Барлық мақалдар
Б әрпінен басталатын мақалдар
- Баба бүркіт барлап ұшады, бала бүркіт парлап ұшады
- Бағбан еңбектің қиыншылығын көрмесе, жұрт жемістің дәмін татпас еді
- Бажа бажаны көрсе, басы қышиды
- Базар - ақшалыға базар, ақшасызға назар
- Базар - бай, алушы - кедей
- Базарға әркім барар, өзіне керегін алар
- Базарға бар да, бағыңды сына
- Базарда бәрі бар, ақшаң болса, әрі бар
- Базарда түйе пұл десе, ауылда қотыр тайлақ ойнақтайды
- Базары жақын байымас
- Бай - жарлының бақташысы
- Бай байға құяды, сай сайға құяды
- Бай байыған сайын қалтырайды
- Бай баласы балпаң, жарлы баласы - жалтаң
- Бай баласы балпаң, жарлы баласы жалтаң, бай күйігі етекте, бала күйігі жүректе
- Бай болам десең, аузыңды бақ
- Бай болсаң аспа, жоқ болсаң саспа
- Бай болсаң, жарлылығыңды айтпа, жарлы болсаң, байлығыңды айтпа
- Бай кісі базарға барса, сұм хабар алар
- Бай мен бай құда болса, арасында жорға жүреді
- Бай мен бай құда болса, достасады, бай мен кедей құда болса, қастасады
- Бай мен кедей құда болса, ілінісіп зорға жүреді
- Бай тойғанынан кекіреді, кедей аштықтан секіреді
- Бай тоқ болмас, батыр аш болмас
- Байға жалтақ, батырға қошемет көп
- Байда - сәурік, жарлыда - байтал
- Байда пейіл болса, кедейде мейір болады
- Байдан жұғар, балдан тамар
- Байдан пайда құтылмас
- Байды құдай ұрайын десе, жортуыл жасайды, биені құдай ұрайын десе, құлын тастайды
- Байдың малы ардақты, жарлының жаны ардақты
- Байдың малы ортақ
- Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық
- Байлық - мұрат емес, кедейлік - ұят емес
- Байлық - ұрылықтың жемісі
- Байлық мұрат емес, жарлылық ұят емес
- Байлық, байлық емес, бірлік байлық
- Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ
- Байлықтың бір тоқтығы, бір жоқтығы бар
- Байлың түбі - бақыл, қазына түбі - ақыл
- Баймен құда болсаң, шіренер, жарлымен құда болсаң, тіленер
- Баймын» деп мақтанба, жарлылық бар, «Көппін» деп мақтанба, жалғыздық бар
- Байтал қысыр болмайды, маңдай қысыр болады
- Байтал түгіл бас қайғы
- Байтал шауып бәйге алмас
- Бақ болмайды басқа бақ, есің барда елің тап
- Бақ кейде тауып қонады, кейде ауып қонады. Тауып қонса, ескертеді, ауып қонса, есіртеді
- Бақ қонатын адамның, ұлы епті, қызы көрікті болады
- Бақ пен дәулет көшпелі
- Бақ-дәулетке мақтанба
- Бақа - көлінде патша, балық - суында патша, жігіт - елінде патша
- Бақа көлін сүйеді, бұлдырық шөлін сүйеді, ер жігіт елін сүйеді
- Бақан - үй тіреуі, төре - ел тіреуі
- Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық
- Бақыт кілті - еңбекте
- Бақыттыға бақ-дәулет бас көтертпейді
- Бақыты зордың - бақталасы да мол. Жанақ сағындықұлы
- Бал тамған тілден у да тамады
- Бал тамған тілден у да тамар
- Бал ұстаған бармағын жалайды
- Бала - адамның бауыр еті
- Бала - ананың бауыр еті
- Бала - ананың бауыр еті, көз нұры
- Бала - артта қалған із, бақыт - ұзатылған қыз
- Бала - ата ананың көз қуанышы
- Бала - әкенің білек еті, ананың - жүрек еті
- Бала - балым, баланың баласы - жаным
- Бала - бауыр етің
- Бала - бауыр, дос - тамыр
- Бала - жаның, мал - иманың
- Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры
- Бала адамның бауыр еті, көз нұры
- Бала ақылды болса ата-ананы оздырады, желбуаз, жетесіз болса жерге қаратып тоздырады
- Бала анаға аян, әкеге күмән
- Бала атадан батпан артық туады
- Бала балдан тәтті, немере жаннан тәтті
- Бала биден де күшті, бірақ бітірмес істі
- Бала болғанын білмес, батыр толғанын білмес
- Бала болса да әркім өз теңімен ойнар
