Барлық мақалдар
А әрпінен басталатын мақалдар
- Абыройлы болар жігіттің алғашқы ұрлығы ашылар
- Аға - алғанша, жеңге - жегенше
- Аға - бор, іні - тас
- Аға алдында арсыз іні сөйлейді
- Аға алдында пейілінді көрсет, іні аддында мейірінді көрсет
- Аға алдында пейіліңді көрсет, іні алдында мейіріңді көрсет
- Аға әдепті болса іні әдепті, апа әдепті болса сіңлі әдепті
- Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақүл айт
- Аға еңбекпен көркем, бала біліммен көркем
- Аға өлсе жеңге мұра, іні өлсе келін мұра
- Аға ініге ұстаз, апа сіңліге ұстаз
- Аға ішкен бұлақган інісі де су ішеді
- Аға ішкен бұлақтан, іні де су ішеді
- Ағадағы мал - аспандағы мал, інідегі мал - індегі мал, баладағы мал - даладағы мал
- Ағадан - ақыл, атадан - нақыл
- Ағадан ақыл, ініден ізет
- Ағадан қалғанды іні киіп өседі, ападан қалғанды сіңлі киіп өседі - көргендерін бойына түйіп өседі
- Ағайын - ағайынның айнасы
- Ағайын - алтау, ана - біреу
- Ағайын ала болғанда, ауыздағы ас кетер. Аңдыған дұшпан көбейіп, жау қолында бас кетер
- Ағайын бірде араз, бірдетату
- Ағайын жат та болса көзге тәуір, өкпем жоқ, кеудемдегі бәрі - бауыр
- Ағайын жоқ болсаң - бере алмайды, бар болсаң - көре алмайды
- Ағайын қадірін білмесең, жалғыздық берсін сазаңды
- Ағайын мен жекжат арасын, майына мінген ат айырады немесе оқымаған бата айырады
- Ағайын өкпеге қиса да, өлімге қимайды
- Ағайын тату болса - ат көп, абысын тату болса - ас көп
- Ағайын тату болса ат көп болар, абысын тату болса ас көп болар
- Ағайын-туыс кімде жоқ, сыйласпаса жат жуық
- Ағайынға ала көз бола қалсаң - аузыңдағы несібеңді біреу жемек. Төле би әлібекұлы
- Ағайынға қарап мал өсер, қарағайға қарап тал өсер
- Ағайынның азары болса да, безері болмайды
- Ағайынның азары болса да, безері болмас
- Ағайынның алтын сарайынан, ананың жыртық лашығы артық
- Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын
- Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің
- Ағайынның қызығы - алыс-беріс, құдалықтың қызығы - барып-келіс
- Ағайынның сырты бүтін, іші түтін
- Ағайының бай болса, асағаның май болар
- Ағайының барда дұшпаным жоқ деме, абысының барда күндесім жоқ деме
- Ағаның үйі - ақ жайлау
- Ағаның үйі - ақ мешіт
- Ағасы ақылдының ауылы азбайды, жеңгесі шебердің жеңі тозбайды
- Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар
- Ағасы ұрар болар, інісі тұтар болар
- Ағасына қарай інісі, апасына қарай сіңлісі
- Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек
- Ағаш көркі-жапырақ,адам көркі-шүберек
- Ағаш тамырымен мықты, адам дос - жарымен мықты
- Ағаш тамырымен, адам досымен мықты
- Ағын су - тегін су
- Ағын су ақ татыр, ақ шабағы бал татыр
- Ағын су арнасын табады
- Ағын су бал татыр, ақ шабағы май татыр
- Ағын су жолын табады, ақ адам оңын табады
- Ағын судың арамдығы жоқ
- Ағын суы бал татыр, ақ шабағы май татыр
- Ағынмен су зораяр
- Адал жүріп, адал тұр
- Адалдық - ардың ісі
- Адалдық ана сүтінен де абзал
- Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді
- Адалдық үшін арыдым деме
- Адам - керуен, өмір - жол
- Адам - түп ата, хауа - түп ана
- Адам адамға, жан кеудеге мейман
- Адам айдаса барман, дәм айдаса қалман
- Адам ақылымен бай, жер дақылымен бай
- Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында
- Адам асыққанмен Алла асықпайды
- Адам баласы сөйлескенше, жылқы баласы кісінескенше
- Адам баласына адам баласының бәрі - дос
- Адам баласының ең жаманы - талапсыз
- Адам болар бала алысқа қарайды
- Адам болар жігіттің, жары өзіне лайық. Керуен бастар жігіттің, нары өзіне лайық
- Адам болып туған соң, адам болып өлу лазым
- Адам бір-біріне қонақ
- Адам деген ардақты ат
- Адам елінде көгерер, қоға көлінде көгерер
- Адам жүрген жермен адам жүреді, біреу білмегенді біреу біледі
- Адам жылап туады, жылап өледі
- Адам жылқы мінезді
- Адам көңілінен азады, тілінен жазады
- Адам көркі - шүберек, ағаш көркі - жапырақ
- Адам қайғысы - заман қайғысы
- Адам құлақтан азады, қаңқудан тозады
- Адам қырықта - қылау, елуде - елік
- Адам мен адам арасы, аспан мен жердей
- Адам ойға тоймас, бөрі қойға тоймас
- Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас
- Адам өзгерумен бірге қауым, халық өсумен ілесе біздің өлкеміз де өзгерді
- Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше
- Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады
- Адам тілінен табады, сиыр мүйізінен табады
- Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді
- Адамгершілік болмай, әділдік болмас
- Адамға Алла береді, адамның ниетіне қарай береді
- Адамзат - бүгін адам, ертең - топырақ
- Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті
- Адамнан үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ
- Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады абай құнанбайұлы
- Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады. Абай құнанбаев
- Адамның ана сүйегін, әке қанын, тәңірі жанын береді
- Адамның басы - Алланың добы
- Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады
- Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады
- Адамның күні - адаммен
- Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ
- Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде
- Адамшылықтың алды - махаббат, ғаделет
- Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң
- Адаспаймын деген ерді қараңғы түн, қалың тұман адастырады
- Адаспаймын деген жігіт, талтүсте адасады
- Адассаң еліңмен адас
- Адыра қалды бақ, дәулет, еңбек енді шын дәулет
- Ажал ажарға қарамайды
- Ажал Алладан, амалы адамнан
- Ажалды қарға бүркітпен ойнайды
- Аз ақшаға алданып, өнбес іске жалданба
- Аз ас, көп ниет
- Аз асқа жасауыл болма, көп асқа бөгеуіл болма
- Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер?
- Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады
- Аз қойда айран бар да, өре жоқ
- Аз қойда айран бар, өре жоқ, аз елде азар бар, төре жоқ
- Аз сөз алтын, көп сөз көмір
- Аз сөйле, көп тыңда
- Аз сөйлеп, көп тыңдайды
- Аз-аздан үйреніп дана болар, бір-бір тамшыдан жиналып дария болар
- Азаматқа өмірден де ар қымбат,өлімнен ұят күшті
- Азаматтық жасай алмаған адам - бұл өмірге келмеген адаммен бірдей
- Азапсыз махаббат - арзан махаббат
- Азат елдің аспаны ашық
- Азат елін сүйген ұл - бақытты, жаңа жұртын сүйген қыз - бақытты
- Азға - қанағат, көпке - шүкір
- Азған денеге ауру үйір
- Азды аяған көптен құр қалар
- Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол
- Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді
- Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсы - ортақ
- Ай бетіндеде дақ бар
- Ай жарығы - әлемге, шам жарығы - түбіне
- Ай жүр, аман жүр
- Ай көрмесе, ағайын жат, жыл көрмесе, жекжат жат
- Ай көрмесең туысың жат, жыл көрмесең жолдасың жат
- Ай толғанын білмес, жігіт болғанын білмес
- Ай шалқасынан туса, ай бойы аяз
- Айға жетпес асыңды, ауылдастан аяма
- Айғырды аладан салсаң, атты аладан мінесің. Айғырды құладан салсаң, атты құладан мінесің
- Айдағаны - бес ешкі, ьІсқырығы жер жарады
- Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады
- Айдалада атқан оқ ажалдыға тиеді
- Айды аспанға бір шығарды
- Айдың ізін ай басар, аттың ізін тай басар
- Айла - алтау, ақыл - жетеу
- Айла алтау, ақыл жетеу, айла мен ақыл қосылса, алдырмайтын екеу
- Айлалы батыр алдырмас
- Аймақ құты - ақсақал, ауыл құты - бәйбіше
- Айналдырған ауру алмай қоймас, бұлттанған күн жаумай қоймас
- Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады
- Айран ішкен құтылар, аяқ жалаған тұтылар
- Айран ішсең ас болады
- Айрығысы келген дос, аяулыңды сұрайды
- Айрылғанды аю асайды, бүлінгенді бөрі асайды
- Айрылыссаң - азарсың, қосылсаң - озарсың
- Айт - аттынікі, той - тондынікі
- Айт, арапада өтірік сөйлегеннің намаз күні жүзі қара
- Айтқан жерде бәле жоқ, ақ жүргенге жала жоқ. Қауіп қайдан болса қатер сонан
- Айтқызған - жамандықтың белгісі, қамшылатқан - шабандықтың белгісі
- Айтпаса сөздің атасы өлер
- Айтсам, тілім күйеді, айтпасам, ділім күйеді
- Айтсаң, тілің күйеді, айтпасаң, дінің күйеді
- Айтулы достың малы бір
- Айтулы достың малы бір, кемедегінің жаны бір
- Айтылады тілменен сөз, сыр ішің, жақсы сөз де, білсең, бедел, ырысың
- Айтылған сөз - атылған оқ
- Айтылмаған сөздің атасы өледі
- Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар
- Айырдан туған жампоз бар, нар емес десең нанғысыз, қарадан туған жігіт бар, ханға күнін салғысыз
- Айырылар дос ердің алдыңғы қасын сұрайды
- Айырылған ел тозады, қосылған ел озады
- Айырылма жұртым, үйіріңнен, айырылсаң үйіріңнен, қолың кетпес бүйіріңнен
- Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа
- Айырылмастай досыңа, қайырылмастай сөз айтпа
- Айырылысар дос ердің артқы қасын сұрайды
- Ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс
- Ақ жаулығы ананың - ақ көрпесі баланың
- Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит
- Ақ қар болса, ақ нан көп
- Ақ қар көп болса - ақ нан көп
- Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын!
- Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ
- Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ
- Ақ түйенің қарны жарылды
- Ақ шалаға көрінді - алыс емес су жақын
- Ақ шашты ана: «Жастығым - балам» дейді. Ақылды бала: «Ай-күнім - анам» дейді
- Ақиқат бар жерде жеңіс бар (Нақсыбек шешен)
- Ақкөңілден арамдық шықпас, арамдық шықса да жамандық шықпас
- Аққа құдай жақ
- Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды
- Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес. Айтулы ерге оқ тисе, қиналғанын білдірмес
- Аққу құстың төресі, жалғыз жатып оттамас қас жақсының белгісі қара сөзді жақтамас
- Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді, құйма құлаққа айтсаң, құйып алады
- Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер, құйма құлаққа айтсаң, құйып алар
- Ақпанда күн - ат адым ұзарады
- Ақпаса, су бұзылады
- Ақсақ қой ауыл қасында, ия құдық басында
- Ақсақ қой жатып семірер
- Ақсақ қой түстен кейін маңырайды
- Ақсақалды ауыл азбас
- Ақша ашпайтын құлып жоқ
- Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады
- Ақша қарда көп жүрсең, көзің бір күн қарығар. Ағайыннан шет жүрсең, көңілің бір күн тарығар
- Ақша қарда көп жүрсең, көзің бір күн қарығар. Алыс жерде көп жүрсең, көңілің бір тарығар
- Ақшаның көзі қызыл
- Ақшасыз базарға барғанша, кетпен алып мазарға бар
- Ақыл - адам көрігі, ақылдың сабыр - серігі
- Ақыл - Алланың сыйы
- Ақыл - ауыс, ырыс - жұғыс
- Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды. Жер - қазына, қазсаң да таусылмайды
- Ақыл - дария, ой - теңіз
- Ақыл - дария, ой - теңіз. Оқығанның бәрі жарық, оқымағанның беті шарық
- Ақыл - дос, ашу - дұшпан
- Ақыл - жас ұланнан, жүйрік - тай, құнаннан
- Ақыл - жастан, асыл - тастан
- Ақыл - тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен
- Ақыл азбайды, білім тозбайды
- Ақыл арымас, алтын шірімес
- Ақыл байлық - аз байлық, темір байлық - тозбас байлық, кен байлық - кең байлық
- Ақыл байлық - азбас байлық, темір байлық - тозбас байлық
- Ақыл ердің қорғаны
- Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер
- Ақыл өссе, ол түпсіз терең жақсылық сүймектікбірлән өсер
- Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста
- Ақылды адам айтқызбай біледі, ақ сұңқар қаққызбай іледі
- Ақылды адам айтқызбай біледі, ақсұңқар қаққызбай іледі
- Ақылды арын қорғайды, сараң малын қорғайды
- Ақылды басшы алдырмас
- Ақылды ердің ішінде, алтын ерлі ат жатар. Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар
- Ақылды көрші - төрің, ақымақ көрші - көрің
- Ақылды қария - ағып тұрған дария
- Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілігер
- Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілінер
- Ақылды қызға ана көп, аяулы жанға пана көп
- Ақылды мен ақылды, ақыл жәйін кеңесер; ақылсыз бен ақылсыз ақыл таппай егесер
- Ақылды шалалығын байқатпайды, оқыған балалығын байқатпайды
- Ақылдының айналасы - гүлстан
- Ақылсыз би болмас, сәулесіз үй болмас
- Ақылсыз достан - ақымақ дұшпан артық
- Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық
- Ақылы аздың - ашуы көп, таяз судың тасуы көп
- Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды
- Ақылың болса, арыңды сақта, ар, ұят керек әр уақытта
- Ақымақ басқа, адырайған көз бітер. Апандай ауызға, саудыраған сөз бітер
- Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ
- Ақымақ шынын айтамын деп сырын айтар
- Ақымақ ішкен-жегенін айтады, ақылды көрген-білгенін айтады
- Ақымаққа айтқан сөз ағып жатқан сумен тең. Ақылдыға айтқан сөз қолға ұстаған тумен тең
- Ақын - ұлттың жүрегі, шешен - көптің тірегі, батыр - көптің білегі
- Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік
- Ақырзамаң боларда әулие көбейеді
- Ақырын жүріп, анық бас
- Ақырын жүріп,анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға. Абай құнанбайұлы
- Ақырып хан болмайды, бақырып бай болмайды
- Ал ғаның жаман болса, көңілің жарым. Атың жаман болса, талар қарың
- Ала жылқы жоғалмас
- Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік
- Ала қалжың, ақтай күлкі
- Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды
- Алаған қолым - береген
- Алажағым кетсе де, айташағым кетпесін
- Алған жарың жаксы болса, айт пен тойың не керек!
