Барлық мақалдар
М әрпінен басталатын мақалдар
- Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі. Ыбырай алтынсарин
- Май - әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие?
- Мақтаған жеткізер, шаққан өлтірер
- Мақтаған қыз тойда осырар
- Мақтаның анасы - жер, атасы - су
- Мал - адамның бауыр еті
- Мал - байдікі, жан - құдайдікі
- Мал - баққандікі, жер - жыртқандікі
- Мал - баланың шашуы
- Мал - баласы, жер - анасы
- Мал азығы - ырыс қызығы
- Мал айдаса - жаудікі, ысқырса - желдікі
- Мал арыстанның аузында, түрікпеннің төрінде
- Мал ашуы - жан ашуы
- Мал аяған - аттан құр, төл аяған - ақтан құр
- Мал баққанға бітеді
- Мал басқа, қына тасқа бітеді
- Мал біткен кісінің иті үреген болады, аты жүреген болады
- Мал бітпеген малдан үміткер, жаны шықпаған жаннан үміткер
- Мал бітпес, деп ерден түңілме, шөп бітпес деп жерден түңілме
- Мал жақсысы - сиыр
- Мал жаным садағасы, жан арымның садағасы
- Мал жисаң қоңысын тап, ас жисаң ыдысын тап
- Мал жұтар, өнер жұтылмас
- Мал иесіне тартады
- Мал көкке тоймай, аузың аққа тимейді
- Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді
- Мал қонысын іздейді, ер жігіт туысын іздейді
- Мал құлағы - саңырау
- Мал малсақты табады
- Мал өсірсең мол өсір, кеңейтеді пейіліңді. Еңбек етсең - көл көсір қандырады мейіріңді
- Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір
- Мал сақтама, ар сақта
- Мал тапқан ердің жазығы жоқ
- Мал төлімен жарасар, жер гүлімен жарасар
- Малға бәлемет - басқа саламат
- Малға жарлылық - жарлылық ақылға жарлылық - сорлылық
- Малдан айырылсаң да, ақылдан айырылма
- Малды баға біл, бабын таба біл
- Малды баға білмеген, пайданы таба білмейді
- Малды баққан өсірер, баланы тапқан өсірер
- Малды баққанға бақтыр, отынды шапқанға жақтыр
- Малды бақсаң, қойды бақ, май кетпейді шарадан. Ит асырасаң сырттаннан, қой бермейді қорадан
- Малды жақсы баққаның, өзіңе абырой тапқаның, малды жаман баққаның, келген бақты қаққаның
- Малды тапқанға бақтыр, отанды алғанға жақтыр
- Малды тауысайын десең пұл қыл, азығыңды тауысайын десең, ұн қыл
- Малды теппе, ақты төкпе
- Малды тісіне қарап таңда, қызды ісіне қарап таңда
- Малды шұбыртқан құртады, етті құырдақ құртады
- Малдының беті жарық, малсыздың беті шарық
- Малдың аяғы оттамайды, аузы оттайды
- Малдың жайын баққан білер, отынның жайын жаққан білер
- Малдың нарқын иесі емес, базар айтар
- Малсыз деп ерден түңілме, ерсіздеп елден түңілме, елсіз деп жерден түңілме
- Малшы малдың жайылғанына мәз
- Малы бардың назы бар
- Малы бірдің - жаны бір
- Малы жоқ» деп ерден түңілме. Егіні жоқ деп жерден түңілме
- Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы
- Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен
- Малыңның жоқтығын ағайының білдіреді, қадіріңнің жоқтығын қатының білдіреді
- Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басңан, төрт аяғын тең басқан - түйе деген жануар
- Махаббат - дауасыз дерт
- Махаббат жасқа қарамайды
- Мәуесі бардың әуесі бар
- Мединеде - мұхаммед, түркістанда - қожа ахмет, самарқанда - шер ахмет, маңғыстауда - пір бекет
- Мезгілі жетсе мұз да ерір
- Мейманның алдында мысығыңа «Пыш!» деме
- Мейрімі мол ананың - жүрегі жылы, қолы кең. Кең пейілді атаның жүзі жылы, жолы кең
- Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі ы.Алтынсарин
- Менде болсын, менде болмаса елде болсын
- Менмен бай құдайға да ауыз салады
- Мешкей деген жақсы атақ емес
- Мешкей семірмейді, ұры байымайды
- Мешітің алыс болса да, мазарың жақын болсын
- Ми ойлағанды тіл тындырады
- Миға ерген дене азбайды, милыға ерген ел азбайды
- Мойны ырғайдай, биті торғайдай
- Мол берсең молда да бәйек болады
- Молда «бер» деген сөзді білмейді, «Ал» деген сөзді біледі
- Молда ашықса, базар кезеді, сопы жұтаса, мазар кезеді
- Молда өзін бір алдайды, өзгені екі алдайды
- Молдалының тілі - сының, төрелінің тізі - сынық
- Молданы мазарда көр, делдалды базарда көр
- Молданың қылғанын қылма, айтқанын қыл
- Молданың сәлдесі ақ болғанмен, ниеті қара
- Молданың істегенін істеме, айтқанын істе
- Момынның есебін қу табады, қудың есебін құдай табады
- Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі к.Д.Ушинский
- Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті. К.Д.Ушинский
- Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. Мұхтар әуезов
- Мұздан өтсең ағып өт ойылғанша өтерсің. Судан өтсең сабыр ет сарқылған соң өтерсің
- Мұңдасқан көңілде кір қалмас
- Мұрадың, сірә да, хасыл қалмас
- Мұрның барда бір сіңбір
- Мұртын балта шаппайды
- Мұсылманшылық әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте
- Мүләйімсіген молдадан қаш, ала шұбар жыланнан қаш
- Мықты қасқыр тай, құнанға шабады. Мықыр қасқыр қозы, лақты қағады
- Мылқаудың тіліне анасы түсінеді
- Мылтығыңның күмісін айтпа, тиісін айт
- Мың ділдә - білімдінің жалғыз сөзі
- Мың жаудан бір жансыз жаман
- Мың күн жұмақтан, бір күнгі тірлік артық
- Мың күндік сапар бір қадамнан басталады
- Мың қосшыға бір басшы
- Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын
- Мыңды айдаған бірді мінеді
- Мыңнан біреу - көсем, жүзден біреу - шешен
- Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл
- Мыңың жүзін білгенше, бірдің атын біл
- Мысық жоқта тышқан кісінейді, ит жоқта шошқа үреді
- Мысық тілеу
- Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек
- Мысықтың өлімі - тышқанға той
- Мінгені есек, айтқаны өсек, тұла бойы есеп