- Бала болсаң болғандай бол, ағайынға қорғандай бол
- Бала болсаң болғандай бол, ағайынға қорғандай бол. Досыңа майыспа, қасыңа қайыспа
- Бала жасындағысын ұмытпайды, таз басындағысын ұмытпайды
- Бала жетесіз болса ата-анасын жерге қаратады. Бала жетелі болса ата-анасын елге қаратады
- Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді
- Бала жүгірсе қарттың қарап отырып аяғы ауырады
- Бала кезде нені әдет етсең соның шырмауында қаласың
- Бала күлкіге тоймас, болбыр ұйқыға тоймас
- Бала қадірін балалы болғанда білерсің
- Бала ойынмен өседі
- Бала өз несібесін ала туады
- Бала өсті дегенше, батыр өсті десейші. Батыр өнер білмесе, қапыл өсті десейші
- Бала соққан кездіктің басы жарық
- Бала тапқандікі емес, баққандікі
- Бала тәрбиесі - бесіктен
- Бала тентек болатыны - үйінен, ердің тентек болатыны - биінен
- Бала тілі - бал
- Бала, баланың ісі - шала
- Балаға айтқан сыр - байланбаған бұзау (Шәкәрім)
- Балаға әкенің бағы бақ болмайды, малы мал болмайды
- Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер, шайқап сөйлесең көрсетер бір "өнер"
- Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер, байқамай шайқап сөйлесең, көрсетер бір «өнер»
- Балаға жанның ашуы бірдей, қай қолынды кессең де жанға батуы бірдей
- Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең - екі жылар
- Балажанды биелер құлындарын теппейді, балажанды адамды бала айналып кетпейді
- Балалы марал маңырайды, баласыз марал зарлайды
- Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар
- Балалы үй ұрлығын жасыра алмайды
- Балалы үйдің ұрлығы жатпас
- Балам - балым, баланың баласы - жаным
- Баламен жолдас болсаң, бала боларсың, қариямен жолдас болсаң, дана боларсың
- Баланың көңілі анада, анансының көңілі қызында, қызының көңілі жігітте
- Баланың өзі болғандай, келіннің өзі келгендей
- Балаң бала болсын десең, оқыт, мал аяма!
- Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы. Балаң жаман болса, жердің асты жақсы
- Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы
- Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер, байқамай көп сөйлеген, жұрт ішінде өлер
- Балапан басына, тұрымтай тұсына
- Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады
- Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі
- Балдан тамады, бардан жұғады
- Балдыз балдан тәтті
- Балмен де болма, балсыз да болма
- Балуанның жаманы, жығылған соң қалтырар, күзетшінің жаманы алдырған соң талтаяр
- Балық басынан шіриді, су басынан бұзылады
- Балық іздесең көлге бар, береке іздесең елге бар
- Балықшы балықшыны алыстан таниды
- Бар барын айтады, жоқ зарын айтады, құда базына айтады, құдағи назын айтады
- Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді
- Бар мақтанса, табылар, жарлы мақтанса, шабылар
- Бар шабылса, табылар, жоқ шабылса, тарығар
- Бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін қоймаған
- Барамын деп аспа, жоқпын деп саспа
- Барар жерің - балқан тау, ол да біздің барған тау
- Барар жерің балкан тау, ол да біздің көрген тау"
- Барға - мәзір, жоққа - қанағат
- Бардың базары жанында
- Бардың қатыны өлсе төсегі жаңғырар, жоқтың қатыны өлсе басы қаңғырар
- Барлық не жегізбес, жоқтың не дегізбес
- Бармақ басты, көз қысты
- Бармын деп тасыма, жоқпын деп жасыма. Кеудеде жан барда, әр іс түсер басыңа
- Барымен базар, жоқты қайдан қазар
- Барымта алған мал емес, қуып алған құн емес
- Барымтаны бай алады, бәлесі кедейге қалады
- Барында батып іш, құрт, майыңды қатып іш