- Алдамасаң базар жоқ
- Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым
- Алдыңа бір қарасаң, артыңа он қара
- Алдыңа келсе атаңның құнын кешір
- Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш
- Алдыңғы арбаның доңғалағы қайда жүрсе, соңғы арбаның доңғалағы сонда жүріеді
- Алдыңғы көш қайдан жүрсе, соңғы көш сонан жүрер
- Алжыған төбет айға қарап үреді
- Алқызыл гүл - жердің сәулеті, асыл жар - ердің дәулеті
- Алла асыраған пенде аш болмайды
- Алла білгенді молда білмес
- Алла деген зор болмас, ақтық жолы тар болмас
- Алмас қылыш - майданда серік, асыл сөз - майданда да, сайранда да серік
- Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура бол
- Алпыс күн тасыған су, алты күнде қайтар
- Алпыс күнде тасыған су, алты күнде қайтар
- Алпысқа келгенде, алты ағаң болсын. Жетпіске келгенде, жеті інің болсын
- Алпыстағы атаңды жыққанша, алтыдағы атанды жық
- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді
- Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас
- Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді
- Алты аласы, бес бересі жоқ
- Алты бақан, ала ауыз
- Алты бала таппай ана аталмайды, бес бала таппай белгілі әйел болмайды
- Алты күн аш болсаң да, атаңның әдетін тастама
- Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін шал ерке
- Алтыдағы бала атқа мінсе, алпыстағы ата алдынан шығар
- Алтыдағы бала ауылға келсе, алпыстағы ата келіп сәлем берер
- Алтын алма, алғыс ал, алғыс алтын емес пе
- Алтын алма, алғыс ал, алтын деген - жер сыйы, алғыс деген - ел сыйы
- Алтын алма, білім ал
- Алтын алсаң, санап ал
- Алтын базарында бағалы
- Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық
- Алтын ерің атқа тисе, алтынын ал да отқа жақ
- Алтын көрсе, періште жолдан таяды
- Алтын тапсаң, санап ал
- Алтын шыққан жерді белден қаз
- Алтынды ала білген бөле де біледі
- Алтынды тот баспайды
- Алтынның қолда барда қадірі жоқ
- Алуан - алуан жүйрік бар, өз әлінше шабады
- Алушы мал таныса, сатушыға не тұрыс
- Алып анадан туады, ат биеден туады
- Алып анадан туады, тұлпар биеден туады
- Алып ел дүрліккенде көрінеді, данышпан жай тірлік күнде көрінеді
- Алыс деп ауылыңа бармаймысың
- Алыс жол атты сынайды, ауыр жол ерді сынайды
- Алыс жүрсең де, жолмен жүр
- Алыс та жақын болар, жолын тапсаң, жақын да алыс болар, қолын қақсаң
- Алысар болсаң, шыныңды айт, табысар болсаң, сырыңды айт
- Алысқа қой барады, ұзатылған қыз барады
- Алыста жүрсе, кісінескен ағайын, жақында жүрсе, тістескен ағайын
- Алыстағы ағайыннан, алдыңдағы көрші артық
- Алыстағы ағайыннан, ауылы бірге көрші артық
- Алыстағы ағайыннан, қасыңдағы көрші артық
- Алыстағы дұшпаннан, аңдып жүрген дос жаман
- Алыстағы туыстан жаныңдағы көрші артық
- Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал келіп сәлем береді
- Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала
- Алысты жақындатар - ат, жақынды алыстатар - жат
- Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді
- Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым
- Аман ердің аты шығар
- Амандық ағадан
- Ана алақанының аясы - ақ шынардың саясы
- Ана алдында - құрмет, ата алдында - қызмет
- Ана жақсылығын, ауырсаң білерсің. Қайын жақсылығын, қыдырсаң білерсің
- Ана сүтін ақтамағанды, ешкім жақтамайды
- Ана тілің алпыс тілге татиды
- Аналы баланың өзі тоқ, анасыз баланың көзі тоқ
- Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс
- Ананың алды - ақ жайлау
- Ананың басқан жерінде пейіш бар
- Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада
- Ананың ойы ұяда, баланың ойы қияда
- Ананың сүйген жері: отқа күймейді, оқ та тимейді
- Ананың сүті - бал, баланың тілі - бал
- Ананың сүті -бал, барнидың балы-бал
- Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар
- Ананың ізін қыз басар, әкенің ізін ұл басар
- Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың
- Анасыз өмір - сөнген көмір
- Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш
- Анасын сүйгеннің баласын сүй
- Андалама, андызда оқ тиеді жалғызға
- Анығын айту адалдық, ала сөйлеу арамдық
- Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі
- Аңқау аңдамайды, әңгі таңдамайды
- Аңқау елге - арамза молда
- Аңшы қақпанды қаққанын айтар, саудагер базарда тапқанын айтар
- Апасының киген тонын сіңлісі де киер
- Арақ -адамды аздырар, темекі-өміріңді қысқартар
- Арам жеген құстырар
- Арам жесең, тойғаныңша же, ұрлық қылсаң, өлгенше қыл
- Арамза бұқа ұрғашы бұзаудың жанында ұйықтайды
- Арамзаның арқанымен құдыққа түспе
- Арамзаның құйрығы бір - ақ тұтам
- Арамнан алған түйеден, адалдан алған ешкі жақсы
- Арамның ісі өрге баспайды, өрге басса да, өрден аспайды
- Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, соңғысы сонда жүрер
- Арбасының дөңгелегін майламаса, арбакештің шайы қайнамайды
- Арғымақ аттың баласы, аз оттап, көп жусайды. Хан, төренің баласы, аз сөйлеп, көп тыңдайды
- Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл
- Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл, асыл мінез азамат, әрі төре, әрі құл
- Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл, қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл
- Арғымаққа оқ тисе, мәстектей туламас. Сыпайыға оқ тисе, жамандардай жыламас
- Арғын - адыр, қыпшақ - шадыр
- Ардагер аға алдында тұрсын, әдепті іні артында тұрсын
- Арзан алдайды
- Арзан болса, алушыдан ынсап кетеді. Қымбат болса, сатушыдан ынсап кетеді
- Арзан менен қымбаттың, базар берер нарқы бар. Жақсы менен жаманның, адам берер парқы бар
- Арзанның сорпасы (жілігі) татымайды
- Арзанның сорпасы татымас
- Арқандалған ат қазығына оралар
- Арқанды ат қазығына оралар
- Арқар - құлжасымен, өзен - жылғасымен
- Арман - адамға қанат
- Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ
- Арпа ішінде бір бидай
- Арпа, бидай - ас екен, алтын, күміс - тас екен
- Артар атан, нардан туады
- Арттағыны қозғау - ағалық, алдағыны болжау - даналық
- Артында бар оңалар, арық түйе қом алар
- Аруақ аттаған оңбайды
- Ары таза, нар жүгін көтереді
- Арық айтып, семіз шық
- Арық атқа қамшы ауыр
- Арық атқа қамшы ауыр, жыртық үйге тамшы ауыр
- Арық атқа қамшы жау, жыртық үйге тамшы жау
- Арық бар жерде су бар, су бар жерде ну бар
- Арық қазбасаң су келмейді
- Арық қазған - су ішер, араздасқан - у ішер
- Арық қой - тырысқақ, аш адам - ұрысқақ
- Арық қой - тырысқақ, ашадам - ұрысқақ
- Арық малды асырасаң аузы-мұрның май болар, жаман адамды асырасаң аузы-мұрның қан болар
- Арық малды асырасаң аузы-мұрныңды май етер. Арам адамды асырасаң аузы-мұрныңды қан етер
- Арық сөйлеп, семіз шық
- Арықпенен семіздің бауыры бірдей, жақсыменен жаманның жаны бірдей
- Арыстан күшігін тістеп сүйеді
- Арыстан қартайса, тышқан інін аңдиды
- Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі
- Ас - адамның арқауы
- Ас - елдің құты
- Ас - тамағым, тыныш - құлағым
- Ас астың орны басқа
- Ас бар күнде дос жалықпас. Дос сүйгеннің түсіне қарама
- Ас біреудікі болғанмен қарын өзіңдікі
- Ас иесімен тәтті
- Ас иесімен тәтті, табағымен жақсы
- Ас иесінің әлі біледі, асатуды қолы біледі
- Ас та төк
- Ас тұрган жерде ауру болмайды
- Ас тұрған жерде ауру тұрмайды
- Ас тұрған жерде дерт тұрмайды
- Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің
- Ас ішсең, атауыңдай іш, ауырсаң, мұрттай ұш
- Асабасы жоқ асқа жарымайды, қасабасы жоқ басқа жарымайды
- Асарын асап, жасарын жасаған
- Асқа барсаң - аш бар, тойға барсаң - тоқ бар, той қызығы - көкпар
