Барлық мақалдар
Ә әрпінен басталатын мақалдар
- Әдебиеттің зор міндетінің бірі - елдің мінезін түзеу
- Әдемі боламын десң-салонға бар
- Әдеп басы - тіл
- Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма
- Әдепсіз үйге кіріп болмас, әкімсіз жұртта тұрып болмас
- Әдепті адам - арлы адам, әдепсіз адам - сорлы адам
- Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала
- Әдепті қыз, ақылды ұл - өкпе-бауыр, жүрегің... Байсерке абыз
- Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені
- Әділ айтқан жеңер
- Әділ айтсаң ағайынға жақпайсың, әзіл айтсаң маңайыңа жакпайсың
- Әділ би халық үшін, залым би құлқын үшін
- Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның елін жау араламайды
- Әділ бидің өлгені - сөзінің болса жалғаны. Ғұламаның өлгені - болмаса тәлім алғаны
- Әділ сөздің зілі жоқ, көп көзінен өткен істің міні жоқ
- Әділ іс ағын судың арнасыңдай. Әділ сөз болат семсер алмасындай. (Шораяқтың омары)
- Әділ істің арты игі
- Әділдіктен қашпа
- Әділет бізден, төрелік көптің хақы (Төле би)
- Әділет қылышы кескен қол ауырмас
- Әділсіз болса би оңбас, әйелсіз болса үй оңбас
- Әділін айтсаң - әдемі айтқаның
- Әжім - әжемнің әрі, демеңіз оны кәрі, кәрінің сөзі - дәрі
- Әз (Наурыз) болмай, жаз болмайды, жаз болмай, мәз болмайды
- Әзіл - әзәзілден, қалжың - шайтаннан
- Әзіл сөз әзіл емес, құрған тұзақ, тұзаққа түскен соң кетпейді ұзап
- Әзіл түбі - апат
- Әзіл түбі - зіл
- Әзілде кек жоқ, күлкіде шек жоқ
- Әзілдің алысқа бармағаны абзал
- Әзілдің алысқа бармағаны жақсы
- Әзілің жарасса; атаңмен ойна
- Әйел - үйдің көркі, еркек - түздің көркі
- Әйел адам сырынды алса, дұшпан үштен бірін алады
- Әйел сырын әйелден сұра
- Әйелді бастан, баланы жастан
- Әйелді теппе аяқпен, баланы ұрма таяқпен, әйелді тепсең, сағы сынады, баланы ұрсаң бағы сынады
- Әйелдің қары, еркектің қоры күлегеш
- Әйелдің пірі - бибі фатима
- Әйелі жоқ үй - жетім
- Әйелі өлген қызды ауылға қарап жылайды
- Әйелінен сескенген ауылдасына шай іш демейді
- Әке - асқар тау, ана - ағар бұлақ
- Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ
- Әке - тірегің, ана - жүрегің
- Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
- Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы
- Әке өкшесін баспаған ұл оңбайды, шеше ернін қыспаған қыз оңбайды
- Әке тұрып бала сөйлесе - шіркіндігі, аға тұрып іні сөйлесе - еркіндігі
- Әке тұрып ұл сөйлегеннен, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без
- Әке тұрып ұл сөйлесе - ержеткені, шеше тұрып қыз сөйлесе - бойжеткені
- Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без
- Әке-шеше бар болсын, аузы, мұрны жоқ болсын
- Әкеге бағыну - Аллаға бағыну, әкеге қарсылық - Аллаға қарсылық
- Әкемді алсаң, ал, құдай, шешемді алма. Шекпен тоқып берсе де, өлмеймін ғой
- Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер
- Әкенің жақсылығы жездедей, жезденің жақсысы әкедей
- Әкең барда ел таны, көріп жүріп, атың барда жер таны, желіп жүріп
- Әкесі құрдастың баласы да құрдас
- Әкесіз жетім - жарты жетім, анасыз жетім - нағыз жетім
- Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды
- Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар. Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар
- Әкім әділ болмаса, халық бұзылады, сауда әділ болмаса, нарық бұзылады
- Әкім тура болмаса, жұрт бұзылар, саудагер жаман болса, нарық бұзылар
- Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады, саудаң әділ болмаса нарық бұзылады
- Әлін білмеген әлек
- Әліппенің ар жағы - білім бағы
- Әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас
- Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер
- Әңгіме жол қысқартады
- Әр әзілде бір мысқал шындық бар
- Әр бақа өз батпағын мақтайды
- Әр гүлдің исі басқа, әр жердің жынысы басқа
- Әр елдің заңы баска, иттері қарақасқа
- Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа
- Әр нәрсе уақытымен қызықты
- Әр нәрсе уақытында қызықты
- Әр нәрсеге асық болғанша, бір нәрсеге машық бол
- Әрбір ақылсыз надан арсыз келеді
- Әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады
- Әрбір ғалым хакім емес, әрбір хакім ғалым
- Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады
- Әрбір жаманшылықтың, жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады
- Әрбір қайратсыз қорқақ мақтанғыш келеді
- Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілікті бітіреді, күншілік күншілікті қозғайды
- Әрбір мақтаншақ қорқақ ақылсыз, надан келеді
- Әрекет түбі - берекет
- Әркім жолдас болады амандықта, жаман тастап кетеді жамандықта
- Әркім өз кездігімен өлшейді
- Әркім өз несібесін теріп жейді
- Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне
- Әркімнің жүрген жері - мысыр шаһары
- Әркімнің мінген аты - өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары - өзіне сұңқар
- Әркімнің өз жері - жұмақ
- Әркімнің өз жері - мысыр шаһары
- Әркімнің өз қолы өзіне қарай бүкір
- Әрлі болғанша, арлы бол
- Әрне көрсең тірлікте, сыйласқан жақсы бірлікте
- Әсіреқызыл тез оңар
- Әуелгі байлық - ден саулық, екінші байлық - он саулық, үшінші байлық - ақ жаулық
- Әуелгі байлық - денсаулық
- Әуелі бойыңда талант болсын, талантыңа талабың қанат болсын
- Әуелі жапа көрмей, опа болмас
- Әуелі тәңірі жерге береді, жерге берсе елге береді, елге берсе ерге береді
- Әуеліде «бар» болып, ақырында «жоқ» болу шариғатқа қилап
- Әулекі би ат үстінен билік айтар
- Әулие аттаған оңбайды
- Әулиенің кереметі тартар, байдың несібесі тартар
- Әшейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас