Барлық мақалдар
И әрпінен басталатын мақалдар
- Игіліктің ерте, кеші жоқ
- Иесіз үйдің оты жанбайды. Қонақ қазанға бір қарайды, қожасының қабағына екі қарайды
- Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал
- Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста
- Иесіне керек болса қоңсы өкпелемейді
- Иесіне керек болса, көршісі өкпелемейді
- Иман тұрар тоқтықта, иман кетер жоқтықта
- Иманды боламын десең-жұманы қалдырма
- Ине - көзінен, адам сөзінен сынады
- Ине өткен жерден жіп өтеді
- Ине өткен жерден жіп өтер
- Ит - жеті қазынаның бірі
- Ит - тойған жеріне, ер - туған жеріне
- Ит - тойған жеріне, ер жігіт - туған жеріне
- Ит арық болса - ауылдың намысы
- Ит аузы тигенмен дария суы арам болмас
- Ит әлі жеткенін талар
- Ит баласы жүре азар
- Ит иесі үшін алады. Бүркіт жемі үшін алады
- Ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайды
- Ит қаппас деме, ат теппес деме
- Ит қорыған жерге өш
- Ит тамағы үшін жүгіреді. Құс тамағы үшін ұшады
- Ит те киімге қарап үреді
- Ит тойған жеріне, ер туған еліне
- Ит төлеуі - бір күшік
- Ит ұяласынан қорықпас
- Ит үрген жерде ауыл бар
- Ит үреді, керуен көшеді
- Ителгі салған ет жейді, атының етін ит жейді
- Ителгінің баласы ілмейқалмас
- Итке темір не керек?
- Итке үкі жараспайды
- Итпен құда болсаң боқпен той етерсің
- Итті иесімен қина
- Итті күшігім десең, аузыңды жалар
- Итті күшігінде үйрет
- Итті қонақ жараспас
- Итті құдай иесімен қинасын
- Итті тепсең - ырысыңды тебесің
- Иттің бажасы көп, құдасы жоқ
- Иттің басын алтын табаққа салсаң шоршып түсер
- Иттің басын алтын табаққа салсаң, шоршып түседі
- Иттің боғы дәрі болса, дарияға тышады
- Иттің жатқан жері - төсегі
- Иттің иесі болса, бөрінің тәңірі бар
- Иттің құлы - итбақай
- Иттің құны - бір күшік
- Иттің ұлығанын бөрі есітпес
- Иттің ырылдасқаны - амандасқаны
- Иттің ішіне сарымай жақпайды
- Иті семіз, малы арық - жер азғаны, ынтымағы болмаса - ел азғаны
- Итін жамандасаң, иесіне тиеді
- Итің жақсы болса - ырысың, көршің жақсы болса - тынысың
- Иілген басты қылыш кеспес