- Асқа барсаң, аш бар, тойға барсаң, тоқ бар
- Асқа талау түссе, антұрғанның мұратын береді
- Асқанға аспан да аласа
- Асқар таудай алып бол, әппақ күндей жарық бол
- Асқар таудың айбыны қарыменен (Орынбай ақын)
- Асқар таудың басына балапан ұшып шыға алмас (Абыл)
- Аспанда тіреу жоқ, жерде белдеу жоқ
- Аспандағы бұлтқа қарама, жердегі жұртқа қара
- Аста тұз тәтті, адамда дос тәтті
- Асты қорлама құстырар, ерді қорлама тыштырар
- Астың дәмі - тұз
- Астың дәмін келтірген тұз әулие елдің сәнін келтірген қыз әулие. Көріксіз қыз тұзсыз нанмен тең
- Астың дәмін келтірер түз емес пе, елмен жерді қосатын қыз емес пе
- Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін қыз келтірер
- Асу бермес асқар жоқ
- Асы бар аяқ әдемі
- Асы бар аяқтан аттама
- Асы жоқ алтын аяқты, алтынын ал да, отқа жақ
- Асы жоқ алтын аяқтың, алтынын ал да отқа жақ
- Асы жоқ үйге ит те кірмейді
- Асығыс түбі - өкініш
- Асығыс іске әзәзіл араласар
- Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар. Бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар
- Асыққан жолаушы атына теріс мінер
- Асыққан жолаушы, атына теріс мінеді
- Асыққан қалар ұятқа, сарғайған жетер мұратқа
- Асыққанның аяғы етегіне оралады
- Асықпаған арбамен қоян алады
- Асықпаған арбамен қоян жетеді
- Асықтың етін аштан өлсең де жеме, тобықтың етін, тойып отырсаң да тастама
- Асыл аға, алғыр іні
- Асыл әйел - әрі еркек, әрі қатын
- Асыл сөзге өлім жоқ
- Асылдың бірі - адалдық
- Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз
- Асыранды күшік аузыңды жалайды
- Асырын асаған, жасырын жасаған
- Ат - адамның қанаты, ас - адамның қуаты
- Ат - ердің қанаты. Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар
- Ат айлығын ойлайды, түйе жылдығын ойлайды, есек аяғының астын ойлайды
- Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар
- Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас, қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас
- Ат арқасына ер батса, аяңшыл келеді. Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл келеді
- Ат аунаған жерде түк қалады
- Ат аяғынан семірер, адам құлағынан семірер
- Ат басына күн туса, ауыздығымен су ішер. Ер басына күн туса, етігімен су кешер
- Ат бегі - аттыңтұяғына қарар құс бегі - құстың қияғына қарар
- Ат болар құлынның артқы аяғы талтақ келер
- Ат болар тай саяққа үйір, адам болар бала қонаққа үйір
- Ат болатын құлынның, бауыры жазық келер. Адам болар баланың, маңдайы жазық келер
- Ат болатын құлынның, мүшесінен белгілі
- Ат болатын тай саяққа үйір, адам болатын бала қонаққа үйір
- Ат жақсысын мақта, адам жақсысын жақта
- Ат жаманы жолда қалдырар, жолдас жаманы қолда қалдырар
- Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады
- Ат қадірін білмесең, жаяушылық берсін жазаңды. Ас қадірін білмесең, ашаршылық берсін жазаңды
- Ат қартайса - ұрыншақ, ер қартайса - жаңылшақ
- Ат қартайса жасқаншақ болады, ер қартайса, мақтаншақ болады
- Ат қартайса, есекпен достасады, адам қартайса, төсекпен достасады
- Ат қартайса, есекпен достасады, ер қартайса, төсекпен достасады
- Ат қартайса, ұрыншақ болады, ер қартайса, ұмытшақ болады
- Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай; ер өнері білінбес, қоян-қолтық алыспай
- Ат сұраған қорлық емес, ер-тоқым сұраған қорлық
- Ат сүрінбей жер танымас
- Ат сыны - біреу, ер сыны - мың
- Ат тұяғын тай басар
- Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар
- Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар, ер үйрін сағынса, айыл-тұрман тағынар
- Ат шаппайды, бақ шабады, бақ шаппайды, бап шабады
- Ата - анадан жар жақын
- Ата - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ
- Ата - балаға сыншы
- Ата - баланың қорғаны
