Барлық мақалдар
О әрпінен басталатын мақалдар
- Ожырай көшсе орнынан, жаппас қонар жұртына
- Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді
- Ой ойласаң, кең ойла, алды, артын тең ойла
- Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең, табарсың. Қанша ұзақ болғанмен, жүре берсең, барарсың
- Ойдағы елге жетпес
- Ойдағы таз аз ба еді, қырдағы тазды мұнда әкеп?
- Оймақ пішсең де, ойлап піш
- Ойна да күл, оқы да біл
- Ойнаған бота от басар
- Ойнада күл, оқыда біл
- Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
- Ойнаса да, ойындағысын айтады
- Ойшы ой ойлағанша, тентек ісін бітірер
- Ойын түбі - от, ой түбі - алтын
- Ойынға ойсыз құмар
- Ойында өрелік жоқ, ханында төрелік жоқ
- Оқ жетпес жерге қылыш суырма
- Оқалақ тиген танадай
- Оқсыз мылтық - таяқ
- Оқу - білім азығы, білім - өмір шырағы
- Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы
- Оқу - білім бұлағы
- Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы
- Оқу - инемен құдық қазғандай
- Оқу түбі - тоқу
- Оқуға сенген ұмытшақ, жазуға сенген жаңылшақ
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
- Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім. Ғабит мүсірепов
- Оқы да біл, ойна да күл
- Оқығанның бәрі жарық, оқымағанның беті шарық
- Оқығанның беті жарық, оқымағанның беті көн шарық
- Оқығанның көзі төртеу
- Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт
- Оқымаған бір бала, оқыса екі бала
- Олақ қатын оймақшыл, салақ қатын сауықшыл
- Он екі айда он үш той
- Он екі мүшең сау болса сәулет емей немене?!
- Он екі мүшең сау болса, дәулет емей немене? Он саусағың сау болса, сәулет емей немене?
- Он екі мүшең сау болса, қара басың ханмен тең
- Он пәленің тоғызы - тілден
- Он саусағың сау болса дәулет емей немене?!
- Он үште отау иесі
- Оң көзіңе сол көзің қарауыл болсын
- Оңай олжа оңалтпас
- Оңқа ойын бұзар, тентек тойын бұзар
- Опасызға бір түйір нан тістетпе, күншілге де сеніп ісің істетпе. Жүсіп баласағұни
- Опасызда отан жоқ
- Орағын өткір болса, қарың талмайды. Отаның берік болса, жауың алмайды
- Орағың өткір болса, қарың талмайды, отаның берік болса, жауың алмайды
- Ораза, намаз - тоқтықта, иман кетер жоқтықта
- Ораздының баласы, он бесінде баспын дейді. Шеразының баласы жиырма бесінде жаспын дейді
- Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады. Шиырлының кәрісі қартайғанда қазымыр болады
- Орамал тон болмайды, жол болады
- Орасан пайда көз шығарар
- Орман аралаған үйші болады, ел аралаған сыншы болады
- Орман бөрісіз болмас
- Орман ел дәулеті, жер сәулеті
- Ормансыз жер - жалаңаш, армансыз ер - жалаңаш
- Орнында бар оңалар
- Ортақ өгізден оңаша бұзау
- Орынды мысқыл оқтан да өткір
- Орынсыз ашу - от шашу
- Орынсыз мақтау орға жығады
- Орыспен жолдас болсаң, жаныңда айбалтаң болсын
- От - арық, су - семіз
- От пен су - тілсіз жау
- Отан - елдің анасы, ел - ердің анасы
- Отан - қуат, отбасы - шуақ
- Отан - отбасынан басталады
- Отан - оттан да ыстық
- Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді
- Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық
- Отан өнегесі
- Отан ұшін күрес - ерге тиген үлес
- Отан үшін күрес - ерге тиген үлес
- Отан үшін отқа түс, күймейсің
- Отан үшін отқа түс, күймейсің, арың үшін арпалыс, өлмейсің
- Отан-Нұрдан басталады
- Отанға опасыздық еткенің - өз түбіңе жеткенің
- Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің
- Отанды сүю - от басынан басталады
- Отанды сүю отбасынан басталады
- Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
- Отансыз ұл - ормансыз бұлбұл
- Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір
- Отанын сатқан - ант атқан
- Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды
- Отбасы - ошақ қасы
- Отбасы ала болса, кереге басы сайын пәле бар
- Отбасына өрт салма
- Отбасындағы ойран
- Отбасының жанжалы
- Отбасының өнегесі
- Отбасының сәні - сыйластық, достық сәні - қимастық
- Отбасының сәні - сыйластық, достың сәні - қимастық
- Отқа барған қатынның отыз ауыз сөзі бар
- Отты қузаған өшірер, көршіні қузаған көшірер
- Отты түрте берсең, өшеді, көршіні түрте берсең, көшеді
- Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың қайтымы бар
- Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды
- Отыз ұлым болса да орны басқа
- Отыз ұлың болғанша, осырақ шалың болсын
- Отызда орда бұзбаған, қырықта қамал алмайды
- Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал бұзбас
- Отын - олжа, су - нұрлық
- Отың жанбаса - қорлық, құсың алмаса - қорлық
- Отырған қыз орнын табады
- Отырған қыз орнын табар
- Отырса - от басында көшсе - көш басында
- Отырса опақ, тұрса сопақ
- Ошақтың бұты үшеу болғанмен қазан біреу үш жүзге бұрау таққанмен қазақ біреу