- Бас аманда мал тәтті, бас ауырса, жан тәтті
- Бас ауырса, жан қорқар
- Бас болмақ оңай, бастамақ қиын
- Бас екеу болмай, мал екеу болмас
- Бас екеу болмай, мал төртеу болмас
- Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде
- Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ
- Бас-басыңа бай қайда, шал да болса тиіп ал
- Бас-басыңа би болсаң, мана тауға симассың. Бір данаға жол берсең, жанған отқа күймессің
- Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың
- Басқа пәле - тілден
- Басқа түссе басбақшыл
- Басқа түссе, баспақшыл
- Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. Сенека
- Баспас ат, өтпес пышақ - жұрт айтады. Жігітті осы екеуі қартайтады
- Бассыз үй болса да, ассыз үй болмайды
- Бассыз үйдің иті осырақ
- Бастан құлақ садақа
- Бастық кеткенше, адам өлгенше ғана сыйлы
- Басшысын таппаған ел азады, жолдасын таппаған ер азады
- Басы аманның - малы түгел
- Басы ауырып, балтыры сыздамағанның тәңіріменен ісі жоқ
- Басынан күн, аяғынан ай туған
- Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер
- Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді. Жаман күліп өтеді
- Басыңа іс түссе: бекке барма, көпке бар, бек беліңді сындырады, көп ісіңді тындырады
- Басытқыға бал ішкен, сусынына шай ішкен
- Бата ескірмейді
- Баталы сөз - балаға азық
- Батар күннің атар таңы бар
- Батпағы бар көлдерден су ішетін сай артық. Қамшылатқан шабаннан өзі жүрер тай артық
- Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады
- Батыл болсаң, батыр да боласың
- Батыр - елдің сәулеті, балқұрақ - көлдің сәулеті
- Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі
- Батыр жауда көрінеді, данышпан дауда көрінеді
- Батыр жігіт жол бастар, ақын жігіт той бастар
- Батыр қол бастар, шешен сөз бастар, көсем жол бастар
- Батыр туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы
- Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды
- Батырдан сауға, мергеннен сыралғы
- Батырды «бәрекелді» өлтіреді
- Бауыр шырын, бас тәтті, ағайынмен ішкен ас тәтті
- Бауыры бүтін пенде жоқ
- Бауыры бүтін, басы аман
- Баяғы жартас - бір жартас
- Бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық
- Бәйгі алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық
- Бәйтерек бұтағымен, адам ұрпағымен жасайды
- Бәледен машайық та қашыпты
- Бәрінен де жоқ жаман
- Бәсеке, байлық кімде жоқ, бірде бар да, бірде жоқ
- Бейбіт елде береке бар
- Бейнет - жалпақ, дәулет домалақ болар
- Бейнет, бейнет түбі - зейнет
- Бейнетсіз дәулеттің рахаты жоқ
- Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар
- Бейтаныс кісі - бітеу жаңғақ
- Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ. Бүгінгі дос ертең жау (Абай)
- Бейілі жаман кісіден көшеді, өз асын өзі жасырып ішеді
- Берген алар, еккен орар
- Берген ас түске жетпейді, ниет естен кетпейді
- Берген жомарт емес, алған жомарт
- Берген перде бұзар
- Берекесіздің ауылы мерекесіз
- Беретін кісі келгенде, бес қайнайды қазаным
- Бермесе де бай жақсы, жемесе де май жақсы
- Берместің асы піспес, қазаны оттан түспес
- Берместің сылтауы көп
- Берместің үйінде бесті қымыз тұрады
- Бес тоғыста қар кетпес, үш тоғыста қар қалмас
- Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір мұрат. Алдынан түсіп ананың жүргенін көрген бір мұрат
- Бет көрсе, жүз ұялады
- Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме
- Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме, ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме
- Би айтқанды құл да айтады, тек құл аузының дауасы жоқ (Төле би)
- Би болған кісі бақырып бола ма екен
- Би болмақ ініден, белге шықпақ баладан
- Би болмас белін жалпақ буғанменен, ағармас асылы арам жуғанменен (Әбубәкір)
- Би болмасаң болма, би түсетін үй бол
- Би екеу болса, дау төртеу
- Би екеу болса, дау төртеу болады
- Би жаманы дауға алдырады, жігіт жаманы жауға алдырады
- Би жоқта жораға құл жүреді
- Би жоқта құл жүреді жораға, ит жоқта шошқа үреді қорада
- Бидай қырда, күріш сырда, жемістердің ғажабы жетісуда
- Бидайдың басын көтергені - дәні жоқтығы; жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы
- Бидің жолы - ақ, судың жолы - сара
- Бие құлындамаса ат болады, ағайын-жекжат барысып-келіспесе жат
- Билік айту оңай, біліп айту қиын (Шақшақ жәнібек)
- Билік мыкты болса, тірлік құгты болады
- Бит қабығынан биялай тоқыған
- Битке өкпелеп тоныңды отқа жақпа
- Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма, жақсының атын естіп үйіне барма
- Биік таудың басы қыс, бауыры жаз
- Биікке шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады
- Биің алаң болса, жұртың ылаң болар
- Биің қылаң болса, елің ылаң болады
- Бозбала бастаған ел оңбас, құралай бастаған киік оңбас
- Бойымдай бой табылса да, ойымдай ой табылмас
- Болар адам - он бесінде бас болар, болмас адам - қырық бесінде жас болар
- Болар бала - боғынан
- Болар елдің баласы бірін-бірі батырым дейді
- Болар елдің баласы, бірін-бірі батырым дейді, тозар еддің баласы, бірін-бірі қатыным дейді
- Болар іс болды, бояуы сіңді
- Боларыңда болып өт, бозжорғадай желіп өт. Болмасыңды білген соң, болатын ердің қосын жек
- Болат біз қап түбінде қалмас
- Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады
- Болған кісі, болдым демес, болдым десе, болғаны емес
- Болдырған ат болпақ
- Болмайтын істің басыңда болма, бітпейтін даудың қасыңда болма
- Болса, данам, көңіл тура, тіл майда, ризығың таусылмайды ондайда
- Боранда күні ит пен бала құтырады
- Боранды күні боқ құтырады, бала мен ит құтырады
- Борсықты ұрған сайын семіреді
- Бос кеуделер көрсе дәулет шіркінді, тістей қатар бос жібермей бір күнді
- Босағаң төрдей болсын
- Бота алғанша бата ал
- Бота ойнақтаса- молшылық, тайлақ ойнақтаса - тоқшылық, кәрі түйе ойнақтаса - жоқшылық
- Бота тайлағымен, ауыл аймағымен
- Ботасыз іңген боздайды, баласы өлген ананың, қайғы-шерін қозғайды
- Бояушы бояушы дегенге сақалын бояпты
- Бояушы, бояушы дегенге, сақалын бояр
- Бояушы, бояушы» дегенге сақалын бояйды
- Бөдененің үйі жоқ, қайда барса бытпылдақ
- Бөдененің үйі жоқ, қайда барса бытпылдық
- Бөлем, бөлем үшін өлем
- Бөлемісің? Бөлені көре тұра өлемісің?
- Бөлінген бүлінеді
- Бөлінгенді бөрі жейді
- Бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанды жау жейді
- Бөркіңді беріп бөріден құтылмайсың
- Бөрі азығы мен ер азығы жолда
- Бөрі азығы мен ер азығы жолында
- Бөрі азығы мен ұры азығы жолда
- Бөрі арығын білдірмес, итке сыртын қампайтар
- Бөрі баласын асырағанмен ит болмас
- Бөрі соғар жігіттің бөрігінен белгілі. Балта соғар жігіттің көрігінен белгілі
- Бөрікті тастап, бөріден кұтылуға болмайды
- Бөріктінің намысы бір
- Бөтен жердің гүлінен туған жердің тікені артық
- Бр қыздың айласы қырық есекке жүк
- Бұға берсең, сұға береді
- Бұзылған елдің ішіне сормандай би кез болар (Толе би)
- Бұйырмағанын айдап жүрмін, бұйырғанын шайнап жүрмін
- Бұйырмаса, бұттан кетеді
- Бұқаны көрген бұзау оңа ма?!
- Бұқаның өзі қартайса да, өзі қартаймайды, жақсының өзі қартайса да, көңілі қартаймайды
- Бұл не қылған батпан құйрық, тегіннен-тегін жатқан құйрық?
- Бұлағы болмаса өзен де саркылар
- Бұлақ көрсең, көзін аш
- Бұлаққа бұлақ қосылса, егізбіз дейді. Көлге көл қосылса, теңізбіз дейді
- Бұлбұл гүлзарын сүйеді, адал адам отанын сүйеді
- Бұлбұлға бау жақсы, кекілікке тау жақсы
- Бұлт қайда қонса, береке сонда қонар
- Бұлттан шыққан күн ащы, жаман қатынның тілі ащы
- Бұралқы сөз - бұтыма
- Бұратынына бұрады, бұрмайтынын қос қолдап ұрады
- Бұршақ жауса, басын қорғар
- Бұрын айтылмаған білімді жұрт сөзіңнен таниды
- Бұрын қонған қоныс алады, кейін қонған өріс алады
- Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер
- Бұрынғының кісісі - бүгінгінің кішісі
- Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма
- Бүгінгі қазақ баласы - қырық жылғы қазақ баласы емес
- Бүгінгі қанағаттанбаудың себебі, тіпті, бұл күнгі табиғатқа ырза болмағандық
- Бүгінгінің қартымыз, кешегінің артымыз
- Бүйірден соққан жау жаман. Гүрілдеп келген жаудан, күлімдеп келген жау жаман
- Бүлаққа бүлақ қосылса - "егізбіз" дейді, көлге көл қосылса - "теңізбіз" дейді
- Бүлінген елден, бүлдіргі алма
- Бүлінгенді бөрі асайды, жарылғанды жау жейді
- Бүлінгеннен бүлдіргі алма
- Бүркіттің сайрағаны өлгені
- Былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледі
- Быламық бетінен сыйды, көже түбінен сыйды
- Быламық ішейін деген асым ба еді, тоқсан көрейін деген жасым ба еді
- Біз де қатын болармыз, қапқа тары салармыз
- Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады
- Білген кісі ұрыны пақыр дейді, білмеген кісі ұрыны батыр дейді
- Білгенге - тоғыз, білмегенге - тоқсан тоғыз
- Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз
- Білгеніңді сөйлеме, не сөйлегеніңді біл
- Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады
- Білегіңе сенбе, біліміңе сен
- Білек бірді,ақыл мыңды жығады
- Білек сүріндіре алмағанды, білім сүріндіреді
- Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады
- Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
- Білем деген - көп сөз, білмеймін деген - бір сөз
- Білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз
- Білмесең үндеме, білгенді күндеме
- Біліксіз биік болса дәулетімен, білікті биігірек сәулетімен
- Білікті адам жұрт тынғанда сөйлейді
- Білім - арзан, білу - қымбат
- Білім - бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ - әлдекімнің азығы
- Білім - елге, су - жерге
- Білім - ер азығы, ер - ел азығы
- Білім - қымбат қазына, қанағат тұтпа азына. Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады. Мұзафар әлімбаев
- Білім алып құрасын, еңбек етіп сұрасын
- Білім ауысады, ырыс жұғысады
- Білім басы - бейнет, соңы - зейнет
- Білім гауһар - бағасы жоқ. Надандық кесел - дауасы жоқ
- Білім қымбат, білу қымбат
- Білім таппай мақтанба, өнер таппай баптанба
- Білім іздеген өсер, бүлік іздеген өшер
- Білімді әр нәрсенің байыбын айтады, білімсіз біреудің айыбын айтады
- Білімді бесіктен тесікке дейін ізден
- Білімді өлсе, қағазда аты қалар. Ұста өлсе, істеген заты қалар
- Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп
- Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні кәріп
- Білімдіден ақыл шығар, ақылдан нақыл шығар
- Білімдіден ақыл шығар. Ақылды қарттан нақыл шығар
- Білімнің басы - бейнет, соңы - зейнет
- Білімнің басы - бейнет, түбі - зейнет
- Білімсіз адамның сөзі білектей, білімді адамның сөзі жібектей
- Білімсіздік хайуандық болады
- Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл
- Біліп тұрсаң да, сұрап ал
- Бір ауылда бір үй аш болса, бір ауыл аш болады
- Бір аштықтың бір тоқтығы болады
- Бір аяғы жерде, бір аяғы көрде
- Бір байдың жұртына, екі байғұс таласады
- Бір баласы бардың, шығар-шықпас жаны бар. Екі баласы бардың, жүрегінде жалы бар