- Ата - бәйтерек, бала - жапырақ
- Ата даңқымен қыз өтер, мата даңқымен бөз өтер
- Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер
- Ата өнері - балаға мұра
- Ата үйі - алтын бесік, кірсем-шықсам, сипалар
- Ата-анаға көз қуаныш алдына алған еркесі (Абай)
- Ата-ананың ақылы сайрап жатқан жолмен тең. Ақылдының ақылы, сарқылмайтын көлмен тең
- Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін, жалалы болғанда білерсің
- Ата-анаңның кадірін балалы болсаң білерсің
- Атаға баланың алалығы жоқ
- Атадан - өсиет, анадан - қасиет
- Атадан алтау тусаң да, басыңа түсер бір жалғыздық
- Атадан жақсы ұл туса, елдің қамын жейді; атадан жаман ұл туса, елдің малын жейді
- Атадан мал қалғанша,тал қалсын
- Атадан ұл қалса - өзі қалғаны, қыз қалса - ізі қалғаны
- Аталар сөзі - ақылдың көзі
- Аталастан ауылдас жақын
- Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын
- Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын. Қарға тамырды қазақпыз. Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз
- Аталмаған жая таңдар
- Аталы баланың өзі тойған, жетім баланың көзі тойған
- Аталы жетім - арсыз жетім, аналы жетім - ерке жетім
- Аталыдан би қойсаң адаспас жол мен жобадан. Атасыздан би қойсаң босамас аузы парадан (Бұқар жырау)
- Атамекен туған жер кір-қоңыңды жуған жер. Кіндігіңді кескен жер, кісі болып өскен жер
- Атамыз - алаш, керегеміз - ағаш
- Атан түйе ойнақтаса, жұт болар
- Атаным сай, атым сай, қашсам жаудан кетермін, кетпенім сай, шотым сай, қазсам суға жетермін
- Атаның көңілі балада, баланың көңілі далада
- Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді
- Атар таңға жүрсең де, батар күнге жүрме
- Атасы жақсы, көргенін айтады, атасы жаман, бергенін айтады
- Атасы жаман алғанын жамандайды, туысы жаман туғанын жамандайды
- Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас
- Атасыз үй - батасыз, анасыз үй - панасыз
- Атқанның құсын жатқан байланар
- Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады
- Аттанып барып жылқы алған, ат үстінде ұйқы алған
- Атты батыр атсыз жатыр
- Атты қамшымен айдама, жеммен айда
- Аттыға еріп, жаяудың таңы айырылыпты
- Аттының несібесі - алтау, жаяудың несібесі - жалқы
- Аттың жалында, атанның қомында
- Аттың сыры иесіне мәлім, қыздың сыры төркініне мәлім
- Аты жаманның арманы кетер, баласы жаманның дәрмені кетер
- Аты, тоны бар кісі жиын, тойға барысар; ұлы, қызы бар кісі, құдалыққа барысар
- Аты, тоны сай кісі, жиын, тойға барысар, ұлы, қызы бар кісі, құдалыққа барысар
- Атың барда - жер таны желіп жүріп, асың барда - ел таны беріп жүріп
- Атың барда жер таны, асың барда ел таны
- Атың жақсы болса - қанатың, ағайын жақсы болса - санатың
- Атың жақсы болса, бүл дүниенің пырағы, қатының жақсы болса, бұл дүниенің шырағы
- Атың жаман болса, қарың кетер. Балаң жаман болса. Арың кетер
- Атың шықпаса, жер өрте
- Аударыспақ ойнаса, аздың арты қылпылдар. Бөрік алыспақ ойнаса, таздың арты қылпылдар
- Аузы күйген - үрлеп ішер
- Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін
- Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін
- Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін
- Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады
- Аузын қу шөппен сүрткен
- Аузына ақ ит кіріп, қара ит шығады
- Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен
- Аузында әзілі жоқтың қолында шоқпары бар
- Аузында әзілі жоқтың, қолында шоқпары болар
- Ауласы бірдің ауасы бір
- Ауру - азығымен
- Ауру - астан
- Ауру - астан, дау - қарындастан
- Ауру аздырады, суық тоңдырады
- Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады
- Ауру желмен кіріп, термен шығады
- Ауру жүйкені бұзады, жүйке ұйқыны бұзады
- Ауру кірді - әлек кірді
