Барлық мақалдар
Н әрпінен басталатын мақалдар
- Нағашы жұрт жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді. әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқорлық ниеті билейді
- Нағыз дос дұшпан болмас
- Надан данамен өш
- Надан молда - намазқой
- Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол
- Нан - асалы, ана - адамның асалы
- Нан - тамақтың атасы ынтымақ - көптің батасы
- Нан - тамақтыңатасы ынтымақ - көптің батасы
- Нан астығын жинаймын, елге астық сыйлаймын
- Нан бар жерде ән бар
- Нанның негізі - дән
- Нар жолында жүк қалмас
- Нар тәуекел - ер ісі
- Наурыз көже қалғанша, жаман қарын жарылсын!
- Наурыздан соң қыс болмас, мизамнан соң жаз болмас
- Наурыздан соң қыс болса, мизамнан соң жаз болмас
- Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді. Адольф дистервег
- Нәрсізге назыңды айтпа, сағың сынады. Нәрліге ишарат етсең, айтпай ұғады
- Не ексең, соны орарсың
- Не ексең, соны орасың
- Немере етін жеп, сүйегін берер
- Немере етін жеп, сүйегін қалдырады
- Немере несін береді? Етін жеп, сүйегін береді
- Ниетің қисық болса ағайынға өкпелеме
- Нөсер алдында найзағай ойнайды
- Нұрдың суы - нудың суы
- Нысап сайын береке