Барлық мақалдар
К әрпінен басталатын мақалдар
- Казғанмен су шықпайды қыр басынан (Біржан сал)
- Кәдесіз күйеу болса да, жасаусыз қыз болмайды
- Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш
- Кәрі - қалтаң, жас - жалтаң, жас келсе - іске, кәрі келсе - асқа
- Кәрі білгенді пері білмейді
- Кәрі жатса - қунайды, жас жүрсе - қунайды
- Кәрі келсе - асқа, жігіт келсе - іске
- Кәрі кісі де бір, кәріп кісі де бір
- Кәрі қыз бала тапса, қоярға жер таппайды
- Кәрі орыс мұсылман болмайды
- Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар
- Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі
- Кәріге бас қайғы
- Кәрінің бары - игі
- Кәсібі бөлектің - нәсібі бөлек
- Кәсіп түбі нәсіп
- Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп
- Кедей мен бай жолдас болмас, қасқыр мен қой жолдас болмас
- Кедей мен кедей кұда болса, арасында дорба жүреді
- Кедейге қарыз бер де, амандығын тіле
- Кедейдің бір тойғаны шала байығаны
- Кедейдің жеті қаңтары бар
- Кедейдің кербезінен сақтан
- Кедеймін деп қысылма, өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы жарқырап тұрар жолыңда
- Кедеймін» десең, көшіпкөр, «Теңдеріңді» шешіп көр
- Кезенген жаудың көзінен сақтан, сойқанды сұмның сөзінен сақтан
- Кезенген жаудың көзінен сақтан, сойқанның сөзінен сақтан
- Кезі келсе кетпен шап, майрылмаса, қайырылсын
- Кей құрбы бүгін - тату, ертең - қату, тілеуі, жақындығы - бәрі сату
- Келген - дәулет, кеткен - бейнет
- Келген дәулет, кеткен мехнат бәрі бір
- Келгенше қонақ ұялар, келген соң үй иесі ұялар
- Келеді екен деп көп қойдым, келмеген соң жеп қойдым
- Келер жері кең болсын
- Келер кезек, терме тезек
- Келеріңде жетерсің ойын салып, қайтарыңда кетерсің мойын салып
- Келін - келін, келін - бақ, келмей жатып, сөзін бақ
- Келін жаман емес, келген жері жаман
- Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан
- Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық
- Келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда
- Келінің жаман болса, ұлыңнан көр. Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр
- Келісті келбет ерде бар, қымбатты қазына жерде бар
- Кеме келсе, қайық судан шығады
- Кемедегінің жаны бір
- Кеменің арбаға мінетін де, арбаның кемеге мінетін де кезі болады
- Кемеңгер келістіден шығар, қара байыр, желістіден шығар
- Кемеңгер кеңес таппай қоймас
- Кемеңгердің артынан көп ереді
- Кемеші келсе, қайықшы судан шығады
- Кең болсаң, кем болмайсың
- Кең киім тозбайды, кеңесті ел азбайды
- Кең ойлаған, кем ойламас
- Кең пейілді кем болмас
- Кеңескен ел азбайды, кен пішкен киім тозбайды
- Кеңеспен пішкен киім кең де болмайды, кем де болмайды
- Кеңесті ел кем болмас
- Кеңесті хан азбайды, кең киім тозбайды
- Кеңесіп пішкен тон келте болмас
- Кеңінен пішкен тон тозбас
- Кереге басы сайын бәле бар
- Керек тастың ауырлығы жоқ
- Керең - адамның аузына қарар, соқыр - кісінің дауысын бағар
- Керуен кері айналғанда, ақсақ түйе алға шығады
- Керуен кері айналғанда, ақсақ түйе алдыға шығады
- Керуенбасы білікті болса, түйе азбайды; қолбасы білікті болса, сарбазы азбайды
- Кері кеткен бай кедейден қарыз сұрар
- Кері кеткеннің келіні ұрлық қылады
- Керік тойда керек, махаббат күнде керек
- Кесірлі ауыздан кесапатты сөз шығады
- Кетер аяғым, кетпен таяғым
- Кетер қызды кекілінен сипа
- Кеудесі түкті жер-ана, құт дарыт та, жарылқа
- Кешегі жылға бүгін сай, былтырғы құлын - биыл тай
- Кешегі күннен алыс жоқ, ертеңгі күннен жақын жоқ
- Кешірерсің кешерсің, жетілерсің жетерсің
- Кешірімділік - анадан, кішіпейілділік - данадан
- Киіз кімдікі болса, білек соныкі
- Киіз кімдікі болса, білек сонікі, ауыз кімдікі болса, сөз сонікі
- Киім пішсең кең піш, тарылтуың оңай. Темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай
- Киім пішсең кең піш, ісің бітеді
- Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады
- Киіміне қарап, қарсы алады, біліміне қарап шығарып салады
- Көбелек гүлді сағынар
- Көже деген тоқ ас, тұра келсең жоқ ас
- Көже, көже, көзіңе айтайын, сорпадан садаға кет
- Көз - бұлақ, көңіл - сынап. Күнім - базар, түнім - түс
- Көз - қорқақ, қол - батыр
- Көз бір уыс топыраққа тояды
- Көз қорқақ,қол батыр
- Көз мыңды көрер, көңіл бірді сүйер
- Көзден кетсе, көңілден кетеді
- Көзсіз жұмсаған - күш арам, көріксіз істелген - іс арам
- Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады
- Көзі соқырға жолдас болсаң да, көңілі соқырға жолдас болма
- Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман
- Көзі соқырдан қорықпа, көңілі соқырдан қорық
- Көзіне қарама, сөзіне қара
- Көзің ауырса, қолың тый, ішің ауырса, тамағың тый
- Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса,аузыңды тый
- Көзіңді ойып берсең де - дос көңілін қалдырма
- Көкдолыдан дәупері қашыпты
- Көкек айы - көк ішек
- Көктегі жұлдыз жиылса, бірден туған айдай жоқ. Өңкей жарлы жиылса, жалғыз үйлі байдай жоқ
- Көктем гүлдің бағын ашады, көсем елдің бағын ашады
- Көктем, көктем нұрын төккен
- Көктемгі әрекет, күзгі берекет
- Көктемде бір тойдым, көбік қарда бір тойдым» депті-міс тоқты
- Көктемеде жерге түскен бір дән. Күзді күні мың дән болады
- Көктің суын көптен аяма
- Көкшіл болма, епшіл бол
- Көкірек ауру күле кетер
- Көкірек байғұс текірек қағар
- Көкірек таза болмаса, көз тазасы не керек? Жаның таза болмаса, тіл тазасы не керек?
- Көл көлге құяды, сел селге құяды - шұқанаққа дым да жоқ
- Көл тартылса кұс қашар
- Көл толқыса көбігі бетіне шығады, ел толқыса тентегі шетіне шығады
- Көлден кетсе жалбыз мұң, елден кетсе, жалғыз мұң
- Көлденең кісі көңілге қарамайды
- Көлдің көркі - құрақ, таудың көркі - бұлақ
- Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар
- Көлмін" деп көпіресің ішінде бір балығың жоқ
- Көліне қарай - қазы, қысына қарай - жазы
- Көн қатса, қалпына барады. Көпке түскен іс анығына барады
- Көне білмесе, көп жүргеннен сұра
- Көне киім жаңаны сақтайды, кәрі кемпір баланы сақтайды
- Көнектей басыңа шүмектей тілің жау
- Көнектен шошынған бие оңбас, көптен бөлінген үй оңбас
- Көңіл - ашылған нұр, күлкі - ашылған гүл
- Көңіл - қазы, көз - таразы
- Көңіл - сөздің сандығы
- Көңіл жақсы болғаны - өмір жақсы болғаны
- Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?
- Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес
- Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда өңі қашады
- Көңілдегі құпияңды - көзің айтып қояды, көп сөйлеген күпілдеп - сөзің айтып қояды
- Көңілдегі сырды көз білдіреді
- Көңілден көңіл су ішеді
- Көңілдінің үйінде, күнде мейрам, күнде той
- Көңілсізден көзсіз бала туады
- Көңілі пасық ерде дәулет болмас
- Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда
- Көп біл, аз сөйле
- Көп еңбегі - көңілді
- Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі
- Көп жасаған құрдасынан айрылады. Жұғымы жоқ - жолдасынан айрылады
- Көп жасаған құрдасынан көп сөйлеген жолдасынан айрылады
- Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра
- Көп жасағаннан сұрама,көп көргеннен сұра
- Көп жастың ішінде қария болса даң болар, көп кәрінің ішінде бір жас болса дана болар
- Көп жортқан ит күшәлаға кездеседі
- Көп күлкісі күннен де ыстық
- Көп қарттың ішінде бір бала дана болар, көп баланың ішінде бір қарт бала болар
- Көп қорқытады, терең батырады
- Көп малдан айрылғанда, бір малды қасқыр жейді
- Көп ойласаң - дана боласың, көп ойнасаң - бала боласың
- Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын
- Көп сөз ұтпайды, дөп сөз ұтады
- Көп толқыса - хан құлайды, көл толқыса - жар құлайды
- Көп түкірсе - көл болар
- Көп түкірсе, көл болады, көп біріксе, ел болады
- Көп тыңда, аз сөйле
- Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел
- Көп іздеген көмбенің үстінен шығады
- Көпке күл шашпа
- Көпке сөзің ұнаса - шешендіктің белгісі, көп ішінде сөйлеген - көсемдіктің белгісі
- Көпке топырақ шашпа, көмусіз қаласың
- Көппен көрген - ұлы той
- Көптеген жау алады, көмектескен дау алады
- Көптен жау құтылмас
- Көпті жаман басшы тоздырады, жақсы басшы оздырады
- Көпті сыйлағаның, өзіңді сыйлағаның
- Көптің қолы көкке жетеді
- Көпшіліктен береке кетпес, берекелі жерден мереке кетпес
- Көрген жерде ауыл бар
- Көрген, көргенін істейді көсеу түрткенін істейді
- Көргенді көнеден сұра
- Көргенді кісі, көргенін айтар. Көргенсіз кісі, бергенін айтар
- Көргеннен көрмегенін көп. Білгеннен білмегенің көп
- Көргеннен көрмегенің көп, білгеннен білмегенің көп
- Көргенсіз дегенге кек тұтпа, көргеніңнен көрмегенің көп
- Көргені жақсы көш бастар
- Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз
- Көреген басшы елді өсіреді, күшті майдан ерді өсіреді
- Көрмес түйені көрмес
- Көрмесе - жат, көріспесе - ұят
- Көрмесең, білмесең - сарт боласың, бармасаң, келмесең - жат боласың
- Көрпеңе қарай көсіл
- Көрші де көршіден тәлім алады
- Көрші қолайлы болса, қора кең
- Көрші хақысы - тәңір ақысы
- Көршің қолайлы болса, қораң кең
- Көршің қорқақ болса, үркітіп өлтіреді
- Көршің үшін намазыңды бұз
- Көршің шақырса, бір жеңіңді киіп, бір жеңіңді кимей бар
- Көршіңмен ұрыспай айырылыссаң, ұялмай табысарсың. Қардан аппақ нәрсе жоқ, ұстаса қолды тоңдырар
- Көрінген таудың алыстығы жоқ
- Көрінген таудың алыстығы жоқ. Табалдырықтан биік тау жоқ
- Көсеу ұзын болса, қол күймес, ағайынның алғанын, жақыны білмес жат білер
- Көсеуін кқріп қызын біл
- Көсеуің ұзын болса, күймес, ағайының көп болса, ешкім тимес
- Көш жүре түзеледі
- Көш көлікті, көрікті болсын
- Көшбасшысы жоқ болса, ел оңбайды. Құралай бастаған киік оңбайды
- Көшермен болса жұрт жаман, кетермен болса қыз жаман
- Көшерімді жел білсін, қонарымды сай білсін
- Көшкен елдің көмеші болса, еру елдің ерулігі бар
- Көшкен жұрттың қадірі қанғанда өтер, ер жігіттің қадірі өлгенде өтер
- Көшкен жұртыңның парқын қонған жұртыңда білерсің
- Көшкісі келген жұртын жамандайды
- Көшпелі дәулет кімде жоқ. Бірде бар да, бірде жоқ
- Көштің байсал тапқаны, көкорайға қонғаны, даудың байсал тапқаны, төрешіге барғаны
- Куәлі істі куә табар, куәсіз істі күмән табар
- Куәлі істі куә табар, куәсіз істі күмән табар, одан болмаса, иман табар
- Кұртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды
- Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ
- Күйеу күл астында
- Күйінбеген жұрт күйдірген кезінде, құтқарады өзгені де, өзін де
- Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын
- Күлме досқа - келер басқа
- Күлме досыңа - келер басыңа
- Күлтөбеде күнде жиын
- Күлшелі бала - сүйкімді
- Күн аязға айналды, ет азға айналды
- Күн батса, қойға соқпақ табылар
- Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады
- Күн күркіресе, көп дүркірер
- Күн ортақ, ай ортақ жақсы ортақ
- Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады
- Күндес қатын - керіс, мұңдас қатын - өріс
- Күндестердің күлі де - күндес. Махмұд қашқари
- Күннен де білім жарық
- Күннің жаманы кетер, адамның жаманы кетпес
- Күншығыстың діни дерті - религиозный митицизмде байқалады, ұлтшылдықта да сезіледі, болымсыз өнершілдік те көрінеді
- Күншіл адам - мұңшыл. Жүсіп баласағұни
- Күншілдің күні қараң
- Күнің тұман болсын, ауруың тұмау болсын
- Күнің шуақты болсын, көлің суатты болсын, қонысың өрісті болсын, еккенің жемісті болсын, еңбегің келісті болсын
- Күніңде өзім болдым деп - кең пейілге таласпа, артық үшін айтысып - достарыңмен санаспа
- Күркіреген бұлттың жаңбыры аз
- Күріш арқасымен күрмек су ішеді
- Күріш арқасында күрмек су ішеді
- Күріш арқасында күрмек су ішер
- Күріштің арқасында күрмек су ішеді
- Күріштің күні сумен
- Күтпеген қонақ - келімсек
- Күтімі жаман ағаштың бітімі жаман
- Күш - білімде, білім - кітапта
- Күш - бірлікте
- Күш атасын танымас
- Күш-әкесін танымайды
- Күшенген жеңбейді, күші көп жеңеді
- Күштінің арты диірмен тартады
- Күшіңе қарай жүк көтер, мінезіңе қарай дос таңда
- Күшіңе сенбе, ісіңе сен
- Кілем сатсаң, ауылдасыңа сат, бір шетінде өзің отырасың
- Кілемге бергісіз алаша бар, ханға бергісіз қараша бар
- Кім бай болғысы келмейді, құдайы қаламайды. Кім би болғысы келмейді, халқы қаламайды
- Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, оны үйрете алмас ешбір мұғалім. Ж.Баласағұн
- Кімді айтсаң, сол келеді
- Кімді қорласаң, содан зар тартарсың
- Кімнің арбасына отырсаң, соның өлеңін айтасың
- Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың
- Кінәлінің тілі қысқа
- Кірекейді өлтірме, қонжығы қор болмасын
- Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол
- Кісі аты тершіл, кісі киімі кіршіл
- Кісі елінде күркірегенше өз еліңде дүркіре
- Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде сіркіре
- Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол
- Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол
- Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңе ұлтан бол
- Кісі есігі - темір (тоң) есік
- Кісі қатесіз болмас, көл бақасыз болмас
- Кісідегінің кілті аспанда
- Кісіден сұрағанның екі көзі шығады, құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады
- Кісінің кісілігі, киімінде емес, білімінде
- Кітап - алтын қазына
- Кітап - білім бұлағы
- Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім
- Кітаптардың кітабы - қҰРАН
- Кіш" деп айтуға тілі жоқтың көзін қарға шоқыр
- Кішіпейілділік - кісінің көркі
- Кішіпейілділіктен - кішіреймессің