Барлық мақалдар
Д әрпінен басталатын мақалдар
- Дала гүлімен қадірлі, әйел ұлымен қадірлі
- Дала көркі - гүл, ана көркі - ұл
- Далаға түнегенше, молаға түне
- Даланың көркі - ағаш
- Дана білсе де сұрайды, надан білмесе де сұрайды
- Дана, дананы да туған ана
- Данышпан айтса, ел айтқаны, елдің қамын жеп айтқаны
- Данышпан айтса, ел айтқаны, елдің қамын жеп атйқаны
- Данышпаныңды сөксең де, қор болмайды, дәлдірді көтерсең де, зор болмайды
- Дария басы - бұлақ
- Дария жанынан құдық қазба
- Дастарқан үстінде дұшпан да лос
- Дастарқанның басында дұшпан да дос
- Дастарханда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ
- Даттаушы түгел жау емес, мақтаушы түгел ел емес
- Дау - айтыс, барымта - қайтыс
- Дау айтысады, жау атысады
- Дау төртеу болады
- Дауға барсаң, бірің бар, жауға барсаң, бәрің бар
- Дауды елемеген төлейді, ауруды елемеген өледі
- Дауыл - құйыннан, ақша - тиыннан
- Дауылдың алды - жел, жаңбырдың арты - сел
- Дәм мен дидар ғанибет
- Дәнді шашпа, нанды баспа
- Дәніккеннен құныққан жаман
- Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады
- Дәтке - қуат
- Дәулес төрін бермейді, өлсе - көрін бермейді
- Дәулет басса - ет басады, бейнет басса - бит басады
- Дәулет келерінде тойға келген қыздай, кетерінде қолға ұстаған мұздай
- Дәулетті ел - сәулетті
- Дәулеттінің дәмімен
- Дәулетіне қарай сәулеті
- Дәулетіне сәулеті сай, сәулетіне дәулеті сай
- Дегелек келсе, жаз болар, бала-шаға мәз болар
- Демі бардың - емі бар
- Денсаулық - зор байлық
- Денің сау болса, жарлымын деме. Жолдасың көп болса, жалғызбын деме
- Диқан болсаң, қос өгізің тең болсын, шаруа болсаң, қос етегің кең болсын
- Диқан жерін мақтайды, балықшы көлін мақтайды, кәсіпкер кенін мақтайды
- Диқаншы жерін мақтайды, балықшы көлін мақтайды, кәсіпқор кенін мақтайды
- Долы қатын жылауық, сұғанақ қатын - сұрауық
- Дос - басқа, дұшпан - аяққа қарайды
- Дос - егіз, дұшпан - сегіз
- Дос - жылатып айтады, дұшпан - күлдіріп айтады
- Дос - зынданда жатқанда керек, дастархан үстінде - дұшпан да дос
- Дос адам маңайынды жұмақ етер
- Дос айырған боқ жейді
- Дос басыңа қарайды, дұшпан аяғыңа қарайды
- Дос басыңа, дұшпан аяғыңа қарайды
- Дос болып, қатасқаннан сақта құдай
- Дос достың кемшілігін кешіре білер
- Дос емес дос сыртынан жамандаған
- Дос есебі - көңілден
- Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар
- Дос көңілі бір атым насыбайдан қалады
- Дос көп болмайды
- Дос көтерер көңілді, мал көтерер өлімді
- Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар
- Дос та дос, дұшпан да дос мал барында
- Дос табу оңай - сақтауы қиын, жауласу оңай - тоқтауы қиын
- Дос табылса ас табылмайды, ас табылса дос табылмайды
- Дос таппаған ер азар - басшы бақпаған ел азар
- Дос таппай көңіл тыным таппас
- Дос тұтқанды қадірле
- Дос ы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды
- Дос-жаран ауырып қалғанда, елемей селсоқ жүрерсің. Әлекке ауру салғанда, қадірін жанның білерсің
- Досқа - жаз, жауға - аяз
- Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей
- Досқа ауырлығыңды салма, достан қарыз алма
- Досқа күлкі, дұшпанға таба болма
- Доспен дос болғанға шаттан дұшпанмен дос болғаннан сақтан
- Доссыз - өмір тұл, махаббатсыз - өмір тұл
- Доссыз адам, тұзсыз тағам
- Достық пен жолдастық тату үйдің бақыты тасыр, ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар
- Достық туралы көп сөзден достық пейілді бір іс артық
- Достыққа достық - қарыз іс
- Достың ескісі, киімнің жаңасы жақсы
- Достың орны - төр, дұшпанның орны - көр
- Достың санына қарама, жанына қара
- Достың сәні - қимастық
- Досы жоқ адам - тұзы жоқ тағам
- Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас
- Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас
- Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды
- Досы көпті жау алмас
- Досы көптің жаны семіреді, асы көптің тәні семіреді
- Досым, досым дейсің, нанымды алдап жейсің. Арпа, бидай піскенде, досым құрысын дейсің
- Досын сатқан - қасын сатқанмен бірдей
- Досың ауырса ыңқылда
- Досың дос болғанға шаттан, дұшпанмен дос болудан сақтан
- Досың мың болса аз, дұшпаның біреу болса да көп
- Досың ұрса аңқылда
- Досыңа ат берме, ат берсең, ақырын жүр деме
- Досыңа балдай тәтті бол, дұшпанға тастай қатты бол
- Досыңа өтірік айтпа, дұшпаныңа сырыңды айтпа
- Досыңа өтірік айтпа, дұшпаныңа шыныңды айтпа
- Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның
- Досыңмен көп сөйлеспе, жолынан қалтырасың. Дұшпаныңмен көп сөлеспе, сырыңды алдырарсың
- Досыңнан сырыңды жасырма, жауыңды басыңнан асырма
- Досыңның арына тигені - өзіңнің арыңа тигені
- Досыңның асын қасыңдай іш
- Досыңның атын алма, тайын ал
- Досыңның досын, досың ет
- Досыңның пышағымен мүйіз кес
- Дұспанның шырын алам десең, суыртпақтап сырын ал
- Дұшпан біреу болса да көптік етер, досың мың болса да аздық етер
- Дұшпан дос арасынан шығады
- Дұшпан жоқ деме,дұшпан аяқ астында
- Дұшпан көзі төртеу
- Дұшпан не демейді, түске не кірмейді?
- Дұшпан шақырса барма, дос шақырса қалма
- Дұшпанға кеңес берген де акымақ, дұшпаннан кеңес алған да ақымақ
- Дұшпанға сырынды берме, сыр алдырып қырынды берме
- Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол
- Дұшпанды кісі десең басың кетер
- Дұшпаннан түк тартсаң да пайда
- Дұшпанның күлгені - сырыңды білгені
- Дұшпанның шырқын алам десең суыртпақтап сырын ал
- Дұшпаның көзге мақтар, арамдығын ішіне сақтар
- Дұшпаның күлді дегенше, сырыңды білді де
- Дүмше молда дін бұзар, қисық арба жол бұзар
- Дүние кезек
- Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ
- Дүниеде тас қатты, тастан бас қатты
- Дүниеде тас қатты, тасты еріткен ас тәтті
- Ділмәрдің сөзі ұстаның бізінен өткір
- Дін тазасын ой табар
- Дінсіз - кәпір
- Діні басқаның - тілі басқа
- Діні бір дәм береді, діні бөлек діңкелетеді
- Діні пәктің - ділі пәк, ділі пәктің - тілі пәк