Барлық мақалдар
Х әрпінен басталатын мақалдар
- Халқын ойламаған хан семіз, дүние оған су-теңіз
- Халық - дана
- Халық айныса, хан түзейді, май айныса, тұз түзейді
- Халық қаласа, хан қайығын береді
- Халық қаһары қамал бұзар
- Халық қорғамаған басыңды қалпақ қорғай алмайды
- Халық ұйғарса, хан түйесін сояды
- Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті
- Халыққа қарсы жүру - ағысқа қарсы жүзу
- Хамза бар, не қам бар?
- Хан - бас, халық - кеуде
- Хан - қарақшы, халық - сарапшы
- Хан - шаңырақ, халық - уық
- Хан ақсұңқар болса, алтын тұғыры он болар
- Хан екі айтса, қадірі кетеді, қараша екі айтса, ары кетеді
- Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті
- Хан көп болса - жау көп, би көп болса - дау көп
- Хан көп болса, жау көп
- Хан қайқы болса, би бүкір болады
- Хан қарашасыз болмас, дау арашасыз болмас
- Хан қызы шөміш ұстаса қолы жауыр болады
- Хан сарайы демесең, қатын өсек қаптаған. Қошеметшіл қу өңшең ханды ғана мақтаған
- Хан халықтан үлкен емес
- Ханда қадір болмаса, қарада ұят болмайды
- Ханмын деп аспа, баймын деп таспа
- Ханның басын хан алар, қардың басын қар алар
- Ханның қасында болғанша, судың басында бол
- Ханның қызы шөміш ұстаса, қолы жауыр болады
- Ханның ісі қараға түседі, бидің ісі параға түседі
- Хас кемеңгер қайғырса да, қуанса да, қалт етпес