- Бір биеден ала да, құла да туады
- Бір гүл толып ашылады, бір гүл солып ашылады
- Бір де болса - бірегей сүт бетінде кілегей
- Бір елі ауызға - екі елі қақпақ
- Бір жақсы сөз бітірер көңілдің бар жарасын
- Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар
- Бір кем дүние
- Бір көзім қорада, бір көзім молада; бір көзім балада, бір көзім далада
- Бір көрген - біліс, екі көрген - таныс
- Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама
- Бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем
- Бір күн дәм-тұзын татқанға қырық күн сәлем
- Бір күн қарны ашқаннан, қырық күн ақыл сұрама
- Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар
- Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік азық ал
- Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолазық ал
- Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді
- Бір кісі мың кісіге олжа салар
- Бір кісі таққа мінсе, қырық кісі атқа мінеді
- Бір қазаға екі жаза жоқ
- Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді, бір жақсы мың қолды ерітеді
- Бір қатынның қырсығы қырың есекке жүк болған
- Бір қозы туса, бір түп жусан артық өсер
- Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады
- Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді
- Бір құмалақ,бір қарын майды шірітеді
- Бір қыз күйеуге шықса, қырық қыз түс көреді
- Бір қыз тұрмысқа шықса,мың қыз түс көреді
- Бір лақ екі адамды талтаңдатады
- Бір мылтықтың аузына мың кісі сыяды
- Бір оқты бұлан көтереді, екі оқты құлан көтереді
- Бір сауда иіп кетеді, бір сауда киіп кетеді
- Бір сынаған жаманды, екі қайтып сынама, өлшеп-пішпей шамаңды, құр жаныңды қинама
- Бір тал кессең, он тал ек
- Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойғыза алмады
- Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алмай
- Бір теңге бие болмайды, екі теңге түйе болмайды
- Бір тойда екі жар жоқ
- Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар
- Бір түлікке бай болғанша, әр түлікке сай бол
- Бір-бірлеп мың болар, тама-тама көл болар
- Бір-бірімен көңілдері суыспай, қатар қонған екі көрші туыстай
- Бірге тумақ болса да, бірге өлмек жоқ
- Бірде бие, бірде түйе
- Біреу болса - құда, екеу болса - ұя
- Біреу білмегенді, біреу білер, біреу жылайтынға, біреу күлер
- Біреу білмегеңді, біреу білер, біреу жылайтынға, біреу күлер
- Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас
- Біреу тойға айналды, біреу қойға айналды
- Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді
- Біреуге деп көр қазба, өзің түсерсің
- Біреуге елден береді, біреуге жерден береді
- Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы
- Біреуге ор қазба, өзің түсесің
- Біреуді мазақтағаның - өзіңді азаптағаның
- Біреудің біреу бағын көп көреді, біреуді біреу алдап жеп келеді. Би-шешендер
- Біреудің тауығын жесең, қаз байла, біреудің малын жесең, қыз байла
- Біреуің бас, біреуің аяқ бол, біреуің құйрық, біреуің қанат бол
- Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады
- Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар
- Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ
- Бірлік - барлық, байлық, бақыт
- Бірлік бар жерде - тірлік бар
- Бірлік болмай - тірлік болмас
- Бірлік болмай, тірлік болмайды
- Бірлік білекте емес, жүректе
- Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, ұйым жоқ болса, күйің жоқ
- Біршілік болмай - тіршілік болмайды
- Біріккен жүз, бытыраңқы мыңды алады
- Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық
- Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең - істің бәрі бос
- Бітер істің басына, жақсы келер қасыңа
- Бітер істің басына, жақсы келсін қасына
- Біткен іске сыншы көп
- Біткен іске сыншы көп, піскен асты жеуші көп
- Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар, туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар