Өз жұртын танымаған, кісі еліне би бола алмас
- Өз кемеріңнен шыққан баланы бал сүтіңмен бағарсың. Бал сүтіңмен бақпасаң, кәйтіп көңілін табарсың?!
- Өз қадірің - өз байлығың
- Өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін
- Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілің - тірлік үшін
- Өз үйім - өлең төсегім
- Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде сызу сызады
- Өзбек - өз ағам, сарт - садағам
- Өзбектен дін қалды
- Өзбектің кигенін ал, қазақтың мінгенін ал
- Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол
- Өзгеге ұл болғанша, өз еліңе құл бол
- Өзек қуа ағады, өзен судың саласы. Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы
- Өзен ағысын бөгеуге болады, өмір ағысын бөгеуге болмайды
- Өзен ақса - көл, дария ақса - сел
- Өзен бойы тұрғанда өзге жерге қонбаңыз
- Өзен жағалағанның өзегі талмас
- Өзен көлге, көл елге құяды
- Өзен суға жарасқан қамысы мен қоғасы. Кәрияға жарасқан аузындағы тобасы
- Өзен суын жаңбыр тасытады, адам қадірін еңбек асыртады
- Өзен ұзақ ағады бұлағы болса басында, іздеген бақыт табады жалықпаса жасында
- Өзен-суға жарасқан қамысы мен қоғасы, қарияға жарасқан аузындағы тобасы
- Өзі болған қыз төркінін танымайды
- Өзі болған қыз төркінін танымас
- Өзі екі етем десе, тәңірі бір етер, не жоқ етер
- Өзі жақсы кісіге, бір кісілік орын бар
- Өзі зордың иығы да зор
- Өзі келіп, өзі кеткен қонақтың садағасы кетпеймісің
- Өзі қонақ болып көрмеген, қонақты сыйлай да білмейді
- Өзі саққа құдай жақ
- Өзі тоймастың көзі тоймас
- Өзім білем өрге апармас
- Өзім үшін туыппын, жұртым үшін өліппін
- Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі
- Өзінің түйедей мінін көрмей, біреудің түймедей мінін көрер
- Өзің білмес ісіңді білгендерден сұрап біл. Өліп жатсаң наданнан қабіріңді жырақ қыл
- Өзің қорықпасаң, жау қорқады
- Өзің сүйгенді алғанша, өзіңді сүйгенді ал
- Өзіңде асың болса, біреуде қасың бар ма?
- Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый күтпе
- Өзіңе өзің берік бол, қоңсыңды ұры тұтпа
- Өкпеден тиген жел жаман, елінен безген ер жаман
- Өлгенге қайтып келмек жоқ, өлгеннің артынан өлмек жоқ
- Өлгеннің соңынан өлмек жоқ
- Өле жегенше, бөле же
- Өлейін деген тышқан мысықтың құйрығымен ойнайды
- Өлем,өлем дегенше
- Өлең - алтын, сөз - күміс
- Өлкенің көркі мал болар, өзеннің көркі тал болар
- Өлмеген құл алтын аяқпен су ішер
- Өлмеген құлға, құдай-ау, болып та қалды, мынау жаз
- Өлместі құдай жаратпас, сынбасты ұста жасамас
- Өлтіретін молда көп, өртейтін кітап көп
- Өлі арыстаннан тірі тышқан артық
- Өлі бөріні ит аттамас
- Өлі бураның басымен тірі атанды қорқытпа
- Өлі жебемей, тірі байымайды
- Өлі разы болмай, тірі баймайды
- Өлі риза болмай, тірі байымайды
- Өлік шыққан үйдің, табалдырығында жолбарыс жатады
- Өлім байдың малын шашады
- Өлім деген - ұзақ жолдың алысы
- Өлімнен басқанын ертесі жақсы
- Өлімнен басқаның бәріне асық
- Өлімнен ұят күшті
- Өлімнен ұят күшті. («Орхон жазу ескерткіші»)
- Өліспеген көріседі
- Өмір - үлкен мектеп
- Өмір - үлкен мектеп. Өмірдің өзі - ұлы ұстаз
- Өмір көрген түлкінің үш-үштен іні болады
- Өмір қартайса да, көңіл қартаймайды
- Өмір озады, ажар тозады
- Өмірге келгеніңе тәубе ет
- Өмірден көзің кетсе де, сөзің кетпесін
- Өмірдің өзі - ұлы ұстаз
- Өнегелі қарт жоқ жерде өнерлі жас та жоқ
- Өнегелі отаудың өрісі кең
- Өнер - ағып жатқан бұлақ, ілім - жанып тұрған шырақ
- Өнер - бұлақ, білім - шырақ
- Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік
- Өнер алды - қызыл тіл
- Өнер ердің қанаты
- Өнер жаны - құштарлық, жауы - іштарлық
- Өнер көпке де жеткізеді, көкке де жеткізеді
- Өнер сыры - өрнекте
- Өнерді үйрен де жирен
- Өнерді үйрен, үйрен де жирен
- Өнерлі адам қор болмас дос-жаранға зар болмас
- Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар
- Өнерлі өрге жүзеді
- Өнерліге есік ашық
- Өнерлінің қолы - алтын, өлеңшінің сөзі - алтын
- Өнерлінің өзегі талмас
- Өнерлінің өрісі ұзақ
- Өңгесі жоқ көңгесі, өлең айтар жеңгесі
- Өңді қыздың бәры жөнді қыз бола бермейді
- Өрге жүзген өнегелі ісімен, таңда адал дос өз теңіңнің ішінен
- Өрмек - ермек емес, өнер
- Өрісіне қарап мал өсер, өзеніне қарап тал өсер
- Өсекші жоқта, өкпелесу де жоқ
- Өсер елдің баласы, бірін-бірі батыр дейді. Өшер елдің баласы, бірін-бірі қатын дейді
- Өсетін елдің қарты қазына болар. Өспейтін елдің қарты қазымыр болар
- Өткен күн - ұшқан құс, шақырсаң да келмейді
- Өткен өмір - өшкен көмір
- Өткен-кеткен жауыңды, жамылғы алып қума
- Өткір кездік қап түбінде жатпас
- Өткір пышақ, семіз ет, тураушының қолына өт
- Өткір тіл - дарын, ұзын тіл - жауың
- Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ
- Өтпес жарлық - бойға қорлық
- Өтпес пышақ қол кесер
- Өтірік айтқанша үндемеген абзал
- Өтірік өрге баспайды
- Өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай етіп айтады
- Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық
- Өтіріктің құйрығы бір тұтам
- Өтірікші алдымен өзін алдар