- Ауру кісі күлкі сүймес, ауыр жүкті жылқы сүймес
- Ауру қалса да, әдет қалмайды
- Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі
- Аурудың алдын ал
- Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ
- Ауруын жасырған ажалсыз өледі, қиянаттан қорыққан амалсыз көнеді
- Ауруын жасырған өледі
- Ауыз ашса, сыр көрінеді, есік ашса төр көрінеді
- Ауызы қисық болса да байдың ұлы сөйлесін
- Ауыл аймағымен, бота тайлағымен
- Ауыл аралас, қой қоралас
- Ауыл болса - қауым бол
- Ауыл болсаң - қауым бол
- Ауыл болсаң, қауым бол, көрші болсаң, тату бол
- Ауыл иті ала болса да бөрі келгеңде бірігеді
- Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді
- Ауыл итінің достығы сүйек тастағанша
- Ауыл итінің құйрығы да қайқы
- Ауыл итінің құйрығы қайқы
- Ауыл көркі - тал, дала көркі - мал
- Ауыл қарайлас, шаруа орайлас
- Ауыл малы бұралқы ақылы жоқ жаманға (Шортанбай)
- Ауыл толы есектен, арық та болса ат жақсы
- Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі - тірлік
- Ауылға айтсаң - асар, көршіге айтсаң - қосар
- Ауылға барсаң қона бар, қамысты көлде сона бар
- Ауылға жақындағанда ит озады
- Ауылда лақ туылса адырдың шөбі көгереді
- Ауылдан қырық қадам шыққасын азамат мусәпір
- Ауылдан шыкқан күні байға қонба, сайға қон: бай пәле болады, сай пана болады
- Ауылдас, ауылдаспен қауымдас
- Ауылдастың анты бір
- Ауылдастың ауызы сасық
- Ауылдасың жақсы болса ағайының не керек. Алғаның жақсы болса айтың, тойың не керек
- Ауылдасың жақсы болса, ағайының не керек? Алған жарың жақсы болса, айтың-тойың не керек?
- Ауылдың жақсылығы жолынан білінер
- Ауылы араластың койы қоралас
- Ауылы басқа алдырмас, ауылың сені қалдырмас
- Ауылы бүтінді аман де, елі бүтіңді есен де
- Ауылы бірдің - аузы бір
- Ауылы бірдің - ауызы бір
- Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас
- Ауылын көріп азаматын таны
- Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең
- Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең. Ауыл сыртында төбе болса, ерттеп қойған атпен тең
- Ауыр жолдың азабы, отбасының өнегесі - отан өнегесі
- Ауырмаса өзгеге сұқ
- Ауырсаң айран іш, сіңірің түйілсе сүт іш
- Ауырып тұрдым - аунап тұрдым
- Ауырып тұрдың, аунап тұрдың
- Ауырып, жазылған жан олжа, жоғалып, табылған мал олжа
- Аш адам ұрысқақ, ақсақ қой тырысқақ
- Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды
- Аш иттің артын сұқ ит жалайды
- Аш иттің құйрығын сұқ ит жалайды
- Аш кісі - ұрысқақ, ауру кісі - тырысқақ
- Аш құлақтан - тыныш құлақ
- Аш тамағым, тыныш құлағым
- Аш тауықтың түсіне тары кіреді
- Ашаршылықта ашқарақ алдымен өледі
- Ашаршылықты көп көрген өзі тоймай «Мә!» демес. Жетімдікті көп көрген үш шақырмай «Ә!» демес
- Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді
- Аштың ақылы астан әрі аспайды
- Аштың көңілі ақ ұнда, тоқтың көңілі сағымда
- Ашу - ақылдың дұшпаны, нәпсі - иманның дұпшаны
- Ашу асып жүрген жерде, ақыл қашып жүреді
- Ашуың келсе - қолың тарт, айтпас жерде - тілің тарт
- Ашуың келсе, қолыңды тарт, айтпас жерде тіліңді тарт
- Ашық қызға болады жігіт ғашық
- Ашыққаннан, құныққан жаман
- Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар
- Ашынған тілді, ашыққан ұры болады
- Ашынғанның тілі ащы
- Ащы мен тұщыны татқан біледі, алыс пен жақынды жортқан біледі
- Ащы сұраққа тұщы жауап күтпе
- Аюға әліп үйреткен таяқ
- Аюға бас үйреткен - таяқ, молдаға намаз үйреткен - тамақ
- Аяғы жаман төрді былғайды, ауызы жаман елді былғайды
- Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл
- Аяз би әліңді,құмырсқа жолыңды біл
- Аяқ киіммен төрге шығу - үй иесін менсінбеу
- Аяқкиімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?
- Аянбаған жауды алар абайлаған дауды алар