Барлық мақалдар
І әрпінен басталатын мақалдар
- Із жолға жеткізер, жол елге жеткізер
- Ізденбеген ілгерілемейді. Іздеген табады, сұраған алады
- Іздеп алған аурудың емі табылмас
- Іздесең - табасың, алыссаң - аласың
- Ілім - бұлақ білім - шырақ
- Інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың жағасы бар
- Іргесі берік елді жау ала алмас. Ауызы бір елді, дау ала алмас
- Іріген ауыздан шіріген сөз шығады
- Ісек қойдың басы үлкен, саулық қойдың жасы үлкен
- Ісмердің байлығы қолында, кемеңгердің байлығы жолында
- Іссіз тұрған білімді жаңбырсыз бұлттай
- Істеп салдым бір істі, Алла оңғарсын бұл істі
- Істің көзін таппағанның күші зая, еңбегі ештің істеген ісі зая
- Ісі түскенде мүсәпір, ісі біткенде кісәпір
- Ісім жақсы деме, көпке ойлат. Суды саяз деме, құрығыңды бойлат
- Ішкені алдында, ішпегені артында
- Іштен шыққан жау жаман
- Іштен шыққан сұр жылан
- Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде
- Ішін пысса тұз жала
- Ішің күйсе, тұз жала
- Ішіп тоймаған, жалап